Semeytany.kz – Биыл Ақсуат ауданында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арналған қоспәтерлі 48 үй (барлығы 96 пәтер) салу көзделіп отыр. Бұл жоба аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі саналады.
Қазіргі таңда Ақсуат ауылында қоспәтерлі 9 үйдің (18 пәтер) және Ойшілік ауылында қоспәтерлі 5 үйдің (10 пәтер) құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс алаңдарында қажетті инфрақұрылым тартылып, сапа мен мерзім талаптары қатаң сақталуда.
Алдағы кезеңде ауданның өзге де елді мекендерінде тұрғын үй құрылысы жалғасып, көптеген отбасы қоныс тойын тойламақ.