"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Шығыс» әскери полигонында зымыран әскерінің оқу-жаттығулары өтті

11.03.2025
«Шығыс» әскери полигонында зымыран әскерінің оқу-жаттығулары өтті
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай гарнизонында орналасқан 36803 әскери бөлімінің жеке құрамы «Шығыс» түраралық полигонында жауынгерлік шеберліктерін шыңдады. Тактикалық оқу-жаттығуларына мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздар да қатысты.

Осылайша, әскерилер жауынгерлік даярлықтарын штатты қарулардан атуда және атысты басқаруды ұйымдастыруда өздерінің тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.

Тактикалық оқу-жаттығуына дайындалу алдын ала жүзеге асырылды. Жеке құрам қауіпсіздік шараларын, атуды орындау тәртібін зерделеді, оқ-дәрілерді салу бойынша нормативтерді орындады, бөлімшені және зымыран жүйесін жауынгерлік жағдайға көшіру бойынша жаттығуларды іске асырды. Кейін «Смерч» дүркіндетіп ату реактивті жүйесімен шартты жауды білдіретін нысаналарға оқ жаудырды.

«Смерч» дүркіндетіп ату реактивті жүйелері арқылы атылған зымыран ұзақтығы 90 шақырымға дейін жетеді. Бір қондырғыда зымырандарға арналған 12 бағыттаушы бар және оқ ату қуатына ие. Бір атыспен «Смерч» 280 гектар болатын аумақты талқандай алады.

36803 әскери бөлімінің батарея командирі лейтенант Бекболат Ахмедияровтың айтуынша, 36803 әскери бөлімінің зымыраншылары қатысқан тактикалық оқу-жаттығулары жоғары деңгейде өткізілді.

— Жаттығу барысында сарбаздар жауынгерлік машинаны қолдануды, белгіленген нысананы дұрыс көздеу сынды оқу сұрақтары қарастырылып, алған теориялық білімдерін іс жүзінде іске асырды. Осындай тәжірибелік атулар өзінің жауынгерлік техникасының күш қуатын сезінуге мүмкіндік береді. Сарбаздар техниканың тактикалық сипаттамаларын біліп, оларды барынша пайдалана білгенде ғана ұрыс алаңында жеңіске жетуге болады, — дейді лейтенант Бекболат Ахмедияров.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Семейден Ақтауға аттанды

03.04.2025
Семейден Ақтауға аттанды

Семейдің әскерге шақырылушы жастары Ақтау қаласының әскери теңіз күштерінің әскери бөлімдеріне қызмет етуге аттанды. №10 жалпы білім беретін орта мектебінде...

Толығырақ...Details

«Алау» әскери-спорттық ойыны үздіктерді жинады

01.04.2025
«Алау» әскери-спорттық ойыны үздіктерді жинады

Абай облысының Шүлбі кентінде «Алау» әскери-спорттық ойынының облыстық іріктеу финалы өтті. Әскери-спорттық ойынның финалына 70 астам мектеп оқушылары жиналып, өз...

Толығырақ...Details

Отан шекарасын қорғаушыларға «Көктем-2025» жылы салтанатты шығарып салу

07.03.2025
Отан шекарасын қорғаушыларға «Көктем-2025» жылы салтанатты шығарып салу

Абай облысының Семей қаласындағы облыстық жиын пунктінде "Көктем-2025" жылы Қазақстан Республикасының Шекара қызметіне мерзімді әскери қызметке аттанушыларды салтанатты түрде шығарып...

Толығырақ...Details

АБАЙ ГАРНИЗОНЫ ЖАС САРБАЗДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

28.04.2023
АБАЙ ГАРНИЗОНЫ ЖАС САРБАЗДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының жас сарбаздары Абай гарнизонына қарасты 30217  әскери бөліміне шақырылды. Әскери...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

5 часов бұрын

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

5 часов бұрын

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

5 часов бұрын

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

5 часов бұрын

Нағыз инклюзивті сайлау – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Құрылтай сайлауына оң баға берді

5 часов бұрын

Армениядан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау барысын жоғары бағалады

5 часов бұрын

«Адамдар үлкен ықыласпен келіп жатыр» – ҰҚШҰ байқаушылары Құрылтай сайлауындағы дауыс беру барысы туралы пікір білдірді

5 часов бұрын

99 жастағы кейуана дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті

5 часов бұрын

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауына зор қызығушылық танытуда – Грузияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

5 часов бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

12 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС