"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысы әскери-патриоттық тәрбиеде көш бастап тұр

25.12.2025
Абай облысы әскери-патриоттық тәрбиеде көш бастап тұр
33
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Бүгін Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен әскери-патриоттық жұмыс бойынша республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиында Абай облысы бұл бағытта еліміздегі көшбасшы өңір ретінде аталып, кеңеске бейнережимде қатысқан облыс әкімі Берік Уәли 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Аймақ басшысының айтуынша, өңірде әскери-патриоттық тәрбие беру және әскери қызметтің беделін арттыру ісі жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жұмысты тиімді үйлестіру үшін арнайы кеңес құрылып, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сай Қарулы күштер, өзге әскери құрылымдар, мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен шаралар жоспарлы түрде ұйымдастырылған.

Білім беру саласындағы нақты көрсеткіштер де келтірілді. Облыстың білім беру мекемелерінде 255 алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі қызмет атқарады. Оның ішінде 68-і офицер, 156-сы сержанттар мен қатардағы жауынгерлер екені айтылды. Педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында 232 мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Сонымен қатар өңірдегі барлық орта білім беру мекемелерінде «Ерлік сабақтары» өткізілген.

Қазіргі уақытта Абай облысындағы «Жас сарбаз» жасөспірімдер қозғалысына 7047 оқушы қатысады. Қозғалыс құрамындағы үйірмелер мен сыныптарға салалық бағыттарына қарай Шығыс өңірлік қолбасшылығы, Ұлттық ұлан әскерлері, Төтенше жағдай департаменті секілді құрылымдар жетекшілік етеді.

Баяндаманың маңызды бөлігі халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жиынына арналды. Биыл Ақтөбе қаласындағы «Айбын» полигонында өткен байрақты бәсекеге ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан. Алты елдің командалары бақ сынаған додада Семейдегі облыстық Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы мектеп-лицейі бас жүлдені иеленіп, «Абай қырандары» құрама командасы бірінші орын алған. Жеңімпаздар Мемлекет басшысының қолынан марапат алып, дәстүрлі «Жалынды жас патриот» төсбелгісімен де атап өтілген.

Өңірде патриоттық бағыттағы шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Атап айтқанда, «Қазақстан армиясының бір күні», «Айбын», «Алау», «Абай мергені» сайыстары, «Jas Sarbaz Chess Cup» шахмат турнирі, «Қалқан» қысқы спартакиадасы, патриоттық әндер фестивалі сияқты жобалар қоғам тарапынан қолдау тауып отырғаны айтылды.

Жыл қорытындысымен облыста жауынгерлік даярлықта жоғары нәтиже көрсеткен 54 азамат тиісті грантқа ие болған. Ал мерзімді әскери қызметке салтанатты шығарып салу рәсімдері қаладағы тарихи нысандар мен оқу орындары базасында ұйымдастырылған. Абай облысында әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатыны мәлімделді.

Абай облысы әскери-патриоттық тәрбиеде көш бастап тұр Абай облысы әскери-патриоттық тәрбиеде көш бастап тұр Абай облысы әскери-патриоттық тәрбиеде көш бастап тұр

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫАйбын жиыныәскери-патриоттық тәрбиеБерік УәлиЖас сарбаз

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС