"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Президент: Құрылтайдың Амал мерекесімен қатар өтуі жақсылықтың нышаны

14.03.2025
Президент: Құрылтайдың Амал мерекесімен қатар өтуі жақсылықтың нышаны
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

14 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды.

Алдымен Мемлекет басшысы жиналғандарды Амал мерекесімен құттықтады.

«Ең алдымен бүгін Амал күні баршаңызға құтты болсын дегім келеді. Қыстан аман-есен шығып, ағайын-бауырмен көрісу – ежелден келе жатқан ата дәстүріміз. Бұл күн – Әз-Наурыздың бастауы. Еліміздің төл мерекесі биыл да қасиетті Ораза айына орайлас келіп отыр. Қастерлі мейрамдарымыз халқымызды игі амалдар жасауға үндейді. Асыл қасиеттерімізді кеңінен дәріптейді. Құрылтайдың ұлық мерекелермен қатар өтіп жатқаны – жақсылықтың нышаны»,- деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірнеше жыл бұрын алғаш рет Ұлттық құрылтай туралы бастама көтергені туралы тоқталды.

«Осыдан үш жыл бұрын наурыз айында арнайы Жолдау жарияладым, оны білесіздер. Елімізді түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформа жасайтынымызды айттым. Сол кезде алғаш рет Ұлттық құрылтай туралы бастама көтердім. Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды. Саяси реформалар жан-жақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға түзетулер енгізілді. Парламенттің құзыры кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Адам құқықтарын қорғау жүйесі жақсарды. Конституциялық сот құрылды. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың белсене қатысуына жол ашылды. Басқа да бағыттарда маңызды реформалар жасалды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиында Президент кейінгі үш жылда жергілікті биліктің түбегейлі жаңғырғанын атап өтті.

«Жергілікті билік түбегейлі жаңғыртылды. Үш жылдан астам уақыт ішінде ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарды. Оның үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар. Бір сөзбен айтсақ, аймақтардағы атқарушы билікке жаңа адамдар келіп жатыр.
Пилоттық жоба ретінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімі сайланды. Биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайтын болады. Түрлі деңгейдегі мәслихат сайлауы өкілді билік органдарының жұмысына тың серпін берді. Облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының 90 пайызы бір мандатты округтен, яғни тікелей дауыс беру арқылы сайланды. Билік жүйесінде мұндай ауқымды өзгеріс бұрын-соңды болмады», деді Президент.

Мемлекет басшысы ел ішіндегі оң өзгерістерге Ұлттық құрылтай мүшелері де елеулі үлес қосып жатқанына назар аударды.

«Ел ішіндегі өзгерістерге Ұлттық құрылтай мүшелері де орасан зор үлес қосты. Жұртымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, игі істерге жұмылдырды. Алқалы жиын алғашқы күннен бастап жалпыхалықтық жаңғырудың символына айналды. Қоғамдық диалогтың жаңа үлгісі қалыптасты. Өзара түсіністік пен құрмет бар жерде келісім болады. Құрылтайдың түпкі мақсаты да – осы»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қажет — Мемлекет басшысы

14.03.2025
Қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қажет — Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жастар арасында қазақтың болмысына жат діни ағымдардың күшейіп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. «Мәжіліс депутаты...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бесқарағайда ауылдық медицина күшейді: Қарағайлыда амбулатория, Башкөлде медпункт ашылды

13 минут бұрын

Абай делегациясы Түркістандағы кооперация мүмкіндіктерін қарастырды

4 часа бұрын

Абай өңірі ұстаздары Жолдаудағы білім басымдықтарын іске асыруды пысықтады

4 часа бұрын

Өскемен прокуроры уақытша қызметінен шеттетілді

4 часа бұрын

Абай облысында 408 шақырым жол жөнделеді

20 часов бұрын

Абай облысында 32 бағыт бойынша 200 өңірлік грант тағайындалды

22 часа бұрын

1 қазаннан бастап Алматыда жарық құны өседі

1 день бұрын

Газаға құрлықтан кірді: Израиль әскері операция ауқымын кеңейтті

1 день бұрын

АҚШ бақылауындағы иелікке беру: TikTok бойынша негіздемелік келісім жарияланды

1 день бұрын

Зейнетақы жинағының артығын тіс емдеуге жұмсау тәртібі өзгеруі мүмкін

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС