"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай өңірінде туризм дамып келеді

13.10.2025
Абай өңірінде туризм дамып келеді
27
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысында туризмді әртараптандыруға ден қойылды. Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында облыстық Туризм басқармасының басшысы Марат Қабақов киелі, экотуристік және технотуристік бағыттарды кешенді дамыту жоспарын таныстырды.

Спикердің мәліметінше, Семей – Қарауыл бағыты бойында 19 мәдени-тарихи нысан бар. Олардың қатарында «Абай–Шәкәрім» мемориалдық кешені, Жидебай қорығы, Қоңыр әулие үңгірі, «Еңлік–Кебек» кесенесі және өзге де киелі орындар қамтылады. Қонақүй мен демалыс инфрақұрылымының жеткіліксіздігі әлі де өзекті мәселе саналады. Осы олқылықты түзеу үшін Абайдың мемориалдық үй-мұражайы жанынан визит-орталық, кафе және қонақүй салу жобасына шамамен 1 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр.

Экотуризм бойынша Семейдің іргесіндегі 650 мың гектардан астам қарағайлы орман мен Тарбағатай ұлттық паркі негізгі тартым нысандары ретінде қарастырылуда. Қарағайлы алқапта оннан астам жануар түрі мекендейді, экологиялық соқпақтар төселіп, инвестор қызығушылығы артып келеді.

Технотуризм бағыты өңірдің бірегей ғылыми-тарихи нысандарымен байланысты. Оның ішінде бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны шетелдік зерттеушілер мен тақырыпқа қызығатын туристерді тартуға мүмкіндік береді.

Марат Қабақовтың айтуынша, осы үш бағытты жүйелі ілгерілету өңірдің өзіндік туристік брендин қалыптастырып, ішкі және сыртқы туристер ағынын ұлғайтуға жол ашады.

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫкиелі туризмСемейтуризмэкотуризм

Ұқсас жаңалықтар

«Заң керуені» Бородулиха ауданында: тұрғындар құқық қорғау органдарымен кездесті

01.05.2026
«Заң керуені» Бородулиха ауданында: тұрғындар құқық қорғау органдарымен кездесті

Бірнеше елді мекеннің тұрғындары құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметкерлермен өз аудандарының инфрақұрылымы мен абаттандыру мәселелерін талқылады. Тәртіп сақшылары тұрғындардың...

Толығырақ...Details

Діни бірлестік өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

01.05.2026
Діни бірлестік өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті облыстың діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Қазақстан...

Толығырақ...Details

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

01.05.2026
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы әрі Орталық Азиядағы жүгеріні терең...

Толығырақ...Details

Шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

30.04.2026
Шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

Semeytany.kz – Абай облысында фитосанитариялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау бағытында кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыс...

Толығырақ...Details

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың алғашқы құрылыстары басталды

30.04.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың алғашқы құрылыстары басталды

Semeytany.kz – Семей қаласында бой көтеретін жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында алғашқы құрылыс нысандарының жұмысы басталды. Облыс әкімі Берік Уәли құрылыс...

Толығырақ...Details

Аягөзде 31 отбасы жаңа пәтерге ие болды

30.04.2026
Аягөзде 31 отбасы жаңа пәтерге ие болды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапары барысында аудан орталығында өткен баспана кілттерін табыстау рәсіміне қатысты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң керуені» Бородулиха ауданында: тұрғындар құқық қорғау органдарымен кездесті

2 часа бұрын

Діни бірлестік өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

2 часа бұрын

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

2 часа бұрын

Шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

22 часа бұрын

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың алғашқы құрылыстары басталды

22 часа бұрын

Аягөзде 31 отбасы жаңа пәтерге ие болды

22 часа бұрын

Облыс әкімі шалғайдағы Көксала ауылының тұрғындарымен кездесті

22 часа бұрын

Аягөзде жаңа мыс өндірісі іске қосылды: «Сарыбұлақ» кен орны жұмысын бастады

22 часа бұрын

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

22 часа бұрын

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

22 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС