"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында халықты жайлы баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда

16.01.2025
Абай облысында халықты жайлы баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2024 жылы Абай облысында 364 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштің 100,1% құрап, жүздеген отбасыларға жаңа баспаналы болуға мүмкіндік берді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін пәтерлерге ерекше назар аударылды. Жалпы ауданы 79,5 мың шаршы метр болатын 1070 пәтер сатып алынды. 2024 жылы кезекте тұрған 848 адам баспанамен қамтамасыз етілді. Олардың ішінде жетім балалар – 155, халықтың әлеуметтік осал топтары – 307, көп балалы отбасылар – 225, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 91, жалғыз баспанасы апатты тұрғын үй деп танылған ҚР азаматтары – 70.

«Облыс биыл да кредиттік тұрғын үй құрылысын белсенді түрде жалғастыруды жоспарлап отыр. Көпқабатты үйлер де, жеке үйлер де салынады. Семей және Аягөз қалаларында жалпы ауданы 54,6 мың шаршы метрді құрайтын 14 жаңа үйдің құрылысы жүргізілуде. Алдағы уақытта тағы көпқабатты 6 үйдің құрылыс жұмыстары басталады. Бұл көптеген отбасыларға тиімді шарттармен жеке баспана сатып алуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, облыста тұрғын үйге сұраныс жоғары. Бүгінде облыста тұрғын үй кезегінде 19 850 адам тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 365 адамға артық.

Қолжетімді баспанамен қамтамасыз етудегі негізгі шаралардың бірі «Отбасы Банк» АҚ арқылы бағдарламаларды жүзеге асыру. Қазір үш негізгі бағдарлама ұсынылуда: несие мерзімі 19 жылға дейінгі «Наурыз», сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9% – ға дейінгі «Отау», сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберіндегі бағдарлама халықтың әлеуметтік осал топтары үшін – 2%, қалған кезекте тұрғандар үшін – 5%. Жалпы, өткен жылы 1695-тен астам адам түрлі ипотекалық бағдарламаларды пайдалана отырып, жаңа пәтерлер мен үйлерге көшкен.

«Семей қаласы әкімдігі мен Отбасы банкі бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Абай жастары» өңірлік бағдарламасына ерекше назар аударуға болады. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – білікті жұмысшыларға жеке баспана сатып алу мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету, сол арқылы жалдау ақысын төлеу қажеттілігін болдырмау. Бағдарлама аясында 2024 жылы облыстың жұмысшы жастары арасынан 19 отбасы баспаналы болды. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жастар бағдарламасы Аягөз ауданында да жүзеге асып жатыр», — деп қосты облыс әкімінің орынбасары.

Барлық санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары 2025 жылы да жалғасын табады.

Ұқсас жаңалықтар

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

Жаңа мүмкіндіктер: Абай облысында мерзімді әскери қызмет қалай өзгерді

09.09.2026
Жаңа мүмкіндіктер: Абай облысында мерзімді әскери қызмет қалай өзгерді

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Желтоқсан айының соңына дейін Қарулы күштерге, Ұлттық ұланға, ҰҚК Шекара қызметіне және басқа да...

Толығырақ...Details

Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

08.09.2026
Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

Бүгін Семей қаласындағы ҚР Мемлекеттік рәміздер алаңында «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» жобасы аясында мерзімді әскери қызметке шақырылған...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

17 часов бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

17 часов бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

17 часов бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

23 часа бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

23 часа бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

23 часа бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

2 дня бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

2 дня бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

2 дня бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС