"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде жедел жәрдемнің автопаркі жаңарып жатыр: алғашқы 10 көлік тапсырылды

23.01.2026
Семейде жедел жәрдемнің автопаркі жаңарып жатыр: алғашқы 10 көлік тапсырылды
36
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысындағы медициналық ұйымдар биыл қыркүйек айына дейін 100 жаңа санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етіледі. Соның алғашқы легі ретінде облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына 10 жаңа көліктің кілтін салтанатты түрде табыстады.

Қазіргі таңда бұл станция санитарлық автокөлікпен толық қамтылғанымен, қолданыстағы техникалардың тозу деңгейі 90 пайыздан асып кеткен. Мәселені шешу үшін өткен жылы «Абай облысы медициналық ұйымдары үшін санитарлық автокөлік сатып алу» жобасы аясында лизингтік қаржыландыру жолымен Hyundai, JAC және «Газель» маркалы 100 жаңа көлік алынған. Оның 67-сі облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына, 33-і аудандық медициналық ұйымдарға беріледі. Жаңа автокөліктердің барлығы GPS-навигациямен және шақыртуға шыққан кезде қажет болатын медициналық жабдықтармен толық жарақталған.

Салтанатты рәсімде аймақ басшысы денсаулық сақтау саласын дамыту өңір үшін басым бағыт екенін атап өтіп, жаңа техникалар шұғыл көмектің сапасы мен тиімділігін арттыратынын айтты. Сондай-ақ бұл бағытта соңғы рет көліктер 2020 жылы алынғанын, арада бес жарым жыл өткенде автопаркті жаңарту мәселесі өзекті болғанын жеткізді.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында 872 адам еңбек етеді. Мекеме 620 мыңнан астам тұрғынға күн сайын қызмет көрсетіп, жылына 250 мыңнан астам шақыртуға шығады.

Өңірдегі медицина инфрақұрылымын күшейту жұмысы да қатар жүріп жатыр: өткен жылы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 60-тан астам жаңа нысан салынды. Мақаншыда күндізгі стационары, зертханасы және әйелдер консультациясы бар дәрігерлік амбулатория ашылды. Аягөз аудандық ауруханасында 10 төсектік реанимация бөлімшесінің қосымша құрылысы аяқталып, сол мекемеде МРТ орналастыруға арналған қосымша ғимарат құрылысы басталды. Үржар аудандық ауруханасы базасында «Тері арқылы коронарлық араласу орталығының» қосымша ғимараты да салынып жатыр. Үкімет қолдауымен бой көтеретін 300 орындық облыстық көпбейінді аурухана мен 200 орындық балалар ауруханасының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жалпы 2025 жылы өңірдің денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Семейде жедел жәрдемнің автопаркі жаңарып жатыр: алғашқы 10 көлік тапсырылды Семейде жедел жәрдемнің автопаркі жаңарып жатыр: алғашқы 10 көлік тапсырылды Семейде жедел жәрдемнің автопаркі жаңарып жатыр: алғашқы 10 көлік тапсырылды Семейде жедел жәрдемнің автопаркі жаңарып жатыр: алғашқы 10 көлік тапсырылды Семейде жедел жәрдемнің автопаркі жаңарып жатыр: алғашқы 10 көлік тапсырылды

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫДенсаулық сақтаужедел жәрдемсанитарлық автокөлікСемей

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

4 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

4 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

4 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

4 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС