"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАНҒА ЖАЙЛЫ ЖӘРМЕҢКЕ

25.12.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тарбағатай ауданындағы Ақсуат, Ақжар және Тұғыл ауылдарында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өткізу дәстүрі қалыптасқан. Таяуда Ақсуатта болған жәрмеңке де аудан тұрғындарының көңілінен шықты. Саудаланған өнімдердің бағасы да ауылдағы сауда дүкендерінен 15-20-ға пайыз төмен болды.

Жәрмеңкеде жылқы, ірі қара, қой еті саудаланды. Көкөніс түрлерінен 57 тонна картоп, 18 тонна сәбіз, 10 тонна қырыққабат әкелініп, картоптың келісі 50 теңгеден, ал сәбіз бен қырыққабаттың келісі 60 теңгеден сатылды. Сондай-ақ нан және сүт өнімдері де арзан бағада болды.

Бұл жолы да аудан орталығына шалғайдағы шаруашылық иелері өз өнімдерін әкелген екен. Қызылкесік, Кіндікті, Ойшілік, Жәнтікей, Құмкөл ауылдарынан келген кәсіпкерлер өздері өндірген өнімдерін саудалап, еңбектерінің жемісін көрді. Ақсуаттағы жеке кәсіпкерлер де өз өнімдерін жәрмеңкеге келушілерге ұсынды.

Жәрмеңкені аралап көрген Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев сауданың қалай жүріп жатқанына назар аударып, тауар өндірушілермен де, аудан тұрғындарымен де емен – жар-қын әңгімелесіп, өнім сапасы, тауар бағасы жайында пікір алмасты. Алдағы уақытта жәрмеңкені қалай дамытуға болатыны жайлы сұрастырды. Ойды ой қозғайды деген рас. Жәрмеңкені аудан басшысымен бірге аралап жүрген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқан Сахариев пен облыс әкімінің Тарбағатай ауданындағы кеңесшісі Амантай Сәметов өз ойларын ортаға салды.

— Осындай жәрмеңкеде тірі мал әкеліп сату ұйымдастырылса, артық болмас еді. Біреу мал өсіру үшін мал сатып алады, енді біреу арық малды сатып алып бордақылап, кәсіп жасауды қолайлы көреді. Сонымен қатар мұнда жемшөп, арпа, бидай сатылса, жәрмеңкенің халыққа тигізер пайдасы арта түсер еді,- дейді өмір көрген ардагерлер.

Аудан басшысы Ділдабек Тәжібайұлы бұл айтылған пікірлерді қолдайтындығын білдіре отырып, сала басшыларына бұл мәселелерді зерттеп, ұйымдастыру жөнінде тапсырма беріп жатты. Шұжық сатып тұрған жеке кәсіпкерлермен әңгімелескен аудан басшысы тауарды алыстан әкеліп саудаламай-ақ, сол тауарды өздері де жасай алатынын, ол үшін несие алып, цех орнатамын дегендер болса, көмектесетінін де жеткізді.

Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 часа бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

2 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

3 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

4 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

4 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

5 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС