"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында менингит жағдайы азайды, алайда ішек инфекциялары көбейген

25.07.2025
Абай облысында менингит жағдайы азайды, алайда ішек инфекциялары көбейген
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысында энтеровирустық инфекциялар мен жіті ішек аурулары бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты бақылауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тоқтабаеваның айтуынша, 2025 жылдың басынан бері 245 ішек инфекциясы тіркелген. Оның 76 пайыздан астамы – 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге артқан.

– Аурудың негізгі себептері – үй жағдайында дайындалған тағамды дұрыс сақтамау және термиялық өңдеудің жеткіліксіздігі, – деді Айгүл Тоқтабаева.

Облыста сальмонеллездің 20 жағдайы анықталған. Олардың 90 пайызы Семей қаласына тиесілі және басым бөлігі балалар арасында кездескен.

Биыл энтеровирустық инфекциялардың ең ауыр түрі саналатын серозды менингиттің 8 жағдайы тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда жалпы алғанда 6 жағдайға, ал балалар арасында 9 жағдайға азайған. Аурудың негізгі таралу жолы – ашық су қоймаларында шомылу және қайнатылмаған суды пайдалану. Осыған байланысты облыс аумағындағы 67 су қоймасы мен 5 субұрқақтан сынама алынып, бәрі теріс нәтиже көрсеткен.

Абай облысының бас инфекционисті Имдат Эфендиев атағандай, қатты бас ауруы, дене қызуының көтерілуі және құсу – энтеровирустық менингиттің басты белгілері. Мұндайда уақыт жоғалтпай, дереу дәрігерге қаралу қажет.

– ЭВ менингитке күдік туған жағдайда жұлыннан сұйықтық алу (пункция) әдісі қолданылады. Бұл науқастың жағдайын жеңілдетумен қатар, нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы толық жабдықталған, қызметкерлер қажетті даярлықтан өтті, – деді дәрігер.

Эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына жол бермеу үшін апта сайын мониторинг жүргізіліп, зертханалық зерттеулер мен түсіндіру жұмыстары тұрақты атқарылуда. Мамандар жаз мезгілінде жеке бас гигиенасын сақтап, белгісіз сауда орындарынан тағам сатып алмауға, тағам өнімдерінің жарамдылық мерзіміне назар аударуға шақырды.

Алда өтетін Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын ауқымды шаралар қарсаңында санитарлық талаптарды күшейту қажеттігі де ескертілді.

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫішек инфекциясыменингитсанитарлық бақылауэнтеровирус

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС