Бұл туралы Абай облысының білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев мәлімдеді.
— Семей қаласында «KAZ Minerals Demeu» корпоративтік қорының қолдауымен жаңа құрылыс ауданындағы мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бүгінде жұмыс барысы 96% — ға орындалды және осы ауданның балаларын оқу жылынан бастап мектепке қабылдай бастайды , — деп атап өтті басқарма басшысы.
Спикердің айтуынша, ағымдағы жылы Семей қаласының Водный кенті, Қарағайлы шағын ауданы, Аягөз және Ақсуат аудандарында мектептер құрылысын аяқтау жоспарлануда.
— Қарағайлы шағын ауданында 1200 орындық жалпы білім беретін мектептің құрылысы жүруде. Оқу жылының екінші тоқсанында оқушылар жаңа мектепке бара алады деп жоспарлап отырмыз, — деп толықтырды Нұржан Ахметқалиев.