"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Берік Уәли құрылысқа қатаң талап қойды: 142 нысанның сапасы тексерілді

15.12.2025
Берік Уәли құрылысқа қатаң талап қойды: 142 нысанның сапасы тексерілді
46
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтіп, 2025 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджеттік құрылыс нысандарының сапасына жүргізілген мониторинг қорытындылары қаралды. Жиынға облыстық басқарма басшылары мен өңірлік департамент жетекшілері қатысып, аудан-қала әкімдері бейнережимде қосылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сайлауғалы Байназаров баяндама жасады. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша негізгі 9 көрсеткіштің 6-ы оң өсім көрсеткені айтылды. Өнеркәсіп, тау-кен саласы және тұрғын үйді пайдалануға беру бағыттарында жыл соңына дейін көрсеткішті жақсартуға мүмкіндік бар. Қазір жауапты басқармалар мен аудан-қала әкімдіктері қосымша резервтерді анықтап, оларды статистикалық есепке енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Өнеркәсіп саласында 11 айдың қорытындысымен нақты көлем индексі 99,2 пайызды құраған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайыздан жоғары деңгейге көтеру көзделген. Өңдеу өнеркәсібінде өсім сақталып, 11 айда 102,8 пайызға жеткен. Инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында да оң динамика бар. Ауыл шаруашылығы бойынша нақты көлем индексі 100,9 пайыз болып, жыл қорытындысында 103 пайыздан жоғары деңгейге жеткізу жоспарланып отыр.

Аймақ басшысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, цифрлық технологиялар басқармаларына аудан-қала әкімдерімен бірлесіп, инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс қызметтері бойынша жоспарланған көрсеткіштерді орындауға нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, биыл барлық қаржы көздері есебінен құрылыс жұмыстарын бастауға 881 талон-хабарлама түскен. Соның 618 нысаны жыл соңына дейін пайдалануға қабылдануы тиіс: 190-ы бюджеттік, 93-і квазимемлекеттік секторға, 335-і жеке меншікке тиесілі. Бұдан бөлек, аудандарда Off-Take келісімшарты негізінде бір қабатты, 2 пәтерлі 315 тұрғын үй сатып алу жоспарланған, қазіргі таңда 223 үй сатып алынған.

Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына және Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, қала-аудандардағы 142 бюджеттік нысанда құрылыс сапасына мониторинг жүргізілген. Мониторинг барысында кемшіліктер анықталған аудан-қала әкімдері мен тиісті басқарма басшылары жиында олқылықтарды жою бойынша атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.

Жиын қорытындысында Берік Уәли салаға жауапты орынбасарларға салынып жатқан нысандардың сапасын және заңнама талаптарының сақталуын тұрақты бақылауда ұстауды, ал аудан әкімдері мен тиісті басқармаларға жыл соңына дейін жоспарланған құрылыс нысандарын уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз етуді міндеттеді. Аймақ басшысы инвестиция тарту мәселесі Президент пен Үкімет бақылауында екенін атап өтіп, өңірде бой көтеріп жатқан ғимараттардың сапасына ерекше мән беру қажеттігін айтты.

Берік Уәли құрылысқа қатаң талап қойды: 142 нысанның сапасы тексерілді

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫаппараттық кеңесБерік УәлиБерік Уәли құрылысқа қатаң талап қойды: 142 нысанның сапасы тексерілдібюджеттік нысандарқұрылыс сапасы

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС