"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Алпыс жыл эфирде: «SEMEI» телеарнасы мерейтойын атап өтті

14.11.2025
Алпыс жыл эфирде: «SEMEI» телеарнасы мерейтойын атап өтті
30
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облыстық «SEMEI» телеарнасына биыл 60 жыл толды. Алты онжылдық ішінде аймақтық арна өңір жұрты мен билік арасында дәнекер болып, ұлттық рухты, елдік сананы оятуға елеулі үлес қосты.

1965 жылдың 1 қыркүйегінде Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты. Ол кезде жаңа студия Алматы, Қарағанды, Өскемен, Ақтөбе телестудияларынан кейінгі республикадағы бесінші, ал бүкіл Одақ бойынша 116-телестудия ретінде тіркелген еді.

Бүгінде «SEMEI» телеарнасы тәулігіне 14 сағат бойы эфирге шығып, көрерменге 30-ға жуық авторлық бағдарламаны ұсынады. Жаңалықтар қызметі күніне бес рет хабар таратады. Ақпараттық кеңістіктегі бәсекеге сай болу үшін арнада «Digital SEMEI» шығармашылық бөлімі құрылып, жаңа медиа бағытындағы жобалар жүйелі түрде іске асырылуда.

Телеарна алғаш рет Қытай Халық Республикасынан тікелей қосылым ұйымдастырып, халықаралық деңгейде хабар таратты. Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойы кезінде арна тікелей эфирлер мен әлеуметтік желілер арқылы жедел ақпарат жеткізді. Биылғы жылы да бірқатар деректі фильмдер түсіріліп, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тәрбиелік мәні зор бейнероликтер көрерменге жол тартты. Мерейтой қарсаңында Семей қаласындағы бір көшеге қазақтың «Левитаны» атанған әйгілі радио жүргізуші, диктор, Қазақстанның халық әртісі Әнуарбек Байжанбаевтың есімі берілуі де ерекше оқиға болды.

Өңірдің айнасына айналған телеарнаның 60 жылдығына арналған салтанатты жиын Абай атындағы облыстық кітапханада өтті. Шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, телеарна ұжымын мерейлі мерекемен құттықтады.

«Алпыс жыл – тек бір ұжымның ғана емес, тұтас өңірдің тарихына айналған үлкен белес. Уақыт сынынан өткен, ұлттың үнін жеткізген рухани арнаның мерекесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Түптеп келгенде, мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге атсалысады. Өйткені, ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес болған. Қазір де солай» деген. Бұл сөздер Семей телеарнасының жолы мен рухына дәл келеді. Алғашқы хабарлардан бастап бүгінге дейін арна халықтың үмітін, елдің тынысын жеткізіп, жаңа дәуірдің бастауын паш етті. Семей телеарнасы – уақыттың куәсі, елдің айнасы, рухтың мінбері. Бүгінгі мерейтой – өткенге тағзым, болашаққа сенім. Алпыс жылдық абыройлы тарих ел мен елді, ұрпақ пен ұлтты жалғаған алтын көпірге айналды. Семей телеарнасы – Семейдің үні, Абай елінің рухы», – деп атап өтті аймақ басшысы.

Салтанатты кеште телеарнаның ардагерлері мен қазіргі қызметкерлері мерейтойлық марапаттарға ие болды. Ардагерлер Фатима Бегенбаева, Зинаида Омарова, Мұратқазы Алин және Тілеген Ахметов Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен наградталды. Ұжымның шеф-редакторы Гүлнәз Кәукен, оператор Елжан Мағзұмов және редактор Бақытгүл Қазез «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.

Сонымен қатар телеарнаның бірқатар қызметкерлеріне Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары, облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Аймақ басшысы облыс жұртшылығы атынан телеарна ұжымына автокөліктің кілтін тапсырып, шығармашылық табыс пен жаңа белестер тіледі.

Алпыс жыл эфирде: «SEMEI» телеарнасы мерейтойын атап өтті Алпыс жыл эфирде: «SEMEI» телеарнасы мерейтойын атап өтті Алпыс жыл эфирде: «SEMEI» телеарнасы мерейтойын атап өтті Алпыс жыл эфирде: «SEMEI» телеарнасы мерейтойын атап өтті

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС