"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қарабұлақта ауыл жастарына арналған жаңа спорт модулі есігін ашты

22.12.2025
Қарабұлақта ауыл жастарына арналған жаңа спорт модулі есігін ашты
36
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысының Мақаншы ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында жаңа спорт модулі пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли қатысып, нысанның ауыл тұрғындары үшін маңызына тоқталды.

Қарабұлақ ауылында бүгінде 1569 адам тұрады. Елді мекендегі 230 оқушы спортпен шұғылданады. Ауылда қазақ күресі, аударыспақ секілді ұлттық спорт түрлерімен айналысатындар бар, сондай-ақ шағын футбол алаңы мен күрес мектебінің филиалы жұмыс істейді. Соңғы жылдары дзюдодан аудандық, облыстық жарыстарда жүлде алған спортшылар саны көбейген. Волейбол және футбол командалары да аудан деңгейінде жүлделі орындардан көрініп жүр. Ат спортынан Қарабұлақ командасы аудан намысын қорғап келеді. Сонымен қатар ауыл спортшылары жеңіл атлетика, қол күрестіру және гір көтеруден де аудан чемпиондары атанған.

Қарабұлақта ауыл жастарына арналған жаңа спорт модулі есігін ашты

Жаңа модуль – бір қабатты ғимарат. Мұнда көлемі 800 шаршы метр болатын кең ойын залы орналасқан, нысан бір мезгілде 120 адамды қабылдай алады. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың екінші тоқсанында басталып, төртінші тоқсанында аяқталған. Жоба жеке инвестор есебінен оффтейк келісім негізінде жүзеге асырылғаны айтылды.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген облыс әкімі спорт инфрақұрылымын дамыту – бұқаралық спортты кеңейтіп, халық денсаулығын нығайтудың маңызды тетігі екенін атап өтті. Аймақ басшысының айтуынша, Қарабұлаққа биыл бірнеше әлеуметтік нысан бойынша қолдау көрсетіліп, тұрғындардың сұранысы ескерілген.

Ауыл тұрғындары да жаңа ғимараттың ашылуын үлкен қуанышпен қабылдады. Спорт ардагері Айт Қорғанбаев ауылда ұзақ жылдар бойы жаңа нысан салынбағанын айтып, биыл дәрігерлік амбулатория, көпбалалы отбасыларға тұрғын үй және спорт модулінің қатар іске қосылғанын ауыл жастары үшін маңызды демеу деп бағалады.

Айта кетейік, биыл «Мақаншы аудандық жасөспірімдер спорт мектебі» ашылып, спорттың тоғыз түрі бойынша секциялар жұмысын жүргізіп жатыр. Мұнда 6-17 жас аралығындағы 1196 спортшы жаттығады. Соңғы үш жылда облыста 11 жаңа спорт кешені пайдалануға беріліп, тағы 6 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр.

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫБерік УәлиҚарабұлақМақаншы ауданыспорт модулі

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС