"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында балалар қауіпсіздігіне бағытталған шаралар күшейтілуде

15.04.2025
Абай облысында балалар қауіпсіздігіне бағытталған шаралар күшейтілуде
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – маңызды мәселелердің бірі. Өңірде бұл бағытта кешенді профилактикалық шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Биыл жасөспірімдер арасындағы қылмыстық оқиғалар 25%-ға артқан. Семей қаласында бұл көрсеткіш екі есеге көбейген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бауыржан Садақбаев мәлімдеді.

— 2024 жылдан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске арнайы өзгеріс енгізіліп, буллинг пен кибербуллинг үшін заңды өкілдерге ескерту жасау немесе айыппұл салу қарастырылған. Биыл қала мектептерінің бірінде оқушыны ұзақ уақыт бойы қорлау фактісі тіркеліп, тиісті шаралар қабылданды, – деді спикер.

Жаз мезгілі мен мектеп демалысы кезеңінде балалардың көпқабатты үйлердің терезесінен құлау фактілері жиілеп отыр. Осыған байланысты Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Былтыр бұл бағыттағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары 1 500-ден астам адамды қамтыған.

— 2022–2024 жылдар аралығында өңірде балалардың терезеден құлауына қатысты 29 оқиға тіркелді. Тек былтырдың өзінде мұндай 13 жағдай орын алды. Өкінішке қарай, үш бала көз жұмды. Қайғылы оқиғалар көбіне ата-аналар тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан, сондай-ақ жиһаздың терезе маңында орналасуынан және балалардың москит торларына сүйенуінен туындайды, – деп атап өтті Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау майоры Нұрсұлтан Алдонғаров.

Осы орайда кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында облыс аумағында 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алған болатын.

Бауыржан Садақбаевтың айтуынша, аталған шара аясында 330 қызметкер жұмылдырылып, тек алғашқы төрт күн ішінде 180 кәмелетке толмаған бала ішкі істер органдарына жеткізілген. Нәтижесінде 181 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Сонымен қатар, 14 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылып, 5 ата-ана арнайы есепке қойылған. Оқу орындарында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында 56 дәріс, ал киберқауіпсіздік мәселелері бойынша 14 кездесу ұйымдастырылған.

Аталған шаралар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға, оларды қоғамға бейімдеуге және қауіпсіз болашағын қалыптастыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

9 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

9 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

13 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС