"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ — ЖАЙЛЫ ПӘТЕР КЕПІЛІ

25.12.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еліміздегі қаржы саласында бірегей қызмет атқарып келе жатқан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның өңірлік филиалы қанатқақты жаңа жоба бастады. Облыс әкімдігі, «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ және аталмыш банктің үш жақты келісімімен қолға алынған «Жайлы тұрғын үй» атты жоба аясында аз уақыттың ішінде баспаналы болып жатқандар бар. Мемлекет тарапынан жанды қолдау сезінген шығысқазақстандықтардың ризашылық пікірлерін топтап, назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Өз үйім болса деп армандап келіп едім. Осыдан біраз уақыт бұрын ата-анамның көмегімен ізгі арманыма қол жеткіздім. 2007 жылы мен мектеп қабырғасында оқып жүрген шақта, өз достарынан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» туралы естіген әке-шешем менің атыма есепшот ашып қойған еді. Банк филиалының мекемесінде ол есепшот жайлы анық-қанығы айтылып, мәлімет берілді. Оған ақшаны қалай аудару қажет, жиналған қаражатты қалай пайдалану керек деген сауалдарға тұшымды жауап алып отырдым. Осылайша, тұрақты түрде қаржы құю арқылы жиналған қаражатқа 20 пайыздық көрсеткішпен мемлекет есебінен жыл сайын сыйақы берілетініне анық көз жеткіздік. Бұл дегеніңіз аз көрсеткіш емес. Себебі өзге банктерде сыйақы мөлшері 10 пайыз ғана.

Ал 2011 жылы мемлекеттік «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы іске аса бастаған шақта, банк менеджеріне тиісті кеңес алуға келдім. Олар маған аталмыш бағдарламаға қатысып көруге кеңестерін берді. Осылайша, оған қатысу тәртібін ұзақ зерттеп, мәніне қаныға келе, қатысуға шешім қабылдадым. Сөйтіп, 2 бөлмелі пәтер пулына қол жеткіздім. Алғашында өзімнің де таңырқағаным рас. Байқаудан өте келе, қалған сома үшін төмен пайыздық көрсеткішпен несие рәсімдедік.

А. НАУРЫЗБАЕВ.

Өз басым осы аталған банкке алғысым шексіз. Жинақ шотын 11 сыныпта оқып жүрген кезімде ашқан едім. Төрт жыл жоғары білім алып, оқу орнында оқығанда анам екеуіміз азын-аулақ қаражат аудардық. Ал оқу бітірген соң жұмысқа тұрдым. Ол кезде жағдаймыз  жақсарып, қаражатты молырақ аудара бастадық. Ал жұмысқа тұрған уақыттан бір жыл өткен соң, тұрмыста емес бола тұра, үш бөлмелі пәтерге ие болдым. Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналы болғаныма шексіз қуаныштымын.  Менің ойымша, қазіргі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ – на толық сенім артуға болады. Оған төрт себеп бар. Біріншісі, депозиттерімізге сенімдіміз, екіншіден, депозиттерімізге қосылатын жылдық сыйақы жоғары. Үшіншісі, сыпайы банк қызметкерлерінің клиенттермен жұмыс жасауы өте сапалы. Төртіншісі, еліміздің көптеген азаматтары осы банк арқылы баспаналы болуда. Сол үшін де ел игілігіне қызмет етіп жатқан банк ұжымына айтар алғысым шексіз.

Ә. ЖҰМАҚАЕВА.

Менің өз баспанам болған жоқ. Үнемі пәтер жалдаумен жүретінмін. Бірде маған «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы туралы жақындарым айтып берді. Алайда алғашқыда аса сеніңкіремегенім рас. Әйтсе де банкке барып, консультанттан қажетті кеңестер алдым. Осылайша, оларға сенім артып, 2013 жылдың наурыз айының 29-ы күні өз атыма депозит аштым. Байқауға қатысу үшін өтініш жаздым. Арада көп уақыт өтпей-ақ, «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында жаңа пәтерге қол жеткіздім. Байқау талаптарынан ойдағыдай өтіп, төмен пайыз- дық ставкадағы несие рәсімдеттім. Осы орайда аталмыш бағдарламаны жүргізген азаматтарға айтар алғысым шексіз. Ел қамын ойлау дегеніміз осы болар. Мен сияқты қарапайым тұрғындарға тигізген көмектері зор болды. Әлбетте, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» менеджерлеріне кеңестері үшін де зор ризашылық білдіргім келеді. Тек солардың арқасында мен өз арманыма қол жеткізе алдым.

Н. МҰХАМЕТҚАЛИЕВА.

Өзімінің таныстарымнан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ туралы естіп, осы банктен өз жинақ қорымды аштым. Банктің бөлімшесінде маған есепшот ашу туралы кеңес беріп, бағыт-бағдар сілтеді. Осылайша, тұрақты салымшыға айналдым. Арада уақыт өте келе, 2013 жылы мемлекеттік «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы өмірге келді. Банкке кезекті консультацияға келгенімде, қызметкерлер маған аталмыш бағдарламаға қатысып көруге кеңес берді. Мен тәуекел еттім. Менің таңданысыма қарай, байқаудан оңай өттім. Осылайша, жаңа пәтер иесі болып шыға келдім. Осындай тамаша бағдарлама асянда баспаналы болған мен тәрізді өзге азаматтардың да ризашылығы жоғары екеніне сенімдімін.

А. ҚАЛИЕВА.

ҚҰРМЕТТІ САЛЫМШЫЛАР!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ШҚО әкімдігімен және «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ Өскемен қаласы, 19-шы тұрғын ауданында орналасқан «Көпқабатты тұрғын үй 51/1 айқындама», барлығы 90 пәтер, бағасы 1 шаршы метрге 140 000 теңге болатын тұрғын үй/кешені құрылысы бойынша Ынтымақтастық келісіміне қол қойылғанын хабарлайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2016 жылдың сәуір айы.

Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі болжаммен  5 қаңтар 2016 жылдан басталады.

Банктің ШҚО, Өскемен қаласы, Головков көшесі, 25/1  мекенжайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарымен) танысуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

4 часа бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

5 часов бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

5 часов бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

5 часов бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

5 часов бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

15 часов бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

2 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

2 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

2 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС