"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Президент: Тәуелсіздік — бәрінен қымбат құндылығымыз

24.10.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады» «Еліміздің ең басты мерекесі — Республика күні құтты болсын! Ұлттық мейрам қарсаңында дәстүрге сай Ақорда төрінде мемлекетіміздің үздік азаматтарымен бірге жиналып отырмыз. Биыл еліміз азаттықтың мерейлі белесіне жетті. Осыдан 35 жыл бұрын Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл осы күні сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүріміз қайта жаңғырды. Көп ұзамай жұртымыз Тәуелсіздік байрағын көтерді. Тарихи әділдік орнап, ұлттың рухы асқақтады. Сондықтан бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады. Тәуелсіздік — бәрінен қымбат құндылығымыз. Оны сақтап, нығайта түсу — баршамызға ортақ қасиетті борыш. Егемендік — ата-бабаларымыздың ұлт мүддесі жолындағы өшпес ерлігінің айқын көрінісі, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы «Біз өткеннен сабақ алып, ешкімге жалтақтамай, өз жолымызбен жүріп келеміз» деді.

— Заңғар ойшыл Әбіш Кекілбаев „Өткеннен тағылым, ертеңнен үміт іздегендер ғана ілгері баса алады“ деген. Біз әр кезеңде ұлт тарихында өшпес із қалдырған барлық мемлекет және қоғам қайраткерлеріне құрмет көрсетеміз, оларды ешқашан ұмытпаймыз. Сонымен бірге келешекке үлкен үмітпен, зор сеніммен қараймыз, биік мақсаттарға ұмтыламыз. Осы жылдарда еліміздің бағындырған белестері аз емес. Біз жер жүзіне егемен мемлекет ретінде танылдық. Шекарамызды шегендеп, іргемізді бекітіп, қауіпсіздігімізді қамтамасыз еттік. Бірлігімізді бекемдеп, татулық пен тұрақтылықтың арқасында түрлі сынақтардан сүрінбей өттік. Бүгінде жаһан жұрты еліміздің өсіп-өркендеп келе жатқанына куә болып, өз құрметін көрсетуде. Алайда кемшіліксіз, мінсіз жұмыс болмайтыны анық. Біз өткеннен сабақ алып, ешкімге жалтақтамай, өз жолымызбен жүріп келеміз. Соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын арттыру үшін аса маңызды қадамдар жасалды. 2019 жылы ауқымды реформалар қолға алынды. Қазақстан жаңа тұрпатты ел болу жолына түсті. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңымызға түзетулер енгізілді. Парламенттің құзыреті кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Конституциялық сот құрылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты конституциялық мәртебеге ие болды. Биыл шілде айынан бастап Кассациялық сот жүйесі іске қосылды, бұл қоғамымызда әділеттілікті күшейтуге жағдай жасады, — деді Президент.

Ұқсас жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

24.08.2026
Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

Экзитпол нәтижесі бойынша ЖСДП Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5% аса қолдауына ие болды. Алғашқы болжамды нәтижеге байланысты ЖСДП...

Толығырақ...Details

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

24.08.2026
«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева алғашқы Құрылтай сайлауы аяқталғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады. Партия төрағасы бұл сайлауды елдің...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

24.08.2026
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

Ол өз сөзинде азаматтардың білдірген сеньими мен қолдауына ризашылығын жеткізді. «Сайлауалды науқан кезинде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестик....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

23 часа бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

23 часа бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24 часа бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

24 часа бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

1 день бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

1 день бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

2 дня бұрын

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

2 дня бұрын

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

2 дня бұрын

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС