"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Үлгілі ауыл» байқауы: Абай облысының 20 үздігіне жаңа трактор кілті тапсырылды

23.12.2025
«Үлгілі ауыл» байқауы: Абай облысының 20 үздігіне жаңа трактор кілті тапсырылды
33
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өткен облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздары марапатталып, үздік шыққан 10 аудан мен 10 ауылға JINMA 904A маркалы 20 жаңа трактор салтанатты түрде табысталды. Марапаттау рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли қатысып, байқау елді мекендердің көркеюіне серпін беретін маңызды бастама екенін атап өтті.

Байқау қорытындысында ауылдар мен аудандардың бірнеше бағыттағы жұмысы бағаланды. Атап айтқанда, интернетпен қамту, абаттандыру мен көгалдандыруда тың тәсіл қолдану, тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жолға қою, инфрақұрылым мен туризмді дамыту, саябақтар мен жасыл желекті күтіп-ұстау, қоғамдық орындардың тазалығы, мәдени мұраны сақтау, елді мекендер арасындағы жол сапасы, сенбілік ұйымдастыру, тұрғындарды экологиялық шараларға кеңінен тарту, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі, инвестиция тарту және экономикалық әлеуетті нығайту сияқты 20-ға жуық номинация бойынша үздіктер анықталған.

Аймақ басшысы өз сөзінде тазалықты бір реттік науқан ретінде емес, күнделікті дағдыға айналдыру қажет екенін айтты. Оның айтуынша, өңірдің таза әрі жайлы болуы коммуналдық қызметтің ғана міндеті емес, әрбір отбасы мен әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Облыс әкімдігі байқауға белсенді қатысқан елді мекендерге берілген техникалар ауыл ішіндегі тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына нақты қызмет етеді деген сенім білдірді.

Табысталған JINMA 904A тракторлары ауылдарды күтіп-ұстау, аумақты тазалау, жол жиегін реттеу, тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау, көгалдандыру секілді күнделікті жұмыстарға пайдаланылмақ. Жаңа техниканың берілуі ауыл әкімдіктері мен жергілікті қауымға жұмыс қарқынын күшейтуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, облыс әкімі Берік Уәли жыл басында тұрғындарға арнайы үндеу жасап, жалпыөңірлік сенбілікке белсенді қатысуға шақырған болатын. Сол үндеуде жыл соңында арнайы байқау өтіп, үздіктер ынталандырылатыны айтылған.

Биыл «Таза Қазақстан» аясында өңірде ауқымды жұмыс атқарылды: тазалық шараларына 349 мыңнан астам тұрғын қатысып, 52 мың тонна қалдық шығарылды. Көгалдандыру нәтижесінде 70 мыңнан астам көшет отырғызылды. Сонымен қатар ғарыштық мониторинг арқылы анықталған 191 заңсыз қоқыс орны жойылған. Аймақ басшылығы бұл байқауды дәстүрге айналдырып, келесі жылы да жалғастыруды жоспарлап отыр.

«Үлгілі ауыл» байқауы: Абай облысының 20 үздігіне жаңа трактор кілті тапсырылды «Үлгілі ауыл» байқауы: Абай облысының 20 үздігіне жаңа трактор кілті тапсырылды «Үлгілі ауыл» байқауы: Абай облысының 20 үздігіне жаңа трактор кілті тапсырылды «Үлгілі ауыл» байқауы: Абай облысының 20 үздігіне жаңа трактор кілті тапсырылды «Үлгілі ауыл» байқауы: Абай облысының 20 үздігіне жаңа трактор кілті тапсырылды «Үлгілі ауыл» байқауы: Абай облысының 20 үздігіне жаңа трактор кілті тапсырылды

Мақалада: JINMA 904A тракторыАБАЙ ОБЛЫСЫБерік УәлиТаза ҚазақстанҮлгілі ауыл

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС