"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Камышенкада 100 орындық жаңа клуб есігін айқара ашты

17.12.2025
Камышенкада 100 орындық жаңа клуб есігін айқара ашты
30
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Бородулиха ауданының Камышенка ауылында республикалық «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 100 орындық ауылдық клуб пайдалануға берілді. Жаңа нысан ауыл тұрғындары үшін мәдени-әлеуметтік орталыққа айналып, жергілікті жұрттың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік бермек.

Камышенка — тірек елді мекендердің бірі. Мұнда қазір 957 адам тұрады. Клубтың іске қосылуымен 8 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал ауыл балалары мен жасөспірімдері үшін шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ үйірмелері, сондай-ақ домбыра мен түрлі музыкалық аспапта ойнауға баулитын сабақтар ашылатыны айтылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Берік Уәли бұл ғимараттың ауыл өмірі үшін айрықша маңызын атап өтті. Аймақ басшысының айтуынша, Камышенкада соңғы рет 1985 жылы мектеп салынған, содан бері бой көтерген алғашқы жаңа нысан — осы клуб. Ол құрылыс сапасына да оң баға беріп, мұнда алдағы уақытта түрлі шаралар, концерттер мен кездесулер өтетініне сенім білдірді.

Іс-шара барысында облыс әкімі мәдениет ошағына жаңа музыкалық аппарат алуға арналған сертификатты табыс етті. Ауыл тұрғындары да қуанышын жасырмады. Камышенкалық Дана Шабақпаева клубтың ашылуы ауылдың рухани өміріне серпін беретін ерекше оқиға екенін айтып, мәдениет үйі ішінде танымдық әрі тағылымды іс-шаралар жиі ұйымдастырылады деген үмітін жеткізді.

Сондай-ақ, Берік Уәли Новопокровка елді мекеніндегі жаңадан салынған 100 орындық ауылдық клубты да аралап көрді. Мұнда балаларға арналған шахмат, дойбы және қолөнер үйірмелерін ашу жоспарланған. Ал ересектер үшін «60 жастан асқан азаматтарға арналған қызығушылық клубы» жұмыс істемек.

Жалпы Бородулиха ауданында 33 мәдениет мекемесі бар. Оның ішінде бір аудандық және алты ауылдық мәдениет үйі, төрт ауылдық клуб, бір аудандық және 21 ауылдық кітапхана жұмыс істейді. Биыл өңірде бірқатар мәдени нысан жаңартылып, жөндеу жұмыстары жүргізілген: Қарауыл ауылындағы Мәдениет үйі, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана, Абай атындағы театр және Семейдегі Ф.М.Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың шатыры ағымдағы жөндеуден өтті. Ал Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану музейінде күрделі жөндеу жалғасып жатыр.

2025 жылы мәдени инфрақұрылымды дамыту үшін республикалық бюджеттен жаңа нысандар құрылысына қаржы бөлініп отыр. Қазір «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржар ауданындағы Жоғарғы Егінсу ауылында 100 орындық клуб, сондай-ақ Бесқарағай ауданындағы Беген, Глуховка, Ерназар ауылдарында және Ақсуат ауданындағы Көкжыра ауылында мәдениет үйлерінің құрылысы жүргізілуде.

Камышенкада 100 орындық жаңа клуб есігін айқара ашты Камышенкада 100 орындық жаңа клуб есігін айқара ашты Камышенкада 100 орындық жаңа клуб есігін айқара ашты

Мақалада: Ауыл – ел бесігіауылдық клубБерік УәлиБородулиха ауданыКамышенка

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС