"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

30.12.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Желтоқсанның 28-де, қалалық Мәдениет сарайында жастар форумы болып өтті. Шараны ұйымдастыруға қалалық ішкі саясат бөлімі, ШҚО-ның «Қазақстан студенттер льянсы» өкілдігі, «Қазақстан жастарын қолдау» облыстық жастар қоғамдық бірлестігі және «Жас Отан» жастар қанаты бастамашы болыпты. Форум Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға шаһар басшысы Ермак Сәлімов пен танымал жазушы, драматург, жерлесіміз Роллан Сейсенбаев қатысты.

Форумның мақсаты  өңірімізде жастар саясатын жүзеге асыруға атсалысып жүрген әр саланың үздіктерін анықтау болатын. Салтанатты басқосудың ашылуында көпшілік алдына шыққан қала әкімі Ермак Бидахметұлы елімізде жастардың болашағы үшін көптеген бастамалар іске асып жатқанын айта келе, тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін жаңа толқынды аянбай еңбек етуге шақырды.

— Құрметті жастар! Бүгін біз, жылдағы дәстүрге сай, жастар форумында кездесіп отырмыз. Баршаңызды осы жиынның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Елбасымыз биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жастарды білімді, еңбекқор, бастамашыл әрі белсенді болуға үндеді. Ел ертеңінің жарқын болуын қаласақ, сіздер, мемлекетіміздің жас тұрғындары, қажырлы еңбек етулеріңіз қажет. Бүгінде қазақ жастары ел Тәуелсіздігімен бірге есейіп келеді. Елбасының жаңа толқынға деген қамқорлығы айрықша екені белгілі. Қаламызда 100 мыңнан аса жас бар екен. Олардың дені ірі және шағын кәсіпорындар мен мекемелерде, денсаулық, білім, мәдениет, спорт пен құқық қорғау салаларында қызмет етуде. Сонымен қатар тең жартысы қаладағы жоғарғы және орта оқу орындарында білім кенін игеріп жатыр. Алдағы уақытта да  сіздерге қазақ елі үшін маңызды тапсырмалар жүктелетін болады. Сол сәтте мүдірмей, батыл шешім қабылдауға бүгіннен дағдыланғандарыңыз абзал. Қазіргі күні Тәуелсіз мемлекетімізде сіздердің мүмкіндіктеріңізді арттыру мақсатында барлық жағдай жан-жақты қарастырылған. Сол себепті ел үмітін абыроймен ақтауға бар күш-жігерлеріңізді салуға тырысыңыздар. Сіздерге зор денсаулық тілеймін. Келе жатқан Жаңа жыл мейрамы құт-берекелі болсын,- деді өз құттықтауында қала әкімі.

Сондай-ақ семейлік жастарға белгілі қоғам қайраткері, жазушы Роллан Сейсенбаев та өзінің ақ жарма тілегін арнады. Танымал драматург өз сөзінде жас буынға Семей Алаштың рухани астанасы екенін айта келе, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қадірлей білуге шақырды.

Форум барысында қала басшысы мен мәртебелі мейман шаһарымыздың қоғамдық және әлеуметтік өміріне белсенді араласып, ерекше көзге түскен бірқатар азаматтарды марапаттап өтті. Атап айтсақ, «Жас ерікті» аталымы бойынша қала әкімінің жүлдесі «Город F» порталының жетекшісі         Жасұлан Құрманғалиев пен жас суретші Мұхтар Сапаровқа бұйырды. Ал «Қазақстан-Семей» телеарнасының тілшісі Виктория Донковцева жылдың «Жас журналисі» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Бұдан бөлек «Жас кәсіпқой» аталымы бойынша  қаладағы облыстық Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы-драма театрының әртісі Әсел Нұрланова жеңімпаз атанды.

Ресми шаралардан соң салтанатты кеш мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Жақсылық СҮЛЕЙМЕН,

«Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 час бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

2 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

3 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

4 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

4 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

5 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС