"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында білім инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңарып жатыр

14.01.2026
Абай облысында білім инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңарып жатыр
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында өңірдің білім саласындағы өзекті мәселелері талқыланды. Басқосуда білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков атқарылған жұмыстар мен жүзеге асқан жобалар туралы баяндады.

Абай облысында білім инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңарып жатыр

2025 жылы облыста білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілген. Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында өңірде 4 мектеп пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Бесқарағай ауданында 300 орындық, Аягөз ауданында 600 орындық, Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 1200 орындық, Водный кентінде 600 орындық жаңа білім ордалары оқушыларға есігін ашты. Қазіргі уақытта облыс орталығындағы Шығыс кентінде 300 орындық мектептің құрылысы жалғасып жатыр.

Жиында апатты деп танылған мектептер мәселесінің де назардан тыс қалмай отырғаны айтылды. Жарма ауданының Суықбұлақ ауылында 100 орындық жаңа мектеп салынып жатыр. Ақсуат ауданындағы Екпін ауылында 300 орындық мектептің құрылысы басталмақ. Ал Семей қаласындағы №11 мектептің орнына жаңа мектеп салуға құжаттар әзірлену үстінде. Бұдан бөлек, Семейдегі №4 және №30 мектептерде қосымша ғимараттар салынып жатыр. Бұл жобалар толық аяқталса, мыңға жуық балаға қолайлы әрі сапалы оқу жағдайын жасауға мүмкіндік береді.

Өңірдегі маңызды нысандардың бірі – Семейде 2025 жылдың соңында ашылған көпфункционалды Оқушылар сарайы. Нысанның жалпы ауданы 9 800 шаршы метрді құрайды. Ғимарат бір мезетте 500 балаға лайықталып, ауысыммен 1500 оқушыға дейін қабылдай алады.

Сондай-ақ өткен жылы облыстағы 12 мектепке күрделі жөндеу жүргізуге 2,9 млрд теңге бағытталған. Оның 9-ы толық реновациядан өтіп, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұған қоса, облыстың 75 мектебіне 131 оқу кабинеті сатып алынды, оның ішінде 89-ы жаңа модификациядағы кабинеттер. Ауылдағы қосымша білім беруді күшейту мақсатында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 36 мектеп 58 кабинетпен және 4 балалар шығармашылық орталығы 500 млн теңгеге техникалық-ғылыми, stem бағытындағы жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықталған.

Аймақ басшысы білім сапасын арттыру мен балаларға тең мүмкіндік беру мәселесі үнемі назарда болатынын атап өтті. Оның айтуынша, «Келешек мектептері» бой көтеріп, қолданыстағы білім ұйымдары кезең-кезеңімен жаңғыртылып келеді, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қосымша біліммен қамту жұмыстары да жалғаса береді.

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫбілім саласыКелешек мектептерімектеп құрылысыОқушылар сарайы

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС