"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Көкжайықтан Қарабасқа дейін: екі ауданда жаңа өрт сөндіру бекеттері іске қосылды

29.12.2025
Көкжайықтан Қарабасқа дейін: екі ауданда жаңа өрт сөндіру бекеттері іске қосылды
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Көкпекті ауданындағы Көкжайық және Тассай ауылдарында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ерікті өрт сөндіру бекеттері пайдалануға берілді.

Көкжайық ауылдық округінде ашылған бекет Көкжайық, Қарамойыл, Ақой және Қарағандыкөл елді мекендерінің өрт қауіпсіздігін күшейтеді. Бұл аумақта 460 тұрғын үй, 1 455 адам бар. Ал Тассай ауылдық округіндегі бекет Тассай, Қайнар, Ақсу және Үшкөмей ауылдарына қызмет көрсетіп, 319 тұрғын үй мен 1 088 тұрғынды қамтиды.

Сонымен қатар Бесқарағай ауданында орман және дала өрттерінің алдын алу өзектілігін ескеріп, соңғы күндері Бөдене, Ерназар және Қарабас ауылдарында да жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылып, іске қосылды. Аудан аумағының 400 мың гектарға жуығын ну орман алып жатқандықтан, мұндай нысандардың маңызы ерекше.

Қарабас ауылындағы ашылу рәсіміне аудан әкімінің міндетін атқарушы Ділдар Қалиқанұлы қатысып, тұрғындар мен орман алқаптарының қауіпсіздігін сақтау – аудан басшылығының басты міндеті екенін атап өтті. Ол Бесқарағай ауданында Семей орманы резерватының 6 филиалы орналасқанын айтып, орман қызметкерлері мен жергілікті өрт бекеттерінің үйлесімді жұмысы өрттің алдын алуда шешуші рөл атқаратынын жеткізді.

Жаңа пункттер тәулік бойы қызмет көрсетуге бейімделген заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимарат ішінде демалыс бөлмесі, ас үй аймағы, санитарлық торап және жуынатын бөлме қарастырылған. Бекеттер тұрмыстық, дала және орман өрттері кезінде жедел әрекет етуге бағытталған.

Айта кетейік, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 2026 жылы ауданның тағы бірқатар елді мекендерінде осындай өрт сөндіру бекеттерін салу жоспарланып отыр.

Көкжайықтан Қарабасқа дейін: екі ауданда жаңа өрт сөндіру бекеттері іске қосылды Көкжайықтан Қарабасқа дейін: екі ауданда жаңа өрт сөндіру бекеттері іске қосылды Көкжайықтан Қарабасқа дейін: екі ауданда жаңа өрт сөндіру бекеттері іске қосылды

Мақалада: Ауыл құтқарушыларыБесқарағай ауданыКөкпекті ауданыөрт сөндіру бекетіСемей орманы резерваты

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС