"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

16.11.2026
Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында 2026 жылдың алғашқы 10 айында 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілген. Өңірде жыл сайын 220 мыңнан астам екпе жасалса, оның 119 мыңнан астамы балаларға салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тоқтабаева мәлімдеді.

Баспасөз конференциясына сондай-ақ Семей қаласының 4 емханасының дәрігер педиатры Әсем Шалабаева және облыстың штаттан тыс бас инфекционисті Имдат Эфендиев қатысты. Мамандар вакцинацияның маңызы, балаларды жоспарлы иммундау және жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелеріне тоқталды.

— Вакцинацияның негізгі мақсаты – жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, халықтың денсаулығын қорғау және ауыр асқынулар мен өлім-жітімге жол бермеу. Бұл ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне және бұрын жойылған жұқпалы аурулардың қайта таралу қаупіне әкелуі мүмкін, – деді Айгүл Тоқтабаева.

Семей қалалық 4 емхананың дәрігер педиатры Әсем Шалабаева балаларды жас ерекшеліктеріне сәйкес уақытылы вакцинациялаудың маңыздылығына назар аударды.

– Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес, Қазақстанда 21 жұқпалы ауруға қарсы вакцинация тегін жүргізіледі. Нәрестелерге өмірінің алғашқы күндерінен бастап туберкулез бен В вирустық гепатитіне қарсы екпе салынады. Кейін баланың жасына қарай көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, қызылша және басқа да инфекцияларға қарсы жоспарлы иммундау жүргізіледі, – деді Әсем Шалабаева

Сонымен қатар 11 жастағы қыз балаларға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салынады. Бұл екпе жатыр мойны обырының алдын алуға көмектеседі.

Абай облысының штаттан тыс бас инфекционисті Имдат Эфендиев жұқпалы аурулардың таралу қаупі мен олардың алдын алу шараларына тоқталды.

— Жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі – уақытылы вакцинация. Екпе алмаған адамдарда инфекциялық аурулардың ауыр өту және асқыну қаупі жоғары. Әсіресе балалар, қарттар және иммунитеті әлсіз адамдар үшін бұл өте қауіпті. Сондықтан тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық екпелерді уақытылы алуға шақырамыз, – деді Имдат Эфендиев.

Биыл облыста төрт жасқа дейінгі екпе алмаған балалар арасында көкжөтелдің 5 жағдайы тіркелген. Сондай-ақ профилактикалық екпе алмаған адамдар арасында А вирустық гепатитінің 30 жағдайы анықталған.

Мамандар тұрғындарды профилактикалық екпелерден бас тартпауға, ұлттық екпе күнтізбесін сақтауға және жұқпалы аурулардың алдын алу үшін уақытылы вакцинациядан өтуге шақырды. Қосымша ақпаратты учаскелік дәрігерден немесе egu.kz сайтынан алуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

16.11.2026
Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

Халықтың денсаулығын сақтау, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту Қазақстанның әлеуметтік дамуындағы маңызды міндеттердің бірі болып қала...

Толығырақ...Details

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

16.11.2026
Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

Адамның еркін жүріп-тұруы, тұрғылықты жерін өз қалауынша таңдауы және елден тыс жерлерге шығуы оның негізгі құқықтары мен бостандықтарының қатарына жатады....

Толығырақ...Details

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

16.11.2026
Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

Ақпараттық кеңістіктегі заманауи сын-қатерлер, этносаралық қатынастарды ақпарат құралдарында жариялаудың жаңа тәсілдері және жасанды интеллект мүмкіндіктері журналистер қауымдастығы өкілдерінің басын қосқан...

Толығырақ...Details

Абай облысында салық түсімдерінің жоспары 102 %-ға орындалды

16.11.2026
Абай облысында салық түсімдерінің жоспары 102 %-ға орындалды

Абай облысында 2026 жылдың 9 айында салық түсімдерінің көлемі жоспардан асып, 102 %-ды құрады. Өңірде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, кәсіпкерлерге қолайлы...

Толығырақ...Details

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

14 секунд бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

2 минуты бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

5 минут бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

16 минут бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

2 часа бұрын

Абай облысында салық түсімдерінің жоспары 102 %-ға орындалды

2 часа бұрын

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

2 дня бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

2 дня бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС