"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

РУХАНИЯТ ПЕН БІЛІМНІҢ ШАМШЫРАҒЫ

15.08.2025
Жанар Чушекова: кітапхана — руханият пен білімнің киелі  ордасы
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кітапхана – тек кітап қоры сақталатын орын емес, бұл – білім мен мәдениетті тоғыстыратын, жаңа идеялар мен жобаларға жол ашатын, шығармашылыққа дем беретін руханият ордасы. Бұл жер оқырманға сүйікті кітаптарын табатын жайлы мекен болса, қызметкерлер үшін руханиятты насихаттаудың, мәдениетті дамытудың үлкен алаңы десек артық айтқандық емес. Мұнда жасөспірімнен бастап, ардагер оқырманға дейін өзін қызықтыратын кітапты таба алады, түрлі мәдени іс-шараларға қатысып, жаңа орта қалыптастырады. Осы орайда біз ұлт руханиятының шамшырағы саналатын Абай атындағы облыстық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Чушекова Жанар Меллатқызымен сұхбаттасып, кітапхананың бүгінгі тынысы мен болашағы жайында әңгімелестік. Сұхбат барысында кітапхана қорын цифрландыру, жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, заманауи технологияларды енгізу және мәдени-ағартушылық шараларды ұйымдастыру сияқты тақырыптар қозғалды.

Гүлім ЗАМАНБЕКҚЫЗЫ,

«Semey tany»

РУХАНИЯТ ПЕН БІЛІМНІҢ ШАМШЫРАҒЫ

— Жанар Меллатқызы, кітапхана саласындағы жолыңыз қалай басталды?

— Кітахана саласында 1990 жылдан бастап еңбек етемін.  Абай атындағы кітапханада 1995 жылдан бастап жұмыс істеймін. Көп жылдар бойы ақпараттық-библиографиялық бөлімде өлке тарихын, мәдениеті мен әдебиетін насихаттаумен айналыстым. Қорымыздағы мәліметтерді интернет пен басқа кітапханалардың электронды каталогтарын пайдалана отырып, оқырман сұранысына жедел жауап беруге барынша тырыстық. Әсіресе, Семей өңірінен шыққан ақын-жазушылар, өнер адамдары мен қала тарихы туралы ақпараттарды жүйелі түрде жинап, көпшілікке ұсындық. Мен жетекшілік ететін оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ерекшелігі — оқырмандар сүйікті кітаптарын үйге алып оқуға мүмкіндік қарастырылған. Кітапхана – тек ақпараттық емес, сонымен қатар мәдени орталық. Сондықтан біз мерейтой иесі ақын-жазушыларға арналған әдеби-музыкалық кештер, оқырман конференциялары секілді ауқымды іс-шаралар ұйымдастырамыз. Заманауи кітапханашы үшін кәсіби біліммен қатар, шығармашылық қабілет, ұйымдастырушылық қасиет аса маңызды. Абай атындағы кітапхана еліміздегі көне және ірі кітапханалардың бірі. Осы қара шаңырақта қаншама жылдар бойы еңбек етіп жүргенім — мамандығыма деген сүйіспеншілік, кітапхана жұмысының өз табиғатыма жақын болуы деп білемін.

— Қор көлемі мен сұранысқа ие жанрлар жайлы айтып өтсеңіз.

— Бүгінде кітапханада 393 мыңнан астам кітап бар. Біздің кітапхана сирек басылымдарға бай. Сондықтан Абай атындағы кітапхана республикадағы алдыңғы қатарлы кітапханалардың қатарына еніп отырғанын мақтанышпен айта аламын.  Қорымызда Абайдың заманындағы кітаптар, орыс және батыс классиктерінің еңбектері, латын қарпіндегі ұлт зиялыларының жазбалары сақталған. Сұранысқа келсек, детектив, фантастика, фэнтэзи жанрлары жастар арасында, ал тарихи романдар үлкендер арасында танымал. Соңғы жылдары мотивациялық және өзін-өзі дамытуға, қаржылық сауаттылыққа арналған кітаптарға да қызығушылық артты.

— Жастардың кітап оқуға ықыласы қандай?

— Соңғы бес жылда жастардың кітапханаға келуі айтарлықтай өсті. Олар талғампаз.  Х. Хоссейни, Э.Ремарк, Г. Маркес, Д.Лондон, Л. Олкотт, Д. Остин, Р.Брэдбери, Г.Робертс, О.Уайльд, Д.Оруэлл, М. Митчел, К.Абэ, Э. Хемингуэй, У.Голдинг тағы басқа әлем әдебиетінің таңдаулы авторларын іздеп оқиды.  қызығушылықтың басым екенін атап өткен жөн. Әсіресе жастар жағы оқуға болатын кітаптар топтамасын іздеп жүріп оқиды. Отандық әдебиетте М. Әуезов, М. Мағауин, Ш.Мұртаза, О.Бөкей, М.Мақатаев, Ә.Кекілбаев, Д. Исабеков, Б. Нұржекеев, Т. Әсемқұлов, Т. Нұрмағамбетов, Б. Соқпақбаев, С. Мұратбеков, С.Досжан, Р.Мұқанова, А. Кемелбаева сынды қаламгерлердің шығармалары ерекше сұраныста. Жасөспірім балалар арасында комикс жанрына қызығушылығы басым екенін атап өткен жөн.

— Электронды кітаптар дәстүрлі кітапханаға қалай әсер етті?

— Электронды кітаптар мен интернет кітапхана жұмысының жандануына, дамуына серпін берді деп айтуға толық негіз бар. Қазір республиканың түкпір-түкпірінде отырып-ақ оқырмандар еліміздің кез келген кітапханасынан кітаптың электронды нұсқасын алып оқи алады, ал аудиокітаптар жол үстінде тыңдауға мүмкіндік береді.

— Кітапхананың ұйымдастыратын мәдени іс-шаралары мен оқырман клубтары туралы айтып берсеңіз?

— Кітапхана ұйымдастыратын іс-шаралар өте ауқымды. Жыл сайын кітапхана жоспарына сай көптеген шаралар өтеді. Биылғы жылы І.Есенберлин, Т.Жанғалиев, Б.Исабаев, М. Мағауин, С. Мұқанов, Т. Молдағалиев, Т.Әлімқұлов тағы басқа ақын-жазушыларымызға арналған кештер өткізілді. Біздің бөлімде «Сұхбат» әдеби клубы бар. Клуб шеңберінде әр түрлі кітаптардың талдауы жасалып, талқыланады.  Кітапханада балаларға арналған «Қағаз ғажайыптары», «Сиқырлы қылқалам», «Шебер қолдар», «Құм терапиясы», Робототехника сияқты үйірмелер жұмыс жасайды. Шетел әдебиеттері бөлімінде ағылшын тілі, қытай тілін үйрету  курстары бар.

— Жаңа кітаптар мен әдебиеттерді таңдау және сатып алу қалай жүзеге асырылады?

— Жаңа кітаптар бізде еліміздегі баспаханалармен тікелей тапсырыс негізінде жүргізіледі. «Фолиант», «Атамұра», «Қасым», «Абай» т.б. баспалардың кітаптарын және өз өнімдерін ұсынып отырған ресейлік басылымдарға прайс арқылы тапсырыс береміз. Көптеген авторлардың  өз кітаптарын сыйға тартуы арқылы да кітап қоры толығып жатады.

— Кітапхана қызметін жақсарту үшін қандай жаңа жобалар немесе жоспарлар бар?

— Абай атындағы кітапхана өлке тарихы, мәдениеті, әдебиетін насихаттау жолында  «Абай жолы» кітаптар сериясы бойынша кітаптарды жарыққа шығаруды қолға алды. Жоба Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, Семей өңірінің көрнекті тұлғалары мен ақын-жазушыларының мұрасын насихаттауға бағытталған. Кітаптар жинағына әр түрлі әдеби жанрларды қамтитын Семей өңірінің ақын-жазушылары мен суретшілерінің шығармалары кіреді. Жоба аясында 16 кітап жарық көрді. 8 мың данамен басылған кітап сериясына һәкім Абай, Шәкәрім, Дулат Бабатайұлынан бастап, қазіргі ақын-жазушылардың таңдаулы шығармалары енген. Бұл «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясындағы алғашқы топтама. Тырнақалды басылымға өңірден шыққан ақын-жыраулар мен жазушылардың үздік шығармалары топтастырылған. Әсіресе абайтануға ерекше көңіл бөлінген. Мұхтар Әуезовтің Абайдың өмірбаяны туралы жазғаны, Тұрсын Жұртбайдың ақынның қара сөздері жайындағы ғылыми зерттеулері жеке кітап ретінде жарық көрді.  2023  жылғы алғашқы топтама 16 кітаптан тұрады. Төлеужан Ысмайылов, Әзілхан Нұршайықов, Несіпбек Айтұлы, Бауыржан Жақып, Толымбек Әбдірайым, Думан Рамазан, Айгүл Кемелбаеваның туындылары оқырманға жол тартты. Ал 2024 жылғы топтамада А. Еспенбетов «Абайды оқы, таңырқан», Т. Жанғалиев «Қарқуар», Қ.Жұмаділов «Тағдыр», Б. Исабаев «Ұлылар мекені» секілді кітаптармен қатар, А. Елгезек, С.Дүйсенғазин, А. Абылқасымның поэзиялық кітаптары да жарыққа шықты. Кітапты оқуға қызығушылық танытқан оқырмандар бұл кітаптарды өңір кітапханаларынан, ал цифрлық нұсқасын ҚазҰЭК электрондық кітапханасынан тауып оқи алады.

Абай кітапханасы 2017 жылы – «Алаш» автономиясының негізі қаланғанына және Алашорда ұлттық үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай  «Алаш» электронды кітапханасын ұйымдастырды. Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы Қазақстан көлемінде ғана емес, шет мемлекеттердің де тарихи-мәдени және білім мекемелерінен мазмұнды материалдар жинастырылды.

Электрондық кітапхана қорының басым көпшілігін әдебиеттер мен Қазақстан көлемінде шыққан мерзімді басылымдардың көшірмелері құрайды. Электронды кітапханадағы толық мәтінді құжат саны 2500 ден астам. Қазіргі таңда Алаш электронды кітапханасын еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқырмандарымыз пайдаланды. Қазіргі таңда еліміздің 115,600 ге тақау оқырманы жылына Алаш электронды кітапханасын пайдаланады екен.

Семей телеарнасымен бірігіп  «Оқитын ұлт»  Жобасы бойынша кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ақын-жазушылар шығармаларын насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді. Кітапхана мамандары ай сайын телекөрермендерге  оқуға кеңес беріп, қысқаша кітап мазмұнымен таныстырады. Оқырманға ұсынылған кітаптар қатарында Б. Момышұлы «Ұшқан ұя», Ш. Мұртаза «Ай мен Айша», Т. Әбдік «Қонақтар», М. Әуезов «Қилы заман», Н. Келімбетов «Үміт үзгім келмейді», Қ. Жолдыбайұлы «Кемел адам», С. Мұратбеков «Жабайы алма» т.б. кітаптардың бар екенін атап өткен жөн.

— Оқырмандарды кітапханаға тарту үшін қандай әдістер қолданылады?

— Оқырмандарды кітапханаға тарту үшін әр түрлі жарнама жұмыстары жүргізіледі. Арбатта ашық аспан астында кітап көрмелерін, буккросингтер ұйымдастырамыз.  «Өзің оқы, өзгеге ұсын» деген атаумен оқырмандар өз кітаптарын өзге оқырманға ұсыну үшін кітапхананадағы арнайы ұйымдастырылған кітап сөрелеріне қалдырады. Біздің бөлім сәуір айында «Үздік оқырман» акциясын ұйымдастырып, кітапхананың тұрақты оқырмандарымен кездесу кешін өткізіп, келушілерді марапаттады.

— Қорытынды ретінде, кітапханашы қандай болуы керек?

— Бүгінгі кітапханашы – тек кітапты сақтаушы немесе оқырманға ұсынушы ғана емес, ол – ақпараттық новигатор, мәдениет пен білімнің жаршысы. Қазіргі заманда бұл маман иесінен жан-жақтылық талап етіледі. Ол оқырманмен тіл табыса алатын, ақпаратты тез әрі дәл таба білетін, интернет пен цифрлық платформаларды еркін меңгерген болуы керек. Сонымен қатар ұйымдастырушылық қабілеті, шығармашылық ойлауы және шешендік өнері жоғары болуы қажет.

Кітапханашы – іс-шараның сценарийін жазатын, көркем безендіруін ойлайтын, аудиторияны баурап алатын жүргізуші де, фото мен бейнематериалды сапалы түсіре білетін маман да. Әлемде болып жатқан өзгерістерден хабардар болып, оқырман талғамына сай әдебиеттер ұсыну – басты міндеттердің бірі.

Кітапхана кеңістігі де жайлы, заманауи, шабыт сыйлайтындай болуы керек. Жарық та әсем залдар, ыңғайлы оқу орындары, интернетке қолжетімділік – оқырманды тартатын негізгі маңызды факторлар. Осы себепті еліміздегі кітапхана ісіне мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да ерекше көңіл бөлінуі тиіс деп есептеймін. Өйткені кітапханашының еңбегі – ұлттың рухани деңгейін көтерудің бірден-бір тетігі.

 Абай атындағы облыстық кітапхана – өткеннің аманатын болашаққа жеткізуші, ұлт руханиятының шамшырағы. Бұнда сақталған әр кітап – тарихтың бір бөлшегі, мәдениетіміздің айнасы. Жанар Меллатқызы бастаған ұжым оқырманға сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, әр келген жанға шабыт сыйлауды мақсат етеді. Бұл рухани орда талай ұрпақтың жүрегіне жол табатынына сенім мол. Сұхбатымызға уақыт бөліп, ой-пікірлерімен бөліскені үшін Жанар Меллатқызына алғыс білдіреміз.

Ұқсас жаңалықтар

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

23.08.2026
Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

Бүгін, 23 тамызда, Қазақстанда жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтуде. Дауыс беру барысын қазақстандық және шетелдік бақылаушылар бақылауда....

Толығырақ...Details

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

23.08.2026
«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

Қазақстанға халықаралық байқаушы ретінде келген Беларусь Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко дауыс берудің ұйымдастырылуына қатысты пікір білдірді. Ол...

Толығырақ...Details

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

23.08.2026
Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының халықаралық бақылаушылары Алматыдағы алты сайлау учаскесіне барды. Миссия өкілдері азаматтардың белсенділігін, дауыс беру үдерісінің ашықтығын, сайлау...

Толығырақ...Details

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

23.08.2026
Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

Қазақстанда алғашқы Құрылтай сайлауы ойдағыдай өтіп жатыр. Бұл туралы елордада Халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығындағы баспасөз мәслихатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының...

Толығырақ...Details

Нағыз инклюзивті сайлау – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Құрылтай сайлауына оң баға берді

23.08.2026
Нағыз инклюзивті сайлау – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Құрылтай сайлауына оң баға берді

Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауын бақылауға келген халықаралық байқаушылар дауыс берудің ұйымдастырылуына назар аударды. Солардың қатарында Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары...

Толығырақ...Details

Армениядан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау барысын жоғары бағалады

23.08.2026
Армениядан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау барысын жоғары бағалады

Армения Орталық сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Эрмине Арутюнян елордадағы Қ. Мыңбаев атындағы мектеп-лицейге барып, №131...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

19 часов бұрын

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

19 часов бұрын

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

19 часов бұрын

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

19 часов бұрын

Нағыз инклюзивті сайлау – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Құрылтай сайлауына оң баға берді

19 часов бұрын

Армениядан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау барысын жоғары бағалады

19 часов бұрын

«Адамдар үлкен ықыласпен келіп жатыр» – ҰҚШҰ байқаушылары Құрылтай сайлауындағы дауыс беру барысы туралы пікір білдірді

19 часов бұрын

99 жастағы кейуана дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті

19 часов бұрын

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауына зор қызығушылық танытуда – Грузияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

19 часов бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС