"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарығы мен инвестициялық жобалар дамуда

19.02.2026
Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарығы мен инвестициялық жобалар дамуда
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері Семей қаласының тұтыну нарығы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) тауарларын тұрақтандыру шаралары және инвестициялық жобалармен танысты. Іс-шарада кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Еркебұлан Накипов өңірдегі кәсіпкерлік пен әлеуметтік-экономикалық ахуалға қатысты толық ақпарат берді.

— Қалада қазіргі таңда 1 455 сауда нысаны жұмыс істейді. Олардың қатарында 67 сауда үйі, 954 азық-түлік және 370 азық-түлік емес дүкен, 22 супермаркет, 31 минимаркет және 11 базар бар. Семейде заманауи және экономикалық орнықты қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылуда. Олардың ішінде «Abai Plaza» мәдени-демалыс орталығы мен «Шығыс Молл» сауда-ойын-сауық орталығының ашылуы жоспарланған. Сондай-ақ, Семей – Алматы тас жолының бойындағы 26 гектар аумақта «XinYi Ltd» (ХАБ) коммуналдық базарының жобасы жүзеге асырылуда, — деді бөлім басшысы.

Қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №362 бұйрықпен 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді. Кәсіпкерлік бөлімі сауда қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бағаны тұрақтандыру шаралары мен ӘМАТ тауарларының тізбесін сақтау жөнінде ақпарат береді. 2025 жылы 107 сауда нысаны, ал 2026 жылдың басынан 7 нысан бойынша тексеріс жүргізілді.

— Қазіргі таңда кәсіпкерлік бөлімі көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарының басшыларымен бағаны тұрақтандыру және ӘМАТ тауарларына 15% сауда үстемесін сақтау мәселесі бойынша меморандумдарға қол қойып отыр. Қазіргі таңда 200-ден астам меморандум жасалған. Сонымен қатар көтерме фирмалар мен жергілікті өндірушілердің қатысуымен сауда жәрмеңкелері ұйымдастырылып, өнім өзіндік құны бойынша сауда үстемесінсіз сатылуда, — деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, Семей қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту аясында «BayazitLife» ЖШС өндірісінің жұмысы назарға алынды. Кәсіпорын 2015 жылы тіркеліп, кәсіби пайдалануға арналған арнайы киім өндірісімен айналысады. Техникалық директор Жасұлан Тұрсынхановтың айтуынша, кәсіпорын төмен температура жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған қорғаныш киім, сондай-ақ мемлекеттік стандарттарға сәйкес тігілетін ерлер мен әйелдерге арналған формалық киім шығарады.

Баспасөз туры барысында журналистер өндірістік процестің барлық кезеңімен, шикізатты қабылдаудан дайын өнімді жеткізуге дейінгі үдерістермен танысты. Кәсіпорын басшылығы өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа өнім түрлерін шығару және қосымша жұмыс орындарын ашу жоспарларын жүзеге асыруда.

Семей қаласындағы сүт өнімдерін өндіретін «Qazmilk» кәсіпорнының жұмысы да назарға алынды. Технолог Али Қалихановтың айтуынша, кәсіпорында сүт, брынза, крем, қаймақ және қазақ ұлттық тәттілері шығарылады. Өндіріс күніне 15 тонна шикізатты өңдейді, оның 4 тоннасы Бородулиха және Шемонаиха аудандарындағы фермерлерден жеткізіледі.

— Технологиялық процесс – шикізатты өңдеуден бастап дайын өнімді орауға дейін – біздің цехта заманауи жабдықтар арқылы толық жүзеге асырылады. Өнімге сұраныс жақсы, алдағы уақытта өндірісті кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Жақын арада қосымша цех ашу көзделген, — деді технолог.

«Qazmilk» өнімдері қаланың көптеген дүкендерінде, сондай-ақ 7 арнайы сауда нүктесінде сатылады. Ірі өндіріс орындары да кәсіпорынмен келісімшарт жасап, жұмысшыларға сүт өнімдерін жеткізіп отыр. Кәсіпорында көптеген жастар еңбек етсе, қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері өндірістік практикадан өтіп жүр.

— Біздің басты мақсат — әр инвестициялық және кәсіпкерлік жоба өңірге нақты пайда әкелуі. Жаңа өндіріс ашылып, тұрғындар жұмыспен қамтылуы керек. Сонда ғана экономикалық өсім халықтың тұрмысына әсер етеді, — деді Еркебұлан Накипов.

Осы бастамалар Семей қаласында шағын және орта бизнесті қолдаудың нақты нәтижесін көрсетіп, әлеуметтік тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, өңір экономикасының өсуіне ықпал етуде.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС