"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

379 млрд теңгенің құрылысы: Берік Уәли мерзімінен кешіккен нысандарға «қатаң бақылау» тапсырды

23.01.2026
379 млрд теңгенің құрылысы: Берік Уәли мерзімінен кешіккен нысандарға «қатаң бақылау» тапсырды
37
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өңірдегі ірі құрылыс жобаларының жүзеге асу барысына арналған арнайы жиын өтті. Басқосуға салаға жауапты басқарма басшылары мен аудан әкімдері қатысты.

Жиында 2025 жылдың қорытындысы бойынша аймақтағы құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 354 млрд теңгені құрағаны айтылды. Ал 2026 жылы бұл көрсеткіш 379 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде. Қазіргі таңда облыста бюджет қаражаты есебінен 35 әлеуметтік нысанның құрылысы жалғасып жатыр. Сонымен бірге off-take келісімдер аясында білім, спорт және мәдениет бағытындағы бірқатар жобалар қолға алынған.

Президенттің қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясы шеңберінде 16 жоба әзірленіп жатқаны да жиында назарға алынды. Бұл бағытта басқа облыстармен қатар ұлттық компаниялармен де жаңа ғимараттар салуға қатысты келіссөздер жүріп жатыр.

Семей қаласының Водный, Бобровка және Ұшақтар кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр. Облыс орталығында 18 жастан асқан азаматтарға арналған 100 орындық психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылысы аяқталған. Сондай-ақ чиптер мен электронды қондырғылар өндіретін индустриялық парк пен 25 мың орындық стадион құрылысы басталғаны айтылды.

Аудандардағы жобаларға тоқталсақ, Жарма ауданының Суықбұлақ ауылында 100 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жеке инвесторлардың қаражатына Жаңасемей ауданында ірі ет комбинаты, ал Абай ауданында «Этно ауыл Жидебай» туристік кешені қарқынды салынып жатқан нысандар қатарында аталды.

Аймақ басшысы жиында әрбір ғимараттың өңір үшін маңызы зор екенін атап өтіп, құрылысы басталған барлық нысандарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар іргетасы қаланып, бірақ жұмысы баяулаған жобаларға ерекше назар аударып, құрылыс қарқынын күшейтуді талап етті. Салаға жауапты орынбасарлары мен басқарма басшыларына нысандардың барысын қатаң бақылауда ұстап, жобалардың уақытында іске асуын қамтамасыз етуді жүктеді.

«Бүгін өңірімізде салынып жатқан әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың қазіргі жағдайын, құрылыс барысын және туындаған мәселелерді талқылау үшін жиналып отырмыз. Жобалардың басты мақсаты – тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту және өңірді көркейту. Әр нысанның уақтылы әрі сапалы іске қосылуы өңірдің даму қарқынына тікелей әсер етеді. Осындай жиынды үш аптада бір рет өткізіп тұрамыз. Әр нысан жеке бақылауымда болады», – деді облыс әкімі.

379 млрд теңгенің құрылысы: Берік Уәли мерзімінен кешіккен нысандарға «қатаң бақылау» тапсырды

379 млрд теңгенің құрылысы: Берік Уәли мерзімінен кешіккен нысандарға «қатаң бақылау» тапсырды
default

379 млрд теңгенің құрылысы: Берік Уәли мерзімінен кешіккен нысандарға «қатаң бақылау» тапсырды

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫәлеуметтік нысандарБерік Уәлиқұрылыс жобаларыСемей

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС