"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Апат айтып келмейді

22.02.2024
Апат айтып келмейді
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Жиынға облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Нұржан Әбдікәрімов, Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков, облыстық ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов пен партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Айтолқын САМАТОВА,
«Semeı tańy»
Жиынның күн тәртібіне су тасқынына дайындық, сондай-ақ барлық гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін тексеру және әзірлігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков су басу қаупі бар аймақтарда 38 елді мекен орналасқанын айтты. Оларда 2775 тұрғын үй, 10 мыңға жуық халық бар. Оның ішінде 5 елді мекенді су басу қаупі жойылса, 25 елді мекенде барынша азайтылған.
— Ауа райы нашарласа, 8 елді мекенде су басу қаупі сақталады. Олар Бесқарағай ауданының Грачи, Стеклянка, Белокаменка, Черемушки, Бірлік, Қарабас ауылдары, Бородулиха ауданының Речное ауылы және Ақсуат ауданындағы Ұлан елді мекені. Бұл елді мекендердің барлығы Ертіс пен Уба өзендерінің бойында орналасқан. «Казгидромет» РМК филиалының деректеріне сүйенсек, үш ауданда топырақтың 100 сантиметрден терең қатуы байқалады: Бородулиха ауданында — 106 см, Абай ауданында — 120 см, Бесқарағай ауданында — 133 см. Облыстың өзге өңірлерінде бұл көрсеткіш 34-63 см аралығында. Топырақ жамылғысының терең қатуына байланысты, еріген қар су жерге сіңе алмай, су жоғары қабатқа шығады,- деді Д.Гариков.
Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, биыл облыста су тасқынының қаупі жоғары. Себебі өткен жылмен салыстырғанда топырақтың қату көрсеткіші терең. Сонымен қатар 20 жылда алғаш рет биыл Ертіс өзенінде мұз өте жай қатқан. «Казгидромет» РМК филиалының болжауынша, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында 2023 жылдың қараша және 2024 жылдың наурыз айлары аралығы суық және жауын-шашын аз болды, ал екінші жарты жылдық жылы және жауын-шашынды болады деп болжануда
— Біз ықтимал су тасқынына қызу дайындық жүргізіп жатырмыз, өйткені осы жылы алаңдауға негіз боларлық бірнеше көрсеткіштер бар. Күз жауын-шашынды болып, кейін бірден аяз түсті. Салдарынан топырақтың қату көрсеткіші жоғары. Су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлар қызметкерлері мен облыс тұрғындары үшін жағдайды қиындататын факторлардың бірі – мұздың кеш қатуы. Биыл 20 жылда алғаш рет Ертіс өзенінде мұздың қатуы өте жай болды. Облыстағы аудандар алдағы қиын кезеңге дайын емес. Әлсіз тұстарды анықтау мақсатында оқыту мен тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 2018 жылы суды ескертусіз ағызып жіберген Шүлбі су электр станциясына қатысты жағдай енді қайталанбайды деп ойлаймын. Су электр станциясы күнделікті су жіберу кестесін береді, бұл менің жеке бақылауымда. Көктемде жарылыс жұмыстарын жүргізген кезде судың бөлінуін арттыру жоспары 3200 текше метрге жетеді. Биыл Семей қаласы, Бесқарағай және Бородулиха аудандарында жарылыс жұмыстары жоспарлануда, – деді Димитрий Гариков.
Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Манарбек Шапағатовтың айтуынша, «Қазгидромет» РМК Абай облысында су тасқынының қаупі жоғары деп бағалаған.
Жиынға қатысушылар мен партияның бақылау комиссиясының мүшелері облыста табиғи апаттың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде өзара пікір алмасты.
Отырысқа онлайн режімде қосылған Ақсуат аудандық партия филиалының төрағасы Е.Құттыбаев өңірдегі көктемгі су тасқынына дайындық шаралары жайлы баяндады.
Партиялық бақылау комиссиясының аталған мәселеге байланысты кезекті отырысы наурыз айында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

40 минут бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

59 минут бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

24 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

24 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

24 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

24 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС