"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА ӘКІМІ АБЫРАЛЫ ӨҢІРІН АРАЛАДЫ

21.07.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада, жұма күні, Абыралы өңірінде бірқатар игілікті іс—шаралар болып өтті. Қайнар ауылында осы өңірдің тумасы, ҚР—ның еңбек сіңірген экономисі, қаржы саласының үздігі, соғыс ардагері, 1974 — 1985 жылдары еліміздің Қаржы министрлігін басқарған Рымбек Байсеитовке орнатылған ескерткіш — мүсін — солардың бірі. Аталмыш шараның ашылу салтанатына Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен еліміздің әр түкпірінен келген меймандар арнайы қатысты.

Ескерткіш – мүсіннің ашылу рәсімі Ораза айт мерекесімен тұспа – тұс келгенін айта кеткен жөн. Осы ретте Ермак Бидахметұлы Қайнар ауылындағы мешітке арнайы барып ауыл тұрғындарын Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Осыдан кейін Рымбек Байсеитовке арналған ескерткіштің ашылуы салтанатты түрде басталды. Аталмыш шараға Абыралы өңірінің перзенттері мол жиналыпты. Атап айтқанда, байырғы қаржы саласының белді қызметкері, бүгінде ел мен жер тарихын зерделеуде қаламы қарымды Болатбек Нәсенов, «Ақшың» корпора-циясының президенті, облыстық мәслихат депутаты Марат Құрманбаев, «Гордорстрой» ЖШС-нің директоры Бауыржан Қайрамбаев құрметті қонақтар қатарынан орын алды.

Ескерткіш – мүсіннің Абыралы өңіріне орнатылуына Рымбек Смақұлының  ұлы,  «Банк Центр-Кредит» АҚ-ның бас құрылтайшысы Бақытбек Байсеитов ұйытқы болыпты. Қазақтың «Әке көрген оқ жонар» деген тәмсілі осындайда ойға оралады.

Жиналған көпшілік алдында  Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы сөз алып, Рымбек Байсеитовтің еліміздің қаржы саласына қосқан өлшеусіз үлесі жайында тоқталып өтті.

— Құрметті жерлестер! Ең алдымен, сіздерді күллі мұсылман қауымының айшықты мерекесі Ораза айт мейрамымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Жалпы, Абыралы өңірі, қай кезеңде болмасын, еліміздің өркендеуіне, дамуына өзіндік үлесін қосқан танымал тұлғалар шыққан мекен ретінде белгілі. Келер ұрпаққа үлгі болар тағылымды өмір жолы бар, еліміздің қаржы саласының қарқынды дамуына күш – жігерін жұмсаған бірегей жан Рымбек Смақұлы Байсеитов екенін біз жақсы білеміз. Ұрпақтарының бастамасымен осындай ескерткіш – мүсіннің орнатылуы — құптарлық іс. Мемлекеттің дамуына, еліміздің өсіп – өркендеуіне үлес қосқан азаматтардың есімдерін ардақтап, олардың ерен еңбектерін насихаттауды жалғастыратын боламыз. Әрқашан да осындай бейбіт күннің ашық аспаны аясында кездесулер көп болсын. Ортақ шаңырағымыз Қазақстанды гүлдендіруге бірлесе күш салайық,- деді өз құттықтауында қала әкімі Ермак Бидахметұлы.

Ал Болатбек Нәсенов өз сөзінде Рымбек Смақұлының есімі тек жекелеген бір ауданға немесе бір облысқа ғана емес, күллі елімізге мәшһүр екенін жиналғандар алдында атап өтті. Сондай-ақ өз өмірінде Рымбек Байсеитовтің өшпестей ізі барын да жеткізді.

— Рымбек аға мен үшін әкедей болды. Мені тәрбиелеп өсірді десем, артық айтпағандығым. Өз басым Рымбек Смақұлының көп жақсылығын көрдім. Мен қатардағы экономистен Қаржы министрлігінің басқарма басшысына дейінгі қызметтік жолымда Рымбек ағаның ақылына жүгіндім. Бұдан өзге ол кісі көптеген мемлекеттік деңгейдегі сұрақтарды шешуге себепкер болды. Рымбек Смақұлының ықпалымен елімізде қаншама қаржы техникумдары мен институттар ашылды. Күллі қазаққа оның шарапаты тиді деуге толық негіз бар, — деді Болатбек Нәсенов.

Абыралы — қазақы қасиеттің қаймағы бұзылмаған өңір. Ата – дәстүрден аттамайтын ауылдықтар  бірлесіп, ескерткіш – мүсіннің ашылуына тікелей мұрындық     болған Бақытбек Рымбекұлының үстіне шапан жауып, ат мінгізді. Өз кезегінде тектінің тұяғы жерлестеріне жүрекжарды ыстық ықыласын толқыныспен жеткізді.

— Құрметті ағайын! Біз әулетіміз-бен әкеміздің кіндік қаны тамған туған топырағына жиналып отырмыз. Көңіл – күйімізді, әсерімізді айтып жеткізу қиын. Әкеміз саналы ғұмырында түрлі қиындықтарды бастан өткізді. Сұрапыл соғыс жылдарында қолына қару алып, Отанын жаудан қорғады. Қаржы саласында қатардағы маманнан бастап, үлкен лауазымды қызметтер де атқарды. Артындағы ұрпақтары әкеміздің жүріп өткен жолын үлгі тұтамыз. Алматы қаласында туып – өскенімізбен, Абыралы өңірі, Қайнар ауылы біз үшін әрдайым ыстық. Ауылдағы ағайынға әкемнің өнегелі өмірін ұмытпай, барлығының жиналып жатқаны үшін алғыс білдіремін, — деді      Бақытбек Байсеитов.

Осыдан кейін ауыл мешітінің  хатымханасында Р. Байсеитов   рухына арналып Құран-хатым    бағышталып, үлкен ас берілді.

Ескерткіш – мүсіннің ашылуымен қатар, Қайнар ауылында тағы бір қуанышты жаңалық орын алды. Абыралы өңірінің медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Гордорстрой» ЖШС-нің басшысы Серікжан Әйкеловтің, аталмыш мекеме директоры Бауыржан Қайрамбаевтың қолдауымен Абыралы өңірінің ауылдық ауруханасына жедел жәрдем көлігінің кілті салтанатты түрде табысталды.

Сондай-ақ Ермак Сәлімов Қайнар ауылының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында бірнеше нысандарды аралап көрді. Ең алдымен Ермак Бидахметұлы Абыралы өңірінің ауылдық ауруханасына барды. Медицина мекемесі күніне 50 адамды қабылдай алады. Сонымен қатар, мұнда 25 адамға жатып ем қабылдауға мүмкіндік қарастырылған екен. Орталықта емдеу, балалар, хирургия және әйелдерді босандыру бөлімі қызмет көрсетеді. Емханада 7 жоғары білімді дәрігер, 30 орта медицина қызметкері және шаруашылықта 25 адам жұмыс істеуде. Мекеме қарамағында 3 жедел жәрдем көлігі бар. Аурухана Абыралы, Қайнар, Ақбұлақ, Таңат, Айнабұлақ және Доғалаң ауылдары тұрғындарын қабылдайды. Флюорография, стоматология, ультрадыбыстау кабинеттері күнделікті жұмыс істейді. Денсаулық сақтау мекемесінің бас дәрігері Әкімбай Боранбайұлы тек интернеттің жоқтығын ғана алға тартты. Дегенмен ақ халатты абзал жандар бұл мәселе де келешекте өз шешімін табатынына сенімді.

Келесі кезекте қала әкімі Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектепке аялдады. Аталмыш білім ұясынан 4 министр, 14 таңдамалы академик, 12 ғылым докторы мен профессор, 25 ғылым кандидаты және 24 ақын-жазушы түлеп шыққан. Жүздеген түлектері жоғары білім алып, жоғары лауазымды қызметтер атқарып, ерен еңбектері үшін Кеңес Одағының, еліміздің ең жоғары орден, медальдарымен марапатталыпты. Қала әкімі бұл туралы мектеп мұражайынан қанықты. Білім ордасында 300-ге тарта оқушы тәлім алуда. Ғимаратта тек қыс мезгілінде ғана жылудан аздаған мәселе туындайтын көрінеді. Осы орайда Ермак Бидахметұлы жылу қазандығын көріп, оның техникалық мүмкіндігін бағамдады. Соған сәйкес, істен шыққан 2 қазандықты қайта жөндеуден өткізуді қарастыру керектігін атап өтті.

Сондай-ақ орта білім беретін мекеме қарамағында 50 балаға арналған мектеп — интернат бар екен. Қала басшысының назарына интернаттың бүлінген шатырлары бірден ілікті. Сол себепті Ермак Бидахметұлы ауыл әкімі Сағынғали Қапақовқа жергілікті кәсіпкерлерді тарта отырып, Мәдениет үйі мен мектеп-интернатының төбе жабындысын қалыпқа келтіруді тапсырды. Мұнымен қатар шаһар басшысы ауыз сумен қамту жайында арнайы сараптама жүргізу керектігін айтып өтті.

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Абыралы өңіріне жасаған жұмыс сапары аясында Жазық, Знаменка, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Таңат, Абыралы, Алғабас ауылдық округтерінде де болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен, ауылдағы ағайынның тыныс – тіршілігімен танысты.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

15 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

15 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

15 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС