"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қысқа қамданыс күшейді: Абай облысында 23 жылу көзі мен 24 шақырым желі жөнделуде

26.08.2025
Қысқа қамданыс күшейді: Абай облысында 23 жылу көзі мен 24 шақырым желі жөнделуде
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeitany.kz — Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында 2025–2026 жылғы жылыту маусымына әзірлік, жаңа оқу жылына дайындық тапсырмаларының орындалуы, бюджет есебінен салынған нысандар мен жолдардың сапасы, әлеуметтік-экономикалық даму, бюджеттің атқарылуы және ұлттық ауыл шаруашылығы санағы талқыланды. Жиынға облыстық басқарма басшылары, аудан-қала әкімдері мен өңірлік департамент жетекшілері қатысты.

Алғашқы мәселе бойынша Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Раджан Сейтқанов және Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев баяндама жасады. Берілген мәліметке сай, биыл өңірдің 3 қаласы мен 5 ауданында жалпы 11 млрд 800 млн теңгеге 23 жылу көзі мен 24 шақырым жылу желісін жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қаржы Үкімет резервінен, облыстық және республикалық бюджеттен, сондай-ақ Ұлттық қордан бөлінген.

Семей қаласында ЖЭО-1 және 21 қазандықта жөндеу жүргізілуде. Жоспарға сәйкес 13 жылу көзі мен 4,2 шақырым жылу желісі қалпына келтіріледі. Жарма ауданындағы «Солнечная» қазандығына жаңа қазандықтар қойылып, Шуақ ауылындағы қондырғыларға жөндеу жасалуда. Аягөз қаласының орталық қазандығына қуаты жоғары жабдықтар орнатылып, қала ішінде 5,2 шақырым жылу желісі жаңартылуда. Курчатов қаласында 4 жылу көзін жаңғырту жоспарланған.

Әлеуметтік нысандар бойынша облыс аумағындағы 330 автономды қазандықты жөндеуге қаржы қарастырылған. Бұл білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларындағы мекемелерді қамтиды. Жиында Курчатов қаласы, Бородулиха, Жарма және Аягөз аудандарының әкімдері жылумен қамту дайындығы туралы есеп берді.

Отырыс қорытындысында аймақ басшысы алдағы маусымға әзірлікті күшейтуге нақты тапсырмалар жүктеді: қала-аудан әкімдері өз аумақтарындағы барлық әлеуметтік және тұрғын үй нысандарын қатаң бақылауға алуы тиіс; бюджеттік ұйымдарға көмірді 15 қыркүйекке дейін толық жеткізу, тұрғындарға қазан айының басына дейін отын қорын жасақтау қажеттігін түсіндіру тапсырылды. Жылыту маусымы кезеңінде аудан және қала әкімдіктерінде тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталықтар ашылмақ.

«Синоптиктердің болжамы бойынша, биыл шығыста қыс ерте түсіп, аяз қатты болады. Премьер-Министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев дайындық барысын бақылап кетті, Президент Әкімшілігі де мәселені назарда ұстап отыр. Сондықтан жылу мәселесіне айрықша мән береміз», – деді Берік Уәли.

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

9 часов бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

9 часов бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

1 день бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

1 день бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС