"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАСТАР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГ: СЕМЕЙДЕ ӨТКЕН КОНФЕРЕНЦИЯ КӨТЕРГЕН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР

25.04.2025
ЖАСТАР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГ: СЕМЕЙДЕ ӨТКЕН КОНФЕРЕНЦИЯ КӨТЕРГЕН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2025 жылғы 16 сәуірде Абай облысы, Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің «Үш анық» конференц-залында «Мәдениетаралық диалогты дамытудағы және нығайтудағы жастардың бастамалары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онлайн және оффлайн форматта ұйымдастырылған шараға түрлі деңгейдегі жастар өкілдері, ғалымдар, диаспора жетекшілері мен белсенділер қатысты.

Шараның басты мақсаты – жастардың толеранттылық, мәдени әртүрлілікке құрмет және өзара түсіністік құндылықтарын ілгерілетудегі маңызды рөлін талқылау болды. Конференция барысында жастардың мәдениетаралық өзара әрекеттестікті нығайтуға бағытталған нақты бастамалары мен ұсыныстары кеңінен ортаға салынды.

Президент ұстанымымен үндес бастама
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында және түрлі жиындарда:
«Біздің жастар – еліміздің ертеңі. Олар тек білімді ғана емес, ашық көзқарасты, төзімді және өзара құрметке негізделген қоғамды қалыптастырушы күшке айналуы тиіс» – деп атап көрсеткен болатын.

Семейде өткен бұл конференцияда көтерілген мәселелер де осы стратегиялық ұстаныммен тығыз үндесіп, еліміздегі бейбітшілік пен келісім құндылықтарын бекемдеуге бағытталды.

Баяндамашылар мен тақырыптар:
• Шабан Серкан Дінічтүрік – Түркиядағы Қазақ диаспорасының жетекшісі. Халықаралық мәдени байланыстар тәжірибесімен бөлісті.
• Әлібекқызы Амангүл – №47 мектептің оқушысы. Жастар көшбасшылығы мен диалогқа қосар үлесін нақты баяндады.
• Ысқақ Бауыржан Мұратбекұлы – «Тұран-Астана» университетінің профессоры. Жастар бастамаларын қолдаудың стратегиялық тәсілдерін ұсынды.
• Қабыкенов Диас – М. Әуезов атындағы колледж студенті. Волонтерліктің мәдениетаралық байланыс орнатудағы әлеуетіне тоқталды.
• Молдакашев Қуаныш Панарбекұлы – Абай облысы этномедиация кеңесінің төрағасы. Этномедиацияны бейбітшілік формуласы ретінде таныстырды.
• Тлемисов Улан Бағдатұлы – Шәкәрім университетінің аға оқытушысы. Этносаралық қатынастарды жастар көзімен талдап, заманауи ұсыныстарын жеткізді.

Конференцияның модераторы – Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығының басшысы, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Оразғалиева Арайлым Канатқызы.

Негізгі ойлар мен қорытындылар

Шара барысында жастардың мәдениетаралық коммуникациядағы белсенділігі, білім беру саласының диалог орнатудағы рөлі, азаматтық белсенділік пен әлеуметтік жаңашылдықтарды дамыту мәселелері жан-жақты қаралды. Қатысушылар осындай бастамаларды болашақта кең көлемде жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Қорытынды бөлімде ұйымдастырылған ашық сұрақ-жауап алаңы жастар мен сарапшылар арасында еркін пікір алмасуға жол ашты. Бұл – ұрпақтар арасындағы түсіністікті нығайтып, қоғамның мәдени бірлігіне өз үлесін қосары сөзсіз.
Мәдениетаралық диалог – бірлік пен тұрақтылықтың сенімді кепілі. Ал осы диалогты ілгерілетуде жастардың белсенді рөлі бар екенін Семейде өткен конференция тағы бір мәрте айғақтады.

Улан Тлемисов,
Бизнес жоғары мектебінің аға оқытушысы
Shakarim University

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

7 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

8 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

11 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС