Semeytany.kz — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу жөніндегі келісімнің жасалуын құптады.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Telegram арнасында жазды.
Президенттің айтуынша, бұл келісімге Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы нәтижесінде қол жеткізілген.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев аталған уағдаластықтың жүзеге асуына АҚШ Президенті Дональд Трамптың, Иранның жоғарғы басшылығының және әскери қақтығысқа қатысқан тараптардың ізгі ниеті мен парасаттылығы ықпал еткенін атап өтті.
Мемлекет басшысы қол жеткізілген бітім келісімі ұзақ мерзімді сипат алып, әлемдік сауданың дамуына және елдердің экономикалық өркендеуіне оң әсер етеді деген үміт білдірді.







