"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙТМАТОВТЫҢ «АҚ КЕМЕСІ» СЕМЕЙ САХНАСЫНДА

15.05.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Дәуір алмасып, замана өзгерсе де, өз мәнін жоймайтын құндылықтар бар: адамгершілік, адамзаттың түп тарихына һәм табиғат — анаға деген құрмет сезімдері. Ал осынау құбылыстар аңыз бен шынайы өмір желісін үйлестіру арқылы ғажап суреттелетін көркем шығармалардың бірі – Шың—ғыс Айтматовтың әйгілі «Ақ кеме» повесі. Сондықтан болар, бұл туынды Кеңес заманында—ақ кино, қала берді театр сахнасына лайықталды.

{jcomments on}Аталмыш спектакльді таяу аралықта Семейдегі Достоевский атындағы орыс драма театрының әртістері сахналамақ. Қоюшы-режиссер — литвалық драматург Линас Мариюс Зайскаускас. Есімі Шығыс Еуропа һәм ТМД елдеріне танымал өнер адамының бұл — Қазақстанға жасаған екінші сапары екен. Осыған дейін Алматы шаһарында ағылшын жазушысының туындысын сахнаға шығарыпты. Ал Семейге аталмыш театр директоры Яков Горельниковтың шақыруымен арнайы келіп, актерлерді даярлап жатыр. 

— Шығармашылығымда бірнеше спектакль бар. Яков Веняминовичке солардың бірқатарын ұсынғанымда тек Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» повесінің желісі бойынша жазылған туындыны таңдады. Осыған дейін бұл қойылымды Башқұртстан астанасы Уфа қаласында сахнаға шығарып едім, — дейді Л.Мариуюс Зайскаускас.

Бүгінге дейін 80-нен аса қойылымды сахналаған режиссер аталмыш спектакльдің жаңашылдығы мол екенін айтады. Мәселен, сахна төрінде суреттік кескіндемелер көрсетілетін алып экран, жанды оркестр бар. Тек қиянатшылдық пен зұлымдықты дәл көрсету үшін сахнаға бұғы ұшасын алып шығу ғана техникалық себептерге байланысты мүмкін болмапты. Ал повесть желісі бойынша, шынайы өмір мен аңыз әпсанасы қатар өріледі. Сахнада Марал ана сынды мифтік кейіпкерлер де бар. Мұндай образдарды бірнеше актерлер қатар сомдайды. Алайда шығарманың негізгі өзегі – кіршіксіз таза бала әлемінің ересектердің қиянатқа толы өміріне төзе алмауы, табиғатқа жасалған жауыздық, қоғамдағы әділетсіздік. Бұл    идеяны беруде қоюшы-режиссер мен қоюшы-суретші ерекше сахналық декорацияға сүйенбек.

 

Ал басты рөлдерде театрдың майталман актерлері ойнайды. Мәселен, басты кейіпкерлер — Момын шал рөлінде ҚР Мәдениет қайраткері Федор Любецкий, балақай рөлінде Александр Сухов, ал Марал ана бейнесін Елена Дручинина сомдамақ.

 

Өнерпаздардың репетициялық жұмыстарына екі айдан аса уақыт өтіпті.

– Бұрын — соңды мұндай ұзақ даярлық біздің театрда орын алған емес. Сол себептен де образға ену мен сахналық декорацияға ерекше мән берілуде. Демек, семейлік өнерсүйер көрермен үшін тың тарту әзірленуде деген сөз, — дейді актер А.Сухов.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС