"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Абай жолы» топтамасы толықты: Семейде 19 автордың 25 кітабы таныстырылды

12.12.2025
«Абай жолы» топтамасы толықты: Семейде 19 автордың 25 кітабы таныстырылды
56
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Тәуелсіздік күні қарсаңында Абай облысы әкімінің қолдауымен жүзеге асып жатқан «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көрген кітаптар топтамасының тұсаукесері өтті. Шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырып, басқосуға кітап авторлары мен сала өкілдері қатысты.

Жаңа топтама Семей өңірінен шыққан ақын-жазушылардың, өнер адамдарының еңбектерін әртүрлі жанрда қамтып, әдебиеттен бастап ғылыми зерттеулерге дейінгі ауқымды бағыттарды біріктірді. Авторлық еңбектерді бағалау және жариялау жөніндегі кеңеске Шәкәрім университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, «Абай облысының Құрметті азаматы» Еспенбетов Арап Сләмұлы жетекшілік етеді.

Биыл жоба аясында 19 автордың 25 кітабы жарық көрген. Жалпы таралымы – 12 500 дана. Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай Абай тақырыбына басымдық беріліп, оқырманға Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, Қайым Мұхамедхановтың «Абайдың ақын шәкірттері», «Абай мұрагерлері» зерттеу еңбектері, Кәмен Оразалиннің «Абай ауылына саяхат» деректі шығармасы, Мырзақасым Әсет Медеуханұлының «Абай елінің әңгімелері», Асан Омаровтың «Абай руханияты», Бауыржан Ердембековтің «Абай және әдеби орта» атты еңбектері ұсынылды.

Сондай-ақ 142 жылдық тарихы бар Абай кітапханасының сирек қорындағы өлкетанушы Николай Коншиннің өңірге қатысты құнды еңбектері мен Мұратбек Кенемолдиннің «Семей – Алаштың қаласы» атты зерттеулер мен мақалалар жинағы оқырман қауым үшін ерекше жаңалық ретінде аталды.

Топтама ішінде ақын, әнші Әсет Найманбайұлының, Абайдың ақындық мектебінің ірі өкілі Көкбай Жанатайұлының, жазба және суырып салма ақын Қалихан Алтынбаевтың әдеби мұралары да бар. Бұған қоса, өңірден шыққан ғалымдар Әбдеш Төлеубаевтың «Қазақтардың дәстүрлі наным-сенімдері», Светлана Смағұлованың «Қазақ даласындағы жұттар мен ашаршылықтар», Әбіл-Серік Әліәкбардың «Қалам құдіреті» атты ғылыми еңбектері жарық көрді. Қазақ поэзиясының інжу-маржанын топтастырған «Жыр жауһарлары» жинағының 3-кітабы да жарияланған.

Кітап таныстырылымында Медеу Сәрсеке, Қайым-мұнар Табеев, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Әділғазы Қайырбеков, Қайырбек Шағыр сынды қаламгерлердің еңбектері де оқырманға жол тартқаны айтылды. Шара барысында кітаптардан жасақталған экспозиция қойылып, жасанды интеллект көмегімен жасалған электронды кітапхана қоры таныстырылды. Сонымен бірге театр әртістері кітап авторлары мен олардың шығармаларына қатысты әдеби-көркем қойылымдар ұсынды.

Айта кетейік, 2023–2027 жылдары жүзеге асырылатын «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында бүгінге дейін 61 атаулы кітап 30 500 данамен жарық көрген. Жоба бойынша 2023 жылы 16, 2024 жылы 20, ал биыл 25 атаулы кітап Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан басылып шыққан.

«Абай жолы» топтамасы толықты: Семейде 19 автордың 25 кітабы таныстырылды «Абай жолы» топтамасы толықты: Семейде 19 автордың 25 кітабы таныстырылды «Абай жолы» топтамасы толықты: Семейде 19 автордың 25 кітабы таныстырылды «Абай жолы» топтамасы толықты: Семейде 19 автордың 25 кітабы таныстырылды «Абай жолы» топтамасы толықты: Семейде 19 автордың 25 кітабы таныстырылды «Абай жолы» топтамасы толықты: Семейде 19 автордың 25 кітабы таныстырылды

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫбай жолы кітапханасыкітап тұсаукесеріСемейФолиант баспасы

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС