"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЯЛДАМАДА АЯЛДАҒАН БІР САҒАТ

21.08.2015
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әлеуметтік желілер Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжаловтың Орталық алаң аялдамасына қоғамдық көліктердің жүру кестесін арнайы қадағалау мақсатында келіп, бір автобусты бір сағат күткендіктері туралы ақпаратты соңғы бір—екі күнде жарыса жариялады. Әкіммен аялдамада автобусты бірге күткен қала тұрғыны мынадай ақпаратпен бөлісіпті: «Бүгін түс кезінде қала әкімі мен қалалық мәслихат хатшысы қоғамдық көліктердің жүру кестесін арнайы бақылады. Белгілі болғандай, тек № 45 бағыттағы шағын автосбусты бір сағат күтуге тура келді. Жергілікті билік бұл мәселемен шындап айналысқанға ұқсайды. Меніңше, барлық бағыттағы қоғамдық көліктерді тексеру қажет. Жолақыны қымбаттату қолымыздан келеді, ал сапа мен қызмет көрсету кезінде барлығы үнсіз қалады. Өз басым қала әкіміне көлік қызметінің сапасына қатысты ойымды ашық білдірдім. Оның жұмыс істеу стилінде өзгешелік бар», — делінген парақшадағы жазбада.

 

{jcomments on}Әкімнің халықтың ортасында болып, көтерілген мәселенің мән-жайын, анық-қанығын білуі, тұрғындармен тілдесуі- құптарлық іс, әлбетте. Қоғамдық көліктерде жолақының  қымбаттайтынынан құлағдар болған Ермак Бидахметұлының бір сағат аялдамада аялдап, қоғамдық көліктердің қозғалысын бақылауы да бұл мәселені  түбегейлі шешу жолындағы алғашқы қадамы.

 

Жасыратыны жоқ, соңғы уақыттары қоғамдық көліктегі қызмет сапасының жоқтығы жиі сынға алынады. Мәдениеттің сақталмауынан бастап, бір бағыттағы маршруттардың жарысуы, өрескел жол ережесінің бұзылуы, тазалық пен артық жолаушы тасымалдауы, тіпті жүру кестесін бұзып, ерте тоқтап қалуы қарапайым тұрғындарды әбден мезі етті. Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық көліктердің қызметі бір жүйеге түспейінше, көз үйренген құбылыс жалғаса береді. Қоғамдық көліктерді бір жүйеге келтіру мақсатында жергілікті билік тарапынан тиісті алғашқы қадамдар да жасалған еді. Өзгерістің басы ретінде көптеген қоғамдық көліктердің қалалық бағыттағы нөмірлері ауыстырылды. Келесі кезекте аялдамаларға олардың атаулары жазылып, қоғамдық көліктің жүру кестесі көрсетілген болатын. Тіпті белгілеу колонкалары алынып тасталып, заманауи  GPS жүйесі енгізіліп, көліктерді ортақ жүйе арқылы қарапайым халықтың өзі де бақылай алатын болған еді.

Ал қазір қоғамдық көліктің жайы қалай, көлік қызметі қаншалықты көңілден шығады? Жоғарыда аталған жаңашылдықтар қаншалықты орындалып жатыр? Жалпы, бұл тақырыптың қозғалуына жуырда жолаушы тасымалдаушылардың жолақысын көтеруі жөнінде хабарландырулары себеп болып отыр. Қызмет сапасы тасымалдаушылар сұрап отырған жол құнына сай келсе, дұрыс-ақ дерсің. Міне, бар мәселе осында жатыр. «Сұрап отырған» деп жұмсартып айтып отырғанымызбен, сол тасымалдаушылар халықпен санаспай-ақ, заңды белшесінен басып, жол жүру құнын тағы да өз еріктерімен көтеруге тырысты. Бір қызығы, бұл — семейлік тасымалдаушылардың қанына сіңіп кеткен сыңайлы. Өйткені шаһарда жолақысын осындай дау-дамаймен үшінші рет көтеруге әрекет жасалды.

Дүрбелеңнен кейін жолақысына қатысты  аптаның сәрсенбісінде қалалық ақпарат орталығында баспасөз мәслихаты өткізілді. БАҚ өкілдерімен болған кездесуде сала мамандары жалпы қоғамдық көлік қызметі жайлы да көкейде жүрген сауалдарға жауап берді. Жиынға Семей қаласының жолаушы тасымалын бақылау орталығының директоры Олег Белоусов, қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметова, аталмыш бөлімнің сектор меңгерушісі Гүлнар Теңізова, сондай-ақ «Автомигди» ЖШС директорының орынбасары Петр    Колычев қатысты. Байқағандарыңыздай, жолақысын көтеруге ниеттеніп отырған тасымалдаушылардың тек біреуі ғана төбе көрсетті. Ал қалған алпауыт тасымалдаушылар жергілікті биліктің сөзіне құлақ аспаған сыңайлы.

Басқосуда алғашқы болып сөз алған Семей қаласы ЖТБО ЖШС директоры Олег Белоусов жолаушы тасымалын бақылау орталығының қызметі туралы ақпараттан құлағдар етті. Оның сөзіне сүйенер болсақ, орталық бүгінде қаладағы барлық алты тасымалдаушымен келісімшартқа отырған. Соған сай, аталмыш салада біраз өзгерістер орын алған. Естеріңізде болса, бұған дейін қоғамдық көлікті бақылайтын белгілеу колонкалары алынып тасталып, олардың орнына GPS жүйесі арқылы бақылау орнатылды. Бұл өз кезегінде жұмысты бір жүйеге түсіріп, көліктің қандай бағытта кетіп бара жатқанын анықтауға қолайлы болуы тиіс еді. Бұған қоса қоғамдық көлік қозғалысын қарапайым тұрғындарға бақылауға мүмкіндік беретін жоба іске қосылған болатын. Дегенмен аялдамаларда күннің ыстығы мен суығына төзіп, сағаттап тұрудың орнына күтіп тұрған автобусыңыздың қай жерде келе жатқанын бақылап, үйіңізден қажетті уақытта ғана шығуға мүмкіндік беретін аталмыш жоба бүгінгі күні жұмысын тоқтатқан. Алғашқыда тұрғындар жоба бойынша Infobus сайты арқылы қаладағы жүздеген автобустың қозғалысын, жылдамдығын бақылай алатын еді. Алайда аталмыш сайт әзірге толықтырылып жатқан көрінеді. Болашақта барлық тасымалдаушылардың оған қосылатынына сендірді орталық басшысы.

Жиында семейліктердің айта-айта жауыр болған қоғамдық көліктердегі тазалық, кестенің сақталуы, қызметін ерте тоқтату мен қоғамдық көліктегі мәдениеттіліктің жоқтығы да сөз болды. Орталық директорының сөзінше, автобустар техникалық себептермен кестеден шығып қалған болса, диспетчер арқылы қосымша автобус шығарылады екен.

— Жаз мезгілінде көптеген тасымалдаушылар жолаушылардың аз болуы себепті қоғамдық көліктер санын азайтуды сұрайды. Орталық өз кезегінде ТКШ бөліміне жүгінеді. Нәтижесінде жаз мезгілінде көлік санын төмендетеміз. Айта кетуіміз керек, бұл қала тұрғындарына кері әсер етпейді. Ал кешкі уақыттарда үйлеріне жете алмай қалатын жағдайлар орын алған болса, біз анықтап, тасымалдаушыларға түсіндіріп, реттеп отырамыз, — деп сендірді ЖТБО ЖШС директоры Олег Белоусов.

Дегенмен мекеме басшысы тасымалдаушыларға келісімшарт бойынша тек сыртқы тазалығы, көліктердегі автобус нөмірі мен бағыты туралы ақпараттардың жоқтығына қатысты ғана айыппұл сала алады екен. Алайда мекеме директоры осының өзінде жыл басынан бері нақты қанша ереже бұзушылардың анықталғанын айта алмады. Есесіне салынатын айыппұлдың көлемі бар болғаны 500 теңге екенін жеткізді. Айта кету керек, жүргізушілердің өз еріктерімен бағыттан шығып кетуіне ешқандай айыппұл қарастырылмаған. Бұл  әрбір тасымалдаушы кешкілік уақытта қашан қайтқысы келсе, өз еріктерінде деген сөз. Алайда бұрынғы келісімшартта мұндай жағдайға айыппұл салу қарастырылған болатын. Бұл ретте «Автомигди» ЖШС директорының орынбасары Петр Колычев өз пікірін білдірді.

— Қоғамдық көлік қандай да бір себептермен желіден шығып кеткеннің өзінде, орнына қосымша автобус келгенше бәрібір желіден қалып қояды. Яғни, кесте бұзылады. Айта кету керек, тиімсіз бағыттар кез келген тасымалдаушыларда болады. Оларға қызмет көрсету өте ауыр. Сондай-ақ ондай бағыттарда тозығы жеткен автобустар жұмыс жасайды. Нәтижесінде жиі сынып қалу жағдайлары да сол жолаушылар аз отыратын бағыттарда орын алады. Сондықтан да оларға шағым көп болады. Жүргізушілер де жиі жазаланып, ауысып кетіп жатады. Бағыты нашар қоғамдық көліктер осындай жағдайда, — дейді П.Колычев.

Тағы бір түйткілді мәселе. Жиында, қоғамдық көліктің тоқтай салысымен, аялдамаларды хабарлап, жар салып айғайлайтын кондукторлардың әрекеті сөз болды. Бұл әсіресе сол маңда тұратын тұрғындардың жүйкесін тоздырған.

— Аялдамаларды сыртқа хабарлау заңсыз. Келісімшартта ол қарастырылмаған. Мұны жүргізушілер мен кондукторлардың өздері шығарып отыр. Тұрғындардың тыныштығы бұзылуы себепті, жыл басында қалалық ІІБ-на хат жолдап, әкімшілік шара қолдануды өтінгенбіз. Әсіресе аялдамаларға жақын жерлерде тұратын тұрғындардан шағымдар түседі, — деген қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлнар Теңізова әкімшілік шаралар қолданылғанынан хабарсыз екенін, тіпті жыл басынан ондай жағдайлардың азайғанын айтып, езуге күлкі үйірді.

Басқосу соңында қала тұрғындарын толғандырған жолақысы мәселесі де талқыланды. Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлнар Теңізованың сөзіне сүйенсек, тасымалдаушылар өткен жылдан бері тоқсан сайын жолақысын көтеруді сұрап келеді екен. Оның айтуынша, бүгінгі күні тасымалдаушылар ұсынған соңғы тариф қарастырылуда.

— Тасымалдаушылар ұсынған тариф қарастырылды. Алдағы уақытта нақты жолақысының құны белгіленетін болады. Сондықтан да мәселе әзірге ашық күйінде қалып отыр, — деп қысқа қайырды Г.Теңізова.

Бүгінгі күні Семейде алты тасымалдаушы елу бағытта қызмет жасайды. Оның ішінде 35 бағытта автобустар болса, қалған 15-і шағын автобустар екен. Ал олардың жолақысын көтеруге коммуналдық тарифтердің, қосалқы бөлшектердің қымбаттауы себеп көрінеді. Сонымен қатар жүргізушілердің әлеуметтік төлемдері де қымбаттай түсіпті. Гүлнар Теңізованың айтуынша, бұған инфляция да әсер еткен. Ол сондай-ақ жолақысына жанар-жағар май құнының 20 пайызы ғана әсер ететінін алға тартады.

Баспасөз мәслихатында тасымалдаушылардың өз еріктерімен жолақысының көтерілетіні жөнінде заңсыз хабарлауы да сөз болды. Г.Теңізованың сөзіне сенсек, осыған байланысты қалалық прокуратураға қандай да бір шара қолдану жөнінде арнайы хат жолданған екен. Бұл жөнінде «Автомигди» ЖШС директорының орынбасары Петр Колычев:

— Жолақысын көтеру туралы мәселе бір жылдан бері айтылып келеді. Шынайы бағаны көрсетіп, жолақысын көтеруді қайта-қайта сұраумен келеміз. Бағаны жайдан-жай ала салмаймыз ғой. Экономистер барлығын есептеп шығарады. Өскеменде баға көтерілгелі бері, екі жыл болды. Бізде автобус сатып алу, жанар-жағар май, барлық шығындар облыс орталығы Өскемен қаласымен бірдей. Ал бізге қоғамдық көліктерді жаңартуды талап етеді. Сондықтан да бағаны теңестіруді сұрадық. Әзірге хат жазып жатырмыз, ешқандай нәтиже жоқ. Бүгінгі күні, экономистердің есептеуі бойынша, орташа жол жүру ақысы 78 теңгені құрайды, — дейді Петр Колычев.

Қоғамдық көліктердің кешқұрым тоқтап қалуына қайтып оралсақ. Шыны керек, қала тұрғындары кешкі сағат 20.00 –ден кейін қоғамдық көлікпен үйіне жетіп алатынына күмәні бар.  Жолаушы тасымалын бақылау орталығының мәліметіне сүйенсек, автобустар  кешкілік 20.30-дан -21.30 аралығында ғана желіден шыға алады. Ал іс жүзінде мүлдем олай емес. Ермак Бидахметұлының қоғамдық көліктердің жүру кестесіне бақылау жүргізген күні (жазғанымыз айғақты болу мақсатында) Семей қаласындағы 17 бағыт бойынша жолаушылар тасымалымен айналысатын «Семавтопарк» ЖШС алдында 19.00 – ден бастап арнайы бақылау жүргізілді.

Уақытынан бұрын желіден шыққан алғашқы 35-бағыттағы автобус (мемлекеттік нөмірі  F 150 VDM) 19.05 – те автопарк алдына келіп тоқтады. Міне, бір ғана 35-ші бағыттағы 6 бірдей автобус сағат 19.05 – 20.09 аралығында автопаркке келіп үлгерді. Шын мәнінде, халықтың көп қатынайтын кезінде аталған 6 автобус та желіде жүруі керек болатын. Араға бірер минут салып (мемлекеттік нөмірі F 210 DN), 11 бағыттағы автобус та автопарк алдына келіп тоқтады.

Міне, осылайша, 3 – 4 минут аралатып,  тұраққа қарай шағын және үлкен автобустар легі ағылды. Қала тұрғындарының тура үйлеріне қайтар кезде керекті №№ 11, 12, 13, 35, 41 бағыттағы автобустардың дені жүруін тоқтатып, сағат 19.30-дың кезінде арнайы автобус тұрағына кіруге кезек күтулеріне тура келді. Осылайша, айналасы бір сағаттың ішінде қырыққа жуық шағын жән үлкен автобустар базаға кіріп үлгерді. Осы аралықта № 11, № 41 және № 38 бағыттағы автобустардың 3 бірлігі, № 13 пен                  № 12 бағыттағы қоғамдық көліктердің 5 бірлігі, желідегі уақыт бітпесе де, өз білгендерімен тоқтаған болатын.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026
Дәл барлау – дәл соққының кепілі

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

23.07.2026
Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында 11–19 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!   Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026...

Толығырақ...Details

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

23.07.2026
Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы...

Толығырақ...Details

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

23.07.2026
КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты. Конституция – бұл тек заңгерлерге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23 часа бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

23 часа бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

23 часа бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

23 часа бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

24 часа бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

24 часа бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

24 часа бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

24 часа бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

24 часа бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС