"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАҚАНШЫДА СҮТ ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

25.12.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2015 жылды облысымыздағы Үржар ауданы ел әлеуетін арттыру тұрғысында  ауыз толтырып айтарлықтай  жетістіктермен тамамдағалы отыр. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің әр ауданда сүт-тауарлы фермаларын  құрып, сүт қабылдау арқылы тұрғындар үшін қолжетімді, таза, арзан, сапалы өнім өндіруді қолға алуға байланысты  тапсырмасынан туындаған сүт қабылдау орталықтарының аталған ауданда ашылуы сондай игілікті істердің қатарында.

Облыс басшысының тапсырмасы бойынша аудан орталығы   Үржардан кейін  таяуда  Мақаншы ауылында екінші сүт қабылдау орталығы ашылды. Мемлекет есебінен 5 млн. теңге несие алған шағын кәсіп иесі Нығмет Қайролла алдағы уақытта тұрғындарды табиғи, сапалы әрі  таза өнімдермен қамтамасыз ететін болады.

Сүт қабылдау орталығының ашылу салтанатына жиналған  тұрғындар  алдында  ауылдық округ  әкімі С. Қалиев сөз алып, жаңа орталықтың жұмысымен қысқаша таныстырып, сәттілік пен табыс тіледі.

Салтанатты жиында сөз алған аудан басшысы Серік Зайнулдин сүт қабылдау орталығы аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлының тікелей тапсырмасы негізінде іске асып отырғанын атап өтті:

—  Құрметті жерлестер, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында еліміз осы 24 жылдың ішінде көптеген жұмыстарды атқарып, талай асуларды еңсеріп жатыр. Қандай қиындық болмасын, ең бастысы, елімізде береке-бірлік бар. Облыс басшысы Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің тапсырмасы бойынша, сүт-тауарлы фермаларды ашу жұмыстары облысымызда жақсы жолға қойылып, Үржар ауданында да іргелі жұмыстар жасалып жатыр. Аудан әлеуетін арттыратын басқа да  жаңа жобалар қолға алынуда. Ең басты жаңалық — Үржардан жылына 30 мың тонна құс етін өндіретін фабрика салынады. Сонымен қатар осы Мақаншы өңірінен томат өндіретін зауыт салсақ деген жоспарымыз бар. Осындай  іргелі жоспарларды жүзеге асыру жолында береке-бірлік таныта білуіміз керек,- деп атап өтті Серік Зинабекұлы.  —  Міне, бүгін сіздерде қуанышты күн. Нығмет Қайролла тәулігіне 3 тонна сүт қабылдайтын орталық ашып отыр. Бүгіннен бастап шетелдің жасанды, құрамы белгісіз ұнтақ сүтін ішпей, еліміздің патриоты ретінде, өзіміздің табиғи өнімімізді тұтынуға мүмкіндік бар,-деп аяқтады сөзін аудан әкімі.

Келесі кезектегі сөз Мақаншы ауылдық ардагерлер алқасының мүшесі Ф. Омарұлына берілді.

— Бүгінгі ашылып отырған мекеме — Тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткізген жетістік, енді осы орталықтың қалтқысыз жұмыс істеуіне үлес қосып, қолдау көрсетейік,- деп қадірменді қария ізгі лебізін білдірді.

Сонымен қатар сөз кезегі Нығмет Қайроллаға беріліп, жаңа мекеме басшысы осы істі бастауға қолдау көрсеткен аудан әкімі Серік Зинабекұлына ризашылығын жеткізіп, ауыл тұрғындарына сүттерін орталыққа өткізуге өтініш білдірді. «Бүгінгі күні төрт адамды жұмыспен қамтысақ,  өндіріс көлемі толық қуатында жұмыс істеген шақта  еңбек күшін он адамға арттыруды жоспарлап отырмыз»,- дейді кәсіпкер.

Жаңа нысанның лентасы қиылып, келген қонақтар сүт өңдеудегі жаңа технологиялармен танысып, қолға алынған істің жемісті жүргізілуіне тілектес ниеттерін жеткізіп жатты.

Міне, халықтың денсаулығы мен өмір сүру деңгейіне қажетті азық сүт өнеркәсібі халық шаруашылығының маңызды саласы, сондықтан сүт және сүт өнімдерін өндіру тиімділігі азық-түлік  негізі ретінде күнделікті сұранысқа ие және кез келген нарықта тұрақты орын алады. Үржар ауданында осы бір аса бағалы табиғи тағамды қабылдау  ісі қолға алынғандығы тұрғындарды қуантып тастады.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 часа бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

2 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

3 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

4 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

4 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

5 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС