"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде спорттың «Жыл үздігі – 2025» лауреаттары анықталды

25.12.2025
Семейде спорттың «Жыл үздігі – 2025» лауреаттары анықталды
46
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Семей қаласында өңірдің үздік спортшылары мен спорт саласының қызметкерлерін марапаттауға арналған «Жыл үздігі – 2025» салтанатты шарасы өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли, спорт ардагерлері, халықаралық және республикалық жарыстарда ел намысын қорғаған спортшылар, жаттықтырушылар мен сала мамандары қатысты.

Аймақ басшысы өз сөзінде спортты, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен дәріптеудің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, 2025 жыл өңір үшін бұқаралық спортты жүйелі дамыту, спорттық-бұқаралық жобаларды көбейту және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті спортшылар даярлау бағытында нақты нәтижелермен ерекшеленген. Сондай-ақ ересектер арасында дзюдо мен бокстан Қазақстан чемпионаттарының Абай облысында соңғы 30 жылда алғаш рет өтуі өңірдің спорт инфрақұрылымы мен ұйымдастырушылық әлеуетінің өскенін көрсететіні айтылды.

Шара барысында жеңімпаздар мен үздіктер бірқатар аталымдар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, «2025 жылдың жазғы олимпиадалық спорт түрлерінің үздік спортшысы», «үздік жас спортшысы», «қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің үздік спортшысы», «сурдлимпиадалық спорт түрлерінің үздік спортшысы», «паралимпиадалық спорт түрлерінің үздік спортшысы», «үздік аудан спортшысы», «ұлттық спорт түрлерінің үздік спортшысы», «ұлттық спорт түрлерінің үздік жас спортшысы», «көрермен көзайымы» және «2025 жыл жаңалығы» номинациялары бойынша марапаттар табысталды. Сонымен бірге әлем, Азия чемпионаттары және Азия ойындарының жеңімпаз-жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларына да құрмет көрсетілді.

Кештің маңызды сәттерінің бірі ретінде 25-ші Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Алтынбек Кәкітаев пен Айым Жетпісбаеваға бір бөлмелі пәтердің кілттері тапсырылды.

Өңір спортының жылдық нәтижелері де айтылды. Дзюдодан Қазақстан чемпионатында Абай облысының спортшылары 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль алып, жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады, ал командалық жарыста жеңімпаз атанды. Бокстан Қазақстан чемпионатында да өңір спортшылары 1 алтын және 1 қола медаль иеленді.

Спорт инфрақұрылымына қатысты жаңалықтар қатарында «Туған жерге туынды тік» инвестициялық форумы аясында Семей қаласының әкімдігі мен «KAZ Minerals» ЖШС арасында меморандум жасалып, қалада 25 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионының құрылысы басталғаны айтылды. Бұған қоса, Абайдың 180 жылдығына орай «Абайға құрмет» акциясы аясында Семейде Павлодар облысы Үстел теннисі орталығын, Ақтөбе облысы Жекпе-жек сарайын салып беруді жоспарлап отырғаны назарға алынды.

Қорытынды ақпарат ретінде жерлесіміз Әмірғали Мұратбековтің Шортандыда өткен ҚР Кубогінде скиатлон (20 шақырым) және масс-старт (30 шақырым) жарыстарында жеңіске жетіп, Италияның Милан мен Кортин қалаларында өтетін 25-ші Қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алғаны мәлім етілді.

Семейде спорттың «Жыл үздігі – 2025» лауреаттары анықталды Семейде спорттың «Жыл үздігі – 2025» лауреаттары анықталды Семейде спорттың «Жыл үздігі – 2025» лауреаттары анықталды Семейде спорттың «Жыл үздігі – 2025» лауреаттары анықталды Семейде спорттың «Жыл үздігі – 2025» лауреаттары анықталды Семейде спорттың «Жыл үздігі – 2025» лауреаттары анықталды

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫЖыл үздігі 2025Семейспорт инфрақұрылымыспортшылар марапаты

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС