"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан Үкіметі 240 млрд теңге бөлді: оны қайда жұмсамақ

14.01.2026
Қазақстан Үкіметі 240 млрд теңге бөлді: оны қайда жұмсамақ
57
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағын заманауи геологиялық барлау әдістерімен геологиялық тұрғыдан зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында, биыл Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне, яғни неғұрлым егжей-тегжейлі масштабтағы жұмыстарға кіріседі.

Өткен жылы қойылған міндеттерді ескере отырып, жалпы аумағы 100 мың км² болатын аумақта 1:50 000 масштабында геологиялық түсірілім жүргізуге арналған 20 жоба әзірленді. Алдағы уақытта жыл сайын ең перспективалы учаскелердің 30 мың км² аумағын қамту жоспарланып отыр. Салыстыру үшін айтсақ, кеңестік кезеңде қолданылған карталау масштабы 1:200 000 болған.

Алдағы үш жылда аталған 20 жобаны іске асыруға, сондай-ақ аз зерттелген шөгінді бассейндер аумағында сейсмобарлау жұмыстарын жүргізуге және заманауи геологиялық инфрақұрылым қалыптастыруға 240 млрд теңге, яғни шамамен 500 млн доллар бағыттау жоспарланған. Салыстыру үшін: соңғы 15 жылда бұл салаға 469 млн доллар инвестиция құйылған.

Жобаларға Жерді қашықтан зондтау деректерін талдау, аэро-геофизикалық және геохимиялық зерттеулер, сондай-ақ кешенді далалық жұмыстар кіреді.

Учаскелер тізімін қалыптастыруда қорлардың сарқылу факторы, жер қойнауын пайдаланушылардың болмауы немесе өте аз болуы, әрі пайдалы қазбалардың басым түрлері бойынша перспективалылық ескерілді. Нәтижесінде мыс, алтын, қорғасын, мырыш, сирек жер элементтері, барит, боксит кен орындарын анықтау әлеуеті жоғары аумақтар белгіленді.

Сонымен қатар аз зерттелген мұнай-газға перспективалы бассейндерде – Солтүстік Торғай, Шу–Сарысу және Сырдария бассейндерінде сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұдан бөлек, зертханалық-талдамалық базаны жаңғырту және геологиялық деректерді цифрландыру да күн тәртібінде.

Осы масштабта жер қойнауын геологиялық зерттеуге көшу геологиялық болжамдардың дәлдігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Бұл Еуропалық одақ, Канада, Аустралия, Қытай сияқты елдердің халықаралық тәжірибесіне сай келеді. Өңірлік деңгейде детальды карталау перспективалы аумақтарды айқындаудың негізгі іргетасы болып саналады: ол геологиялық әрі инвестициялық тәуекелдерді азайтып, кейіннен геологиялық барлау мен пайдалы қазбаларды өндіруге жеке инвестиция тартуға жол ашады.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС