"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШАҒАНҒА ҚАЙТАР ЖОЛ БАР МА?

«Конечнаяға» кеткен пойыз бір күні қайта оралар ма екен?

02.03.2026
ШАҒАНҒА ҚАЙТАР ЖОЛ БАР МА?

Сурет: ЖИ көмегімен дайындалды

463
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Бұл өлкеде пойыздар шығыстан батысқа қарай, батыстан шығысқа қарай жүйткіп жатады…

Бұл өлкеде қашықтық атаулы темір жолдың алыс-жақындығына қарай өлшенеді…»

Шыңғыс Айтматовтың әйгілі «Боранды бекет» романындағы осы жолдар, сол пойыздардың үні мен үшін әрқашан өз даламның үстімен өткен пойыздармен, өз әкемнің сағынышымен үндесіп тұрады.

Ауылдың болашағы жайлы әңгіме бүгін ғана туған жоқ. Біз бала кезімізде де үлкендер осыны айтатын. Әкемнің замандастары бас қосқанда сөз айналып келіп ауылдың  тағдырына, болашағына тірелетін. Солардың арасында әкемнің замандасы, бөлімше меңгерушісі болған  ақсақал бар еді. Жиған-тергенімен өзіне белгі қалдыруды армандаған қария өмір бойы мекені болған Бөденеге емес, көрші Шағанға мешіт салдырды. Жол бойындағы тас мешіттің маңдайшасына атын  жаздырды. Неге өз ауылына емес? Өйткені ол Бөдененің болашағына сенбеген еді.

Тағдыр бәрін керісінше жазды.

Бүгін “Қаладан – ауылға” деген сөзді естіген сайын мен әкемді жиі ойлайтын болдым. Оқуымызды аяқтаған соң  ата-анамның алты баласына да қаланың тіршілігі бұйырды. Оқу, жұмыс, тұрмыс деп қалаға орныққан біздерге анамыз дүниеден өткен соң ауылдағы әкемізді қалаға көшіру оңай болмады. Ақыры, көндірдік. Қалаға көшірдік. Бірақ адамның өзін көшіруге болғанмен, жүрегін көшіру қиын екен. Ауыл жанынан Семей мен Курчатовты жалғаған пойыз өтетін. Таң ата Семейге, кешкі алтыда Курчатовқа қарай жүйтки жөнелетін. Ол кезде Курчатов атауының өзі жұмбақ естілетін: жабық әскери қала, бөтенге есігі ашық емес. Сондықтан, соңғы станция болғандықтан ба, біз оны өзара «Конечная» деп атайтынбыз. Ауыл үстімен сырғып өтетін сол пойыз бізге қалаға қатынаудың ең ыңғайлы жолы еді. Әскерилермен бірге біздің ауыл тіршілігінің бір бөлшегіндей болған сол пойыз да тоқтап қалды.

Семейдегі қазіргі жаңа мешіттің маңында әкем мен анамның балаларына арнап алып қойған жер үйі болатын. Сол үйде кенже ұлы мен келіні тұрды. Әкемді сол үйге көшіріп әкелгенімізбен, көңілі ауыл жақта болды. Үйдің жанынан өтетін темір жолға  таңертең ауыл жақтан пойыз келетін уақытта, кешке ауылға қарай жүретін мезетте сыртқа шығып,  телмірумен болатын.

— «Жаңа пойыздың терезесінен ауылдың біреуін көрген сияқтымын…»- дейтін әкем кейде.

Әрине, ешкімді көрмейтін. Бірақ көргісі келетін. Өйткені ол сағыныш еді. Ауылға барғысы келіп тұратын… Малын тастап кеткен туыстарын сылтау қылатын. «Дәуренбектерге сәлемдеме дайындаңдар… Малдың жайын бір байқап қайтайын»,- дейтін. Кешкі алтыдағы пойызға міну үшін түскі он екіден вокзалға асығатын. Ауылға барып келген соң бірнеше күн бойы сол жақтың ауасын ала келгендей жүретін. Сол кезде түсінбеппіз: адам туған жерінен алыстаған сайын жаны соғұрлым жақындай береді екен.

Біздің  бөденеліліктердің тағдыры Шағанмен тығыз байланысты еді. Ауылымыздағы барлық  бала Шағанда  дүниеге келген. Бүкіл Шаған мен Бөденедегі балалардың  кіндік шешесі  жалғыз акушер Клара апай болатын. Орыс болса да, қазақтың талай шаңырағына қуаныш сыйлаған жан.

Шаған жабық әскери қала еді. Аэродромы, госпиталі, тәртіпке бағынған өмірі бар. Біз үшін ол қол созым жердегі басқа әлем болатын. Бөденеде аурухана да, үлкен дүкен де жоқ. Бар тіршілік Шағанға байланған. Біздің ауылдың тұрғындарының кіріп-шығуына кедергі болған емес.

Шаған мен Бөдене арасында ПАЗ автобусы жүретін. Поштаның жанында жол тосып тұратын әйелдер үшін алдымен шаң, сосын автобустың төбесі көрінген сәт ауыл үшін кішкентай мереке іспетті болатын. Өйткені автобус бірде бар да, бірде жоқ… Жиырма тиын төлеп, басқа әлемге баратынбыз.

Әскери қалашықтағы хош иісі көшеге шығып тұратын наубайхананың ыстық наны мен тоқашының дәмі,  ертеңгілік су себіліп тап-тұянақтай болып гүлге оранып тұратын кең көшелері, тәртіпті тіршілік — бәрі санамызда балалықтың жарқын беттеріндей болып сақталып қалды. Ал біздің ауылдың тамыры Ертістің арғы бетіндегі Долонмен байланысты. Бөдене — сол Долон ауылдық округінің бөлімшесі.

Құмдауыт топырағында ерекше тәтті қарбыз өсетін. Бір кезде Мәскеуге дейін жеткен, ВДНХ-ға қойылған атақты Долон сорты сол біздің жердің өнімі еді. Қып-қызыл, дәмі балдай, жаздың иісі бұрқырағын, сопақша келген сол қарала  қарбыз  сорты қазір жоқ болып кетті. Күзде ауылдың балалары қарбыз жинауға баратын. Теңкиіп-теңкиіп  жатқан қарбыздар  даласы біз үшін жұмыс емес, жазбен қоштасу мерекесі сияқты еді. Қайтарда әр балаға бір қаптан қарбыз алып қайтуға рұқсат берілетін.

Біздің ауылда, жалпы, әр үйдің темір кереуетінің асты толған қарбыз болатын. Үйдің іші осы қарбыздармен бірге жаздың иісін ұзақ сақтап тұрғандай сезілетін.

Сол иіс… Бала күніміздің, бақытты шақтарымыздың иісі еді.

Біздің Долон өңірінен тағы бір әңгіме естігенім бар. «Ахау, Семей» әнінің авторы — Долонда тұрған Бадалаев атты орыс» деген әңгімені үлкендер айтып жүретін. Бұл жайлы кейіннен кезінде “Семей таңы” газетінде қызмет істеген Мұқан Имашев ағамыз да  айтып еді. Шын-өтірігін кім білсін. Бірақ баянмен айтылатын сол әнде біздің даланың үні бар сияқты көрінеді. Әкем кейде сол әнді ыңылдап отыратын. Дауыстап емес. Жай ғана, өзіне ғана естілетіндей. Сол кезде мән бермеппін. Енді ойласам, ол әнде туған жерден алыстаған адамның сағынышы бар екен.

Еліміз Тәуелсіздігін алған күні  Шағанның тағдыры мүлде басқа арнаға бұрылды. Қалашық бір-ақ күнде  қаңырап бос қалды. Кеңес Одағы құлаған күні әскерилер тарап кетті. Тек чемодандарын ғана алып… Үйлерін жиһаздарымен  тастап кетті. Пойыз тоқтады. Госпиталь үнсіз қалды. Кеше ғана тіршілігі тасып тұрған қала бір күнде өлі мекенге айналды. Ал Бөдене аман қалды. Бірақ сыңарынан айырылып, жетім қалғандай болды. Өйткені Шаған мен Бөдене тіршілігі біте қайнасқан  ауылдар еді. Уақыт өте Бөдене ауылының тұрғындары  бірігіп, жаңа мешіт тұрғызды. Бұл туған ауылынан аттап, Шағанға  мешіт салып кеткен ақсақалдың күмәніне берілген үнсіз жауаптай еді. Қазір екі мешіт бар: бірі қаңыраған қаланың шетінде, бірі  тіршілігі қайнаған ауылдың ортасында.

Екеуінің арасы — біздің тарихымыз.

Бүгін Шаған тағы бір таңдау алдында тұрғандай. Ірі өндіріс, инвестиция, жаңа жобалар туралы әңгіме көп. Бірақ бұл жер — жай ғана өндіріс алаңы емес. Мұнда мыңдаған баланың кіндік қаны тамған. Кейде ойлаймын… Егер сол жерлерге мұсылман халықтарының табиғатына жат доңыз бордақылайтын кәсіпорын  емес, Долонның баяғы қарбызы қайта егілсе ғой. Бір кезде Мәскеуге дейін жеткен сол сорт қайта тірілсе, керемет емес пе? Бұл далада сондай бір дәм болғанын келешек ұрпаққа жеткізу керек қой…

Ол үшін бізге, бәлкім, тағы бір топ бастайтын  ақсақал  керек шығар. Бірақ бұл жолы мешіт салатын емес, қаңыраған мекенге жан бітіретін. Біз индустрия туралы айтамыз, инвестиция туралы айтамыз. Бірақ жердің де жаны бар екенін ұмытып барамыз. Бұл бос жатқан аумақ емес. Бұл — біздің  кіндік қанымыз  тамған жер. Мұнда ата-анамыз  бақытты өмір сүрген. Сүйген. Үміттенген. Болашаққа жоспар құрған.

Шағанның тағдыры — бір ауылдың тағдыры емес. Тұтас қазақ даласының алдында тұрған сұрақ: біз жерді тек игеріп қана қоймай, сақтай да аламыз ба? Егер біз Жер-Ананы құрметтемесек, ертеңгі ұрпақ  бізді кешірмейді. Тарих бізді кешірмейді. Шағанға қайтар жол бар. Бірақ ол жол өзінен-өзі салынбайды. Оны адамдар салады. Ниет салады. Ар салады. Бәлкім, бір күні осы далада тағы да пойыздар жүйткір. Айтпақшы, сол электричкаға ұқсайтын вагондар қазір қайда екен?

Шығыстан батысқа қарай, батыстан шығысқа қарай.

Айтматов жазған пойыздар уақыттың жүгін тағы бір арқалап өтер. Тек  жадымызды алып өтпесе екен. Бәлкім, сол жолдардың бірі бүгін “Қаладан – ауылға” болып қайта ашылар… Егер адамдар туған жеріне қайта бастаса, дала да өзгереді. Бәлкім, бір күні осы даладан тағы да қарбыз иісі шығар. Сонда біздің жоғалтқанымыз да қайтып келер.

Сенейік! Үміттенейік! Тек СЕНІМГЕ СЫЗАТ ТҮСПЕСІН!

РИЗА МОЛДАШЕВА

Ұқсас жаңалықтар

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

03.07.2026
Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің...

Толығырақ...Details

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

03.07.2026
Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың бұйрығымен құрылған Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Аталған іс-шара мемлекеттік органдарды,...

Толығырақ...Details

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

02.07.2026
Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Бейжіңдегі Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің ресми таныстырылымы және Қазақстан–Қытай AI-кино мен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

02.07.2026
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және...

Толығырақ...Details

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

02.07.2026
Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

Абай облысында еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясының Абай облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес мүшелері және Бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

9 минут бұрын

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

15 минут бұрын

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

16 часов бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

19 часов бұрын

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

20 часов бұрын

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

21 час бұрын

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

22 часа бұрын

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

1 день бұрын

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

2 дня бұрын

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС