"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Серік ЗАЙНУЛДИН: ЖОЛДАУ МІНДЕТТЕРІН ОРЫНДАУДА ҮРЖАРЛЫҚТАРДЫҢ ҮЛЕСІ ЗОР

30.12.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Үржар ауданына қарасты Ақжар ауылдық округінің Мәдениет үйінде Мемлекет басшысының 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басымдықтарын талқылау мақсатында аудан әкімі Серік Зайнулдиннің қатысуымен идеологиялық   актив жиналысы өткізілді. Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, аудандағы барлық мекемелер мен әкімдік бөлімдерінің басшылары, ауылдық округтер әкімдері қатысты.

Идеологиялық актив барысында алғашқы болып баяндама жасаған аудан әкімі Серік Зинабекұлы тарих қойнауында кетіп бара жатқан 2015 жылы аудан бойынша атқарылған ауқымды жұмыстар қатарына тоқталып өтіп, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер жайын кеңінен түсіндіріп өтті.

— Биылғы жылдың басты ерекшелігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 қарашадағы Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауының жариялануы болды. Ел дамуында елеулі маңызы бар стратегиялық құжатта Елбасымыз мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу мақсатында бізге әлі де талай күрделі де бұралаң жолдармен өтуге тура келетінін және экономикалық тұрғыда қиын кезеңге аяқ басқанымызды атап өтіп, оны еңсерудің бірқатар жолдарын нақты айқындап берді. Мемлекет басшысы сонымен қатар жаһанды жайлаған әлемдік дағдарыс жағдайында мемлекеттің бюджет саясатын оңтайландыру мәселесіне де тоқталып, алдағы уақытта республикамыздың сыртқы шығындарын азайту арқылы елдің әл-ауқатын көтеру тетіктеріне  ерекше мән берілетінін атап көрсетті. Тәуелсіздік алғаннан бері Елбасының тікелей қамқорлығының нәтижесінде елімізде 1300-ден астам денсаулық сақтау нысандары мен 1700-ден астам білім беру ошақтары ашылып, уақыт талабына сай халыққа қызмет көрсетуде. Осы ретте біздің ауданда да төрт денсаулық сақтау мекемесі, мектептер аяқталуға жақын қалып отыр. Бұл да ел жетістігінің айқын көрінісі. Жолдауда Елбасы біздің ендігі басты мақсатымыз 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру және сол арқылы «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру дей келе, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырып, бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі ұлттар да бар екенін атап көрсетті. Жолдауда Н.Ә.Назарбаев жақын арада бізге дағдарысқа қарсы және құрылымдық кешенді жаңғыртуларды жүзеге асыру қажеттігіне байланысты негізгі бес бағытқа тоқталды. Ендігі міндет — жұмыла еңбек ету, — деп атап өткен Серік Зинабекұлы Үржар ауданы бойынша Елбасы Жолдауынан туындаған нақты тапсырмаларды іс жүзіне асыру жолында айтарлықтай жұмыстар атқарылғанын айтып, жеке-жеке тоқталды.

Сондай-ақ аудан әкімі Серік Зайнулдин Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үнемдеуден түскен қаржыны тиімді пайдалану жоспарымен де бөлісті.

— Үржар ауылы аудан орталығы болғандықтан да, жол қозғалысы өте күрделі. Орталық Абылайхан даңғылымен жүру, жыл өткен сайын автокөлік санының артуы салдарынан қиындап барады. Сол себепті ағылған көліктердің легін азайту мақсатында Шошқалы өзенінен көпір саламыз. Үржар ауылындағы электрлі жылу қазандықтарын оңтайландырамыз және су мәселесін шешуде су құбырларын жаңалаймыз. Сонымен қатар Үржардағы балалар саябағын абаттандырамыз, Мақаншының орталығынан да саябақ салатын боламыз. Аудандағы жөндеуді қажет ететін барлық Мәдениет үйлеріне, мектептерге жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, ауыл әкімдерін кезең-кезеңімен автокөліктермен қамтамасыз ететін боламыз,- деді өз сөзінде аудан басшысы Серік Зинабекұлы.

Ағымдағы жылдың Үржар ауданы үшін толайым табысты жыл болғанын атап өткен аудан әкімі 2015 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жетістіктің жоғары екенін, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде өсу динамикасы сақталып, 19 облыстық қалалар мен аудандар арасында 4-ші орынан көрінгенін де айтып өтті.

— Бұл ауыл әкімдерінің, бөлім басшыларының, аудандық мәслихат депутаттарының, аудан халқының, кәсіпкерлердің еңбегінің арқасы. Аталған жұмыстардың барлығын Елбасының сарабдал саясатының шынайы жүзеге асырылуына аудан жұртшылығының қосып келе жатқан үлесі деп қабылдаған абзал. Елбасымыз өз Жолдауында: «Дағдарыстың бәрі өткінші, өтеді де, кетеді. Ел Тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі»,-деп атап көрсетті. Елбасы Жолдауы — «Мәңгілік Ел» идеясының ұлы құндылығына тура бастар жол. Осы құндылықтарға баратын «Нұрлы жолдағы» сапарларыңыз сәтті болсын деп, — аудан әкімі актив отырысына қатысушыларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар аудан кәсіпкері М.Ақпеков, Келдімұрат орта мектебінің директоры Ж.Жұмағұлов,   әлеуметтік қызметкер Ш.Тынышпаева, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген жас маман Я.Рахимовалар Елбасы Жолдауының арқасында жұмыстарының өрге жүзіп жатқандығын айтып, пікірлерімен бөлісті.

Актив отырысында аудандық «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесіне де кезек берілді. Алдымен Елбасы, «Нұр Отан» партиясы төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Ақжар ауылдық округінің әкімі Т.Шоманов алғыс хатпен, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы А. Абайбеков “Экономика мақтанышы” орденімен, ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Тұрлыбеков “Үздік адамдар” Құрмет белгісімен марапатталды.

Аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Баймұратов партияның 2015 жылғы атқарылған жұмыстары мен 2016 жылы атқарылуы тиіс алда тұрған міндеттері жайлы баяндама жасады. Сөз орайында айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының Үржар аудандық филиалы 27 бастауыш партия ұйымынан, 146 партиялық топтан тұрады. Ендігі аралықта Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда үржарлық партия мүшелері де биылғыдай белсенділік танытатын болады.

 

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Семейде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығы аталып өтті

21.11.2025
Семейде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығы аталып өтті

Семей қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) 20 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Оған орталықтың қызметкерлері мен ардагерлері, «Азаматтарға арналған...

Толығырақ...Details

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар басталды

21.11.2025
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар басталды

Өңірде адамның иммун тапшылығы вирусы(АИТВ) инфекциясының таралуына қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақты деңгейде сақталып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында...

Толығырақ...Details

Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

21.11.2025
Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні Абай облысында кең көлемде аталып өтті. Семейдегі Абай атындағы кітапханада ұйымдастырылған «Алтын...

Толығырақ...Details

Абай облысы қысқы кезеңге толық дайын: халық қауіпсіздігі басты назарда

21.11.2025
Абай облысы қысқы кезеңге толық дайын: халық қауіпсіздігі басты назарда

Ауа райының қолайсыздығына байланысты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және төтенше жағдайларға жол бермеу – қыстағы басты...

Толығырақ...Details

Биыл Семей қаласында 35 аула аумағы абаттандырылды

21.11.2025
Биыл Семей қаласында 35 аула аумағы абаттандырылды

Семей қаласында тұрғындар үшін қолайлы және қауіпсіз қоғамдық кеңістіктер қалыптастыру мақсатында абаттандыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Есепті кезеңде...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Заманауи әйел: қоғам және отбасы» форумы өтті

21.11.2025
Абай облысында «Заманауи әйел: қоғам және отбасы» форумы өтті

Еліміздегі әйелдердің рөлін талқылау және жүйелік мәселелерді шешу мақсатында Семейде әйелдер форумы өтті. Жиынға үш жүздей қыз-келіншек қатысты. Облыс халқының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығы аталып өтті

46 секунд бұрын

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар басталды

5 минут бұрын

Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

14 минут бұрын

Абай облысы қысқы кезеңге толық дайын: халық қауіпсіздігі басты назарда

33 минуты бұрын

Биыл Семей қаласында 35 аула аумағы абаттандырылды

39 минут бұрын

Абай облысында «Заманауи әйел: қоғам және отбасы» форумы өтті

43 минуты бұрын

Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады

47 минут бұрын

25 жастағы қыз иен аралда тек егеуқұйрықпен қоректеніп, бір айда 14 келі салмақ тастаған

2 дня бұрын

Резервтік қызметке үш жылдық қабылдау ашылды

2 дня бұрын

Түркістан облысындағы өрт: Аман қалған үш адамның бірі есін жиды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС