"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ермак Сәлімов: СЕМЕЙДЕ СЕРПІЛІС БАР

25.12.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыс орталығы Өскемен қаласындағы ШҚО Ақпараттық орталығында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов шаһардың әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша дәстүрлі баспасөз мәслихатын өткізді. Қала басшысы Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағыталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстар және 2015 жылы шаһарда ат-қарылған істердің қорытындысы жайлы баяндап, БАҚ өкілдері тарапынан өңірдегі әр салаға қатысты түскен сауалдарына жауап берді.

Әртүрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан жиында қала әкімі барлық сала бойынша жеке-жеке тоқталды. Семей қаласының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен әлеуметтік-экономикалық даму үрдісін саралаған Ермак Бидахметұлы дамудың барлық салаларында айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті. Семей қаласы Шығыс Қазақстан облысындағы қалалар мен аудандар жұмысын саралайтын өңіраралық рейтингте ағымдағы жылы тоғызыншы орынға тұрақтапты. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша қаламыз 2014-2013 жылдары он үшінші, ал 2012 жылы тіпті он жетінші орында болған екен. Осыған қарап-ақ шаһарымызда өсім динамикасы барын байқауымызға болады. Аталмыш рейтинг өңірлердің дамуының негізгі 13 көрсеткіші бойынша анықталады. Семей қаласында осы көрсеткіштерде алға ілгерілеу бар болып отыр.

Дегенмен Ермак Бидахметұлы қаламызда кемшін тартып жатқан тұстарымыздың да барын, алдағы уақытта сол бағытта жұмыстар атқарылуы керектігін де назардан тыс қалдырмады. Қала әкімі құрылыс, бөлшек сауда айналымы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде және халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы  жұмыстарды жандандыра түсу керектігін айтып өтті.

Қала басшысы өз баяндамасында қаланың өзекті мәселелерінің біріне айналған жылумен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып өтті. Семей қаласының жылу жүйесін қалпына келтіру жұмыстары 2009 жылдан бері жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын атап өткен қала әкімі ауқымды жұмыстарды атқаруға бүгінгі күнге дейін 24 млрд. теңге қаражат жұмсалғанын, әсіресе №1 ЖЭО мен РК-1 жылу қазандығында негізгі жұмыстар атқарылғанына тоқталды.

— 2012 жылдан бастап РК-1 жылу қазандығында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жылу көзін жаңғыртуға 11 млрд. теңге қаржы жұмсалды. Ол қаржыға жаңа бу қазандықтары мен электр қуатын өндіретін жылу генераторы орнатылды. Бұл жұмыстар 2016 жылы аяқталады деп көзделуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде тұрақты жылу алып қана қоймай, электр қуатын өндіре алатын боламыз. Бұл — жылу көзіне қажетті электр қуатын беретін болады. Ал артық қуат көзін сыртқа шығаруға мүмкіндік туып, бұл кәсіпорынның экономикасына да оң әсерін тигізер еді. Бұл жұмыстардың барлығы Семей қаласы тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған, — деді Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов.

Семейде шешімін күткен мәселелердің бірі — жолаушылар тасымалы. Қазір аталған  мәселеде шаһар басшысы заң аясында тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Жергілікті атқарушы билік жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелерден заң аясында барлық шығындарын ашық көрсетуді сұрап отыр.  Жергілікті билік сонда ғана барып олардың  ұсыныстарын қабылдамақ. Осы ретте қала әкімі келер жылы бюджеттен арнайы қаржы қарастырылып отырғанын, оның аясында консалтингтік компания тартылып, тасымалдаушылардың шығынын есептеп шығуды жоспарлап отырғанын атап өтті. Бұған тасымалдаушылар да келісімін берген екен.

Қалада тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмысы да дұрыс жолға қойылған. Осы мақсатта шаһарда өндірілетін өнімдер арнайы сараптамадан өткізіліп тұрады. Бұл сараптамаға сәйкес, Семей қаласы өзін тек екі түрлі өніммен ғана қамтамасыз ете алмай отыр. Атап айтқанда, сүтпен өзімізді 38 пайызға қамтамасыз еткен болсақ, жұмыртқа небәрі 6 пайызды ғана құрайды. Қазір осы олқылықтың орнын толтыру бағытындағы істер қолға алынған. Мәселен, қаладағы тұралап қалған кәсіпорын Семей құс фабрикасының жұмысын жандандыруға бар болғаны 150 млн. теңге қаржы қажет болып тұр. Толыққанды іске кіріскен жағдайда, фабриканың жылына 25,5 млн. дана жұмыртқа беруге мүмкіндігі бар екен. Алдағы уақытта мекемеге жаңа инвесторлар келіп, істі қолға алу көзделдуе.

 

{jcomments on}Ал Семей қаласын сүт өнімдерімен қамтамасыз ету іргелес аудандардың еншісінде. Дегенмен өзіміздің жеке өндірісіміз қажет екені белгілі. Сондықтан осы бағытта жұмыс жасай беретін боламыз деген қала әкімі Е. Сәлімов қалада сүт өнімдерін шығарумен айналысатын «Көпежан» және «Нұр» шаруа қожалықтары барын, аталмыш серіктестіктердің жұмысын жетілдіру арқылы қала халқын сүт өнімдерімен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын атап өтті.

 

— Бүгінгі күні әлемде орын алып отырған экономикалық дағдарыс жағдайында қандай да бір жаңа кәсіпорын ашу қиындық тудыратыны анық. Біз қолдау көрсетіп, тұралап қалған кәсіпорындарды жандандыруға күш салуымыз керек. Қаламызда жұмысы тоқтап тұрған немесе жартылай жұмыс жасап тұрған кәсіпорындар бар. Осындай 37 кәсіпорынға мониторинг жүргізіп отырмыз. Алдағы уақытта да осы бағытта жұмысты жетілдіре түсеміз, — деген қала әкімі Ермак Сәлімов Қазақстандағы ірі тері өңдеу кәсіпорны саналатын «Семей тері-былғары комбинаты» ЖШС-нің жағдайына тоқталды. Қала басшысы стратегиялық нысанға инвестор тартылғанын, комбинаттың бүгінгі күні жұмыс жасап тұрғанын, кәсіп-орында шикізаттан өзге мәселенің түгел дерлік шешімін тапқанын жеткізді.

— Комбинатта шикізат тапшылығы сезілуде. Осы мәселеде бізді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қолдап, заң аясында шешу қажеттігін айтты. Бүгінде елімізде ет тексерілетін болса, мал терілері ешқандай ветеринарлық тексерістен өткізілмейді. Оның зақымданған болуы да мүмкін ғой? ШҚО-да жылына мөлшері 400 мың бас мал сойылады. Статистикалық мәліметтер бойынша, оның тек 10 мыңы ғана комбинат өңдеуіне жіберіледі екен. Қалған терілер делдалдар арқылы шетелдерге асуда. Қазір осы бағытта жұмыстар атқарылуда. Айта кетуіміз керек, комбинаттың болашағы зор. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс жасайтын болса, 40 мыңға жуық тері өңдеу саласына қатысты мамандарды жұмысқа тартуға мүмкіндік береді, — дейді Ермак Бидахметұлы.

Семейде халық игілігі үшін атқарылып жатқан істің бірі ретінде, Қарағайлы шағын ауданын атап өтуге болады. Қарағайлы шағын ауданы Семей қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан. Жаңа аудан аумағы 147 гектарды құрайды.  Ермак Бидахметұлының айтуынша, ағымдағы жылы ауданды жарық, жылу, су жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары басталған.

— Қарағайлы шағын ауданының аумағында мектеп, жатақхана, балабақша салынып, барлық жағдай жасалады. Қазіргі уақытта  қосымша қаражат көздерін іздестіре отырып, жоспарды аяғына дейін жеткізуге тырысамыз. Инженерлік коммуникациялармен жабдықтау үшін жобалық-сметалық құжаттар да әзірленуде. Аталған жоба бойынша, 10 үй құрылысына 4,3 гектар жер телімі бөлінген. Шағын ауданда, Назарбаев Зияткерлік мектебімен қатар, Семей мемлекеттік медициналық университетіне қарасты 7 жатақхана құрылысы жүргізілуде. Тағы 240 орындық балабақша мен өзге де әлеуметтік қажетті нысандар салынады деп жоспарлануда, — дейді қала әкімі.

Жалпы, ағымдағы жылы Семейде аумағы 46,431 шаршы метрді құрайтын 11 көп қабатты тұрғын үй қолданысқа берілген. Дегенмен шаһарда тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Оның үстіне бұған шалғай ауылдардан келіп қоныстанушыларды да қосуға болады.

— Шалғай ауылдардан қалаға көшіп келіп жатқандар көп. Бұл қала бюджетіне қосымша салмақ түсіреді. Саяжайларда тұрып жатқандар қаншама. Қазір саяжай тұрғындары ол жақтың жарығын, жолын қалпына келтіру сынды мәселелер көтереді. Мұны бұқаралық ақпарат құралдары да көтеріп жүр. Бүгінгі күні аталған мәселені шешу жолдары қарастырылуда, — дейді Ермак Бидахметұлы.

Қала басшысының мәліметіне сүйенсек, Семей шаһарында бүгінгі күні 8500 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Ал жер телімін алуға 8 мың адам тіркелген екен. Осыған байланысты жергілікті билік «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен бірлесе жұмыс жасауда. Қала әкімінің айтуынша, аталмыш банкте 2 мыңға жуық семейліктер есепшот ашып, өз қаражаттарын салуда. Олардың қазір 1200-і отыз пайыздық қаржыларын жинап үлгеріпті. Яғни, бұл оларға тұрғын үй алуға мүмкіндік беріп отыр.

— Семейде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде деп айтуға толық негіз бар. Әсіресе жеке кәсіпкерлер есебінен салынған тұрғын үйлер баршылық. Биылғы жылы 13 үйді пайдалануға беру жоспарланса, олардың төртеуі бюджет есебінен, ал қалғандарын жеке кәсіпкерлер өз қаржыларына тұрғызды. Кәсіпкерлеріміз тағы да тұрғын үй салуға ниетті. Өкінішке орай, Семейде бос жатқан жер телімдері жоқ. Олардың көбі жекенің қолында кеткен, пайдаланылмай жатқандары да бар, — деген Е.Сәлімов алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды заң аясында күшейтіп, пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау үшін жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов өз баяндамасынан кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

«Семей таңы – Вести Семей» газеттерінің директоры Риза Молдашева:

— Комсомол кентінде соңғы жылдары халық өздері салып алған жекеменшік үйлерді  жарықтандыру мәселесі қандай жолға қойылып жатыр?

— Аталмыш кент тұрғындары заң аясында жер телімдерін сатып алып, жекеменшік үйлер салып алған. Өкінішке орай, инженерлік инфрақұрылым ол жерде жоқ. Тұрғындармен кездесіп, мәселенің мән-жайын анықтаған болатынбыз. Қазір жобалық-сметалық құжат әзірлеу үшін бюджеттен арнайы қаржы қарастырылып отыр. Алдымен қажетті қаражат көлемі  анықталуы керек. Содан кейін мәселенің шешілу жолы қарастырылатын болады.

«Қазақстан-Семей» телеарнасының тілшісі Самат Секенов:

— Семей қаласындағы аспалы көпірдің алдағы  жағдайы не болар екен. Жыл сайын көпірді  жөндеу жұмысының қажеттігі сезіліп келеді?

— Семей қаласындағы аспалы көпір бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облыстық жол басқармасы құзыретіне берілді. Әрине, бірегей көпір республика қарамағында болғаны дұрыс шығар. Әзірге Семейдің көпірге ешқандай қатысы жоқ. Алайда ешбір мекеменің қарауында болмаған көпір бұған дейін жарықтандырылмаған болатын. Менің тапсырмаммен жарықтандыруды шештік. Өйткені семейліктерге көпірдің кімге қарайтыны маңызды емес. Бастысы, оларға көпір жарық болып, жұмыс жасап тұрса болғаны. Алдағы уақытта қажетті қаражат облыстық жол басқармасынан берілетін болады.

«Вести Семей» газетінің тілшісі       Эльдар Нуруллин:

— Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласында медициналық туризмді дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

— Семей қаласында медициналық туризмді дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Өкінішке орай, Радиологиялық орталық әлі күнге дейін пайдалануға берілмей отыр. Қазір сот процесі жүргізіліп жатыр. 2016 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Мердігер тарапынан кеткен қателіктер қайта қалпына келтірілуде. Оған бюджеттен шығын шыққан жоқ, барлығын мердігер өз мойнына алған. Келер жылы барлық мәселе шешімін табады деп ойлаймын.

«Спектр» газетінің тілшісі Дінмұхамед Бейсебаев:

«Спартак» футбол клубының жағдайы не болды екен. Қандай да бір шешім қабылданды ма?

— Біздің алдымызда ең алдымен  осы маусымды аяқтау міндеті тұрды. Жеңіл болмаса да аяқтап шықтық. Облыс деңгейінде екі клубты біріктіру туралы шешім қабылданғанын білесіздер. Семейде команда ұстап тұруға қала бюджетінің мүмкіндігі жоқ. Оған ең кемі 140 млн. теңге қаржы қажет. Ондай  қаражат бөлуге қала бюджетінің қауқары жетпейді. Бизнесмендер де мынадай күрделі кезеңде қол ұшын соза алмайды. Сондықтан, менің ойымша, облыста бір команда құрылып, футболдың тарихы мен дәстүріне сай, ортақ команда Семей қаласында құрылуы керек дегенді дұрыс шешім деп ойлаймын.

ШҚО Ақпарат орталығы :

— Семейде «Қазақстан-Семей» телеарнасының жабылатынын естіп, әріптестеріміздің жағдайына алаңдаудамыз. Аталмыш мәселе қандай жолмен шешімін таппақ?

— Бұл біздің шешім болған жоқ. Мемлекеттік арнаны ұстап тұру бізге қаржылық тұрғыдан ауыр болатынына қарамастан, өз қарауымызға алуға мәжбүр боламыз. Алдағы уақытта қалалық арна болып қалады деген жоспар бар. Басқаша атау берілуі де мүмкін. Шындығын айтуымыз керек, осы уақытқа дейін республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көлемін беруге мүмкіндігіміз болмайды. Нақты айтар болсақ, арнаға осы уақытқа дейін республикалық бюджеттен 92 млн. теңге, қалалық бюджеттен 30 млн. қаржы  бөлініп келсе, 16 млн. теңгені өздері тапқан. Енді  қаражатты өздігінен табуға басымдық беруіміз керек. Болашақта осы бағытта жұмыс жасайтын боламыз. Бүгінгі күні ұйымдастыру жұмыстары  жүргізілуде. Барлық қызметкерлерге аталған мәселе ескертілген. Әрине, 70 адамды ұстап тұру мүмкін болмайтын шығар, барлық жұмыс  орнын сақтап қалу бүгінгі заман жағдайына сай келмейді.

Асан МЫРЗАХАН,                                                                                                                                                              «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығы аталып өтті

21.11.2025
Семейде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығы аталып өтті

Семей қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) 20 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Оған орталықтың қызметкерлері мен ардагерлері, «Азаматтарға арналған...

Толығырақ...Details

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар басталды

21.11.2025
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар басталды

Өңірде адамның иммун тапшылығы вирусы(АИТВ) инфекциясының таралуына қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақты деңгейде сақталып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында...

Толығырақ...Details

Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

21.11.2025
Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні Абай облысында кең көлемде аталып өтті. Семейдегі Абай атындағы кітапханада ұйымдастырылған «Алтын...

Толығырақ...Details

Абай облысы қысқы кезеңге толық дайын: халық қауіпсіздігі басты назарда

21.11.2025
Абай облысы қысқы кезеңге толық дайын: халық қауіпсіздігі басты назарда

Ауа райының қолайсыздығына байланысты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және төтенше жағдайларға жол бермеу – қыстағы басты...

Толығырақ...Details

Биыл Семей қаласында 35 аула аумағы абаттандырылды

21.11.2025
Биыл Семей қаласында 35 аула аумағы абаттандырылды

Семей қаласында тұрғындар үшін қолайлы және қауіпсіз қоғамдық кеңістіктер қалыптастыру мақсатында абаттандыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Есепті кезеңде...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Заманауи әйел: қоғам және отбасы» форумы өтті

21.11.2025
Абай облысында «Заманауи әйел: қоғам және отбасы» форумы өтті

Еліміздегі әйелдердің рөлін талқылау және жүйелік мәселелерді шешу мақсатында Семейде әйелдер форумы өтті. Жиынға үш жүздей қыз-келіншек қатысты. Облыс халқының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығы аталып өтті

15 минут бұрын

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар басталды

19 минут бұрын

Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

28 минут бұрын

Абай облысы қысқы кезеңге толық дайын: халық қауіпсіздігі басты назарда

47 минут бұрын

Биыл Семей қаласында 35 аула аумағы абаттандырылды

54 минуты бұрын

Абай облысында «Заманауи әйел: қоғам және отбасы» форумы өтті

57 минут бұрын

Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады

1 час бұрын

25 жастағы қыз иен аралда тек егеуқұйрықпен қоректеніп, бір айда 14 келі салмақ тастаған

2 дня бұрын

Резервтік қызметке үш жылдық қабылдау ашылды

2 дня бұрын

Түркістан облысындағы өрт: Аман қалған үш адамның бірі есін жиды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС