"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Белгілі актердің қарындасы ағасына донор болу үшін 50 келі салмақ тастаған

22.02.2024
Белгілі актердің қарындасы ағасына донор болу үшін 50 келі салмақ тастаған
1.3k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жанар Райханқызы бауырына бір бүйрегін беру үшін 4 жыл бойы салмақ тастауға мәжбүр болған.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Тамаша» театры арқылы көпшілікке танымал болған Асылбек Боранбай да інісіне донор болғысы келгенімен, қан тобы сәйкес шықпаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жанар Райханқызы Қызылорда облысы, Арал ауданындағы №64 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 2019 жылы ағасы Әділбек Боранбаевтың денсаулығынан кінәрат табылғанда-ақ, бір бүйрегін беруге шешім қабылдаған.

— Үлкен ағам Асылбек Боранбаев – елге танымал әртіс. Одан кейін менімен тетелес ағам – Әділбек Боранбаев. Мен – үйдің кенжесімін. Екінші ағамның басына ауыр сынақ тап болып, бәрімізді алаңдатты. Дәрігерлердің «науқастың күн сайын бүйрегі солып, жағдайы нашарлауда» деген сөзі «ағаңыздың санаулы күндері ғана қалды» дегендей естілетін. Қатты қорықтым. Алғашында үлкен ағам Асылбек қан тапсырып, бір бүйрегін беруге бел байлаған. Алайда қан тобы сәйкес келмеді. Ал менің қан сараптамам сәйкес келгенімен, артық салмағым ота жасауға кедергі келтірді. Сол сәттен бастап мен өзіме «қалайда арықтап, бауырымды өлім аузынан құтқарамын» деп мақсат қойдым. Жаттығу залында қаншама күндерім, айларым тіпті жылдарым өтті. Бірнеше рет дәрігерге барып көрінгенімде еститінім бір жауап еді «жарамайсыз, әлі де толықсыз». Бірақ мен берілмедім, соңына дейін күрестім, — дейді ол.

Белгілі актердің қарындасы ағасына донор болу үшін 50 келі салмақ тастаған Белгілі актердің қарындасы ағасына донор болу үшін 50 келі салмақ тастаған

Кейіпкеріміз 4 жылдан аса уақытта 50 келіден ары салмақ тастағанын айтады. Бәрі де – бауыры үшін жасаған жанкешті әрекеті.

 

— Әне-міне дегенше 4 жыл өтіп кетіпті. Әділбектің жағдайы одан сайын нашарлай түсті. Түрі кетіп, қу сүйегі ғана қалды. Әр барған сайын ағамның бейнесін көріп, жылап алатынмын. Бірақ дәл сол кездер мені қатты қамшылады. 4 жыл бұрын арықтап, ағамды құтқарамын деген мақсатымды көз ұзамай орындаймын деп өзіме серт бердім. Апталап нәр татпай, күніне екі мезгіл жаттығу залына барып тер төктім. Жақындарымның «болды енді, өзіңді қинай берме, ешнәрсе шықпайды» деген сөздері де маған ерекше мотивация болды. Анамда «балаларыңды ойла, өзіңді ойла» деді. Бірақ мен берілмедім. Соңына дейін күресіп, 50 келіден ары салмақ тастадым, — деп толықтырды сөзін.

Жанар Райханқызы артық салмақты тастау арқылы ағасына ғана емес, өзіне де көмектесті деуге болады. Ағасы Әділбек екеуінің қан сараптамасына дәрігерлердің өзі таңданысын білдіріпті.

 

— Бір ай бұрын дәрігерлер ота жасауға келісім берді. Тіпті, таңданыстарын жасырмады. Өйткені, ағам екеуміздің қан сараптамамыз 99,9 пайыз бірдей болып шықты. Сол кездегі қуанышымды көрсеңіз ғой. Өзімді өмірде менен бақытты жан жоқ жоқтай сезіндім. Шүкір, барлығы сәтті өтті. Отадан соң екеуміз бір палатада жаттық. Оянып, бір-бірімізге қарай береміз. Ағам сонда қолымды қысып тұрып «Рақмет, саған бауырым!» деп алғаусыз алғысын білдірді, — деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19.08.2026
Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

1 час бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

2 часа бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

4 часа бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

4 часа бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

4 часа бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

4 часа бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС