"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ АРҚАУЫ — БИЛЕР СОТЫ

19.05.2015
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мәдени, рухани сала бойынша өткен апта қаламыз үшін айшықты жаңалықтарға толы болды. Өз қабырғасындағы ілім алушы жастар үшін түрлі танымдық-тағылымдық шараларға жиі ұйытқы болатын іргелі оқу орындарының бірі Қаз ИГЗУ-де Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Конституциямыздың 20 жылдығын бір арнаға тоғыстырған ерекше конференция өтті. «Қазақ даласындағы Ресей мемлекеті бекіткен заңдар және Қазақ елінің құқықтық жүйесі мен сот қызметі, билер дайындаған ережелер, Абай Құнанбайұлы жазған «Қарамола» ережесі сынды заңдардың Қазақ елінің құқығы мен билер сотын жаңғыртуға қосқан үлестері» тақырыбында ұйымдастырылған өңірлік ғылыми басқосудың  мазмұны ауқымды екен.

Аталмыш конференцияға Жоғарғы Соттың судьясы Әділ Құрықбаев, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров,  ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары К. Баделхан, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстық соттарының судьялары, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары арнайы қатысты. Сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ оқу орындары мен БАҚ өкілдері де жиналды.

 

{jcomments on}Ғылыми конференцияның құрметті қонақтары Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті «Философия» кафедрасының меңгерушісі, ғылым докторы Ғарифолла Есім, Абай атындағы Қазақ ҰПУ әлеуметтік тарих кафедрасының меңгерушісі, профессор, Мәмбет Қойгелді, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Педагогика жоғары мектебінің директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспембетов, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті “Қазақ тілі” кафедрасының меңгерушісі, профессор Айман  Зейнулина, сондай-ақ сот төрағалары мен судьялары баяндама жасады.

 

Мінберде алғашқы болып ҚР Жоғары Сотының судьясы Әділ Жамбасбайұлы кіріспе сөз алды.

— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Ұлытау төрінде берген сұхбатында еліміздің елдігін айғақтайтын, тарихтан белгілі іргелі шаралар қатары туралы атап өткен болатын. Онда әсіресе қазіргі күнгі мемлекеттілігімізге негіз болған билер соты, хандық дәуірдегі билік жүргізу ерекшеліктері сынды бірқатар мәселелерге  де тоқталған-ды. Бұл тарапта біз үшін әлі де өткен тарихты екшеп, таразыға салып, айғақтап алар жайт баршылық. Мысалы, солардың бірі ретінде, Абайдың өзі қатысқан қазақ елінің игі жақсылары, бес болыс елдің билеушілері бірігіп жазған «Қарамола» ережесінің мән-мағынасын, құқықтық іс жүргізудегі тәлімін салмақтау қажеттілігін айтуға болады. Жалпы, қорыта айтар болсақ, бұл бағыттағы жүргізілуі тиіс жұмыстар Елбасы өзі бастама етіп көтерген «Мәңгілік Ел» идеясына барып тіреледі. Өткенімізді өлшемге ала отыра, жас ұрпақ бойына заң қағидаларының қазақ дәстүрінде де болғанын сіңіруіміз керек. Өткен тарихты білмей ертеңге жол жоқ. Ендеше, ұлы шараларді іске асыруымыз қажет. Бүгінгі конференцияның басты мақсаты да осы болып табылады, — деді өз сөзінде ҚР Жоғары Сотының қадағалау алқасының судьясы Әділ Құрықбаев. Ол өз баяндамасында Абай Құнанбайұлының қазақ елінің жазба негіздегі заңдар жинағының қалыптасуына сіңірген еңбегіне тоқталды. Абай Құнанбайұлы тек ел билеуші, ағартушы, қоғам қайраткері ғана емес, заң шығаруға үлес қосқан ерекше тұлға.

Жиын беташарында Семей қаласының әкімі  Айбек Кәрімов та сөз алды. Айбек Мүталапханұлы өз сөзінде өңірлік ғылыми конференцияның Семей жерінде өткізілуі қалалықтар үшін үлкен мәртебе екенін айта келіп, Жоғары Сот төрағасы Қайрат Мәмиге ризашылығын білдіретінін жеткізді. Сондай-ақ, қатысушыларды Семей жеріне келуімен құттықтай отырып, тарихы тереңнен тамыр тартатын өңіріміздің шежіресіне де тоқтала кетті.

-Мемлекетіміздің Конституциясында «Адам өмірі мен құндылығы мемлекеттің ең басты байлығы» деп атап көрсетілген. Бұл ұғымдарға ата-бабаларымыз, кешегі билер төрелігінде де көңіл бөлінген. Ал осы өңірде өмір сүрген тарихи тұлғалар, би-шешендер өз қайраткерліктерімен мемлекеттілігіміздің қалыптасуына үлкен үлес қосқан болатын. Олар жайлы бүгінде мақтанышпен айта аламыз. Би Байғара, би Боранбай, Ақтайлық би, Кеңгірбай би, Сасан би, Құт Шаянбай сынды тұлғалар өз заманында халық қалаулысына айналған болатын. Ел дауы, жер дауы тек билер кеңесінде шешіліп, қоғам тұрақтылығының сақталуында елеулі мән-маңызға ие болды, — деді Айбек Кәрімов өз сөзінде. Қала әкімі осылайша өңірімізде өмір сүрген атақты би-шешендер өмірі мен қазақтың елдік мүддесіне сіңірген қызметін, тіпті, артына қалдырған нақыл сөздеріне де тоқталып, алыс-жақыннан жиналған меймандарға таныстырып өтті.

Келесі кезекте Қаз ИГЗУ ректоры, саяси ғылымдар докторы Шырын Құрманбаева көпшілік алдында құттықтау сөз алды.

-Қазақ елінің әдет-ғұрпына сіңіскен билер соты және олардың қазіргі таңдағы құқықтық процестерге ықпалын зерттеуге бүгінде мемлекет тарапынан баса назар аударылып отыр. Біздің университетіміздегі оқу процесінде қазақ елінің құқықтық тарихын зерттеуге де үлкен көңіл бөлінеді. Себебі, тарихты білмей, оның жетістіктері мен кемшіліктерін меңгермей, өткен ғасырларда өмір сүрген тұлғалардың, ойшылдардың саяси-құқықтық ілімдері мен көзқарастарын, ой-пікірлерін бүгінгі күн тұрғысынан қарастырмай, болашақпен байланыстырмай – өркенді, дамыған ел болып қалыптасу мүмкін емес, — деп атап өте келе, келешекте еліміздегі заңнаманы жетілдіру төңірегінде ғылыми тұрғыдан бірлескен жұмыстар ұйымдастыруға мүмкіншілік зор екенін жеткізді. Себебі, қазіргі күні аталмыш оқу орынындағы құқықтық факультеттің әлеуеттілігі зор.

Ал ғылыми жиынның құрметті қонағы, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «Философия» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім өз сөзін осындай іргелі шараны өткізуге мүмкіндік беріп отырған Қаз ИГЗУ ректоры, саяси ғылымдар докторы Шырын Құрманбаеваға барша конференция қатысушылары атынан алғыс білдірумен бастады.

-Құрметті қауым, әріптестер, замандастар! Мен таң-тамаша қалып отырмын. Елдік мәселесін бірінші болып сот жүйесінің көтергені — бұл үлкен жақсылықтардың бастамасы. Конференцияға облыстық сот төрағаларының жиналуына қоғамтанушы ғалым ретінде өз ризашылығымды білдіремін. Ал Айбек Мүталапханұлының баяндамасына қарап, еліміздегі барлық әкімдер дәл осындай қазақ руханиятына үлкен құрметпен қарайтын болса, жағдайымыз жаман болмас еді деген ой түйдім, — деді. Осыдан соң философ ғалым Мұхаммед Хайдар  Дулатидың тарихи жазбаларындағы қазақ халқының қалыптасу кезеңі және сол оқиғаға негіз бол-ған мемлекет құру идеясының туындауы жайында кең көлемді баяндама жасады.

Сондай-ақ, тағылымды баяндама жасағандардың қатарында  Абай атындағы Қазақ ҰПУ-нің   «Әлеуметтік тарих» кафедрасының меңгерушісі, профессор, танымал тарихшы Мәмбет Қойгелді де болды.

— Мұндай конференцияның берері мол. Әсіресе, оған жастарды көптеп қатыстыру қажет. Қазіргі заман өте күрделі. Себебі, жеріміз өте үлкен әрі қазынаға бай. Біз тарихтан жақсы білеміз. Кейбір елдерге оның жері сор болған. Ал мықты елдерге оның жері бақ болған. Елбасымыз өзінің бір сөзінде біздің жеріміздің қазыналы екенін, ал қазыналы жерге көз тігушілердің көп болатынын, сондықтан да бұл сын-қатерге даяр болуымыз керектігін баса атап өткен болатын. Бүгінгі мемлекетшілдікті нығайту жолындағы мақсат-мүддеміз міне, осы арнада да келіп тоғысады, — деген ғалым «Мәңгілік Ел» идеясының түп негіздеріне де кең көлемде шолу жасап өтті.

Осыдан соң екі cессиядан тұратын конференция жұмысына ретімен кезек берілді. Бір күнге созылған ғылыми басқосуда елімізге танымал белгілі тарихшылар, заңгерлер мен филолог ғалымдар, зерттеушілер мен жазушылардың 20 ғылыми баяндамасы оқылды. Аталған баяндамаларда Қазақ хандығындағы мемлекеттік басқару ісі, билер сотының рөлі және қазақтардың дәстүрлі құқықтық жүйесі тақырыптары  кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар іс-шара аясында университеттің Ғылыми зерттеу орталығы «Кешегі Алаш идеясы — бүгінгі Мәңгілік Қазақ Елі» тақырыбында экспонаттармен тарихи материалдардың арнайы көрмесі мен Қазақ хандығы билерінің өмірі мен қызметі туралы кітап, сурет көрмелерін  ұйымдастырды.

Іс-шара соңында конференцияға қатысушылар өлкетану мұражайын, Абайдың қорық-мұражайын, Невзоровтардың отбасылық мұражайын аралап, Семей өңірінің сан ғасырлық бай тарихымен танысты.

Аталмыш шара еліміздегі Жоғарғы Соттың      ұйытқы болуымен ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткізілетін «Қазақ құқығы мен билер сотының төрелігі — қазақ мемлекеттілігінің феномені» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференцияға дайындық болып табылады. Ал осынау конференция материалдары алдағы уақытта жеке жинақ болып жарық көрмек.

 

Қуаныш ҚОЖАЕВ, «Семей таңы»

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

19 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

20 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

21 час бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

21 час бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

21 час бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

3 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

3 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

3 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС