"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҒАЛЫМ, ТҰЛҒА, ҚАЙРАТКЕР

08.01.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жыл бастауы Семей қаласы үшін маңызды мәдени шарамен басталды. 5 қаңтар күні абайтану мектебінің негізін қалаушы, шәкәрімтанушы және мұхтартанушы, ғалым Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толды. Ғалымның ғасыр тойын айшықты түрде атап өту барысында аптаның сейсенбісінде шаһарда бірнеше мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Жыл бойына жалғасатын мерейтойлық шаралардың шымылдығы Семей шаһарындағы Қайым Мұхамедханұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мұнда алдымен ғалымның көзін көрген шәкірті, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов сөз алды.

— Қайым Мұхамедханұлы ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ ССР-і бірінші гимннің авторы болды. Ол Абайды, оның ақындық мектебін зерттеген біздің бірегей ғалымымыз. Қазақ текстологиясының негізін салған Алаш рухындағы ұлы тұлға. Ендеше, осындай еңбек жасап кеткен, бүгін ғасырға жасы толып отырған ұстазымыздың өзі арамызда болмаса да оның еңбегі сан ғасырларға ұласа бермек. Сондықтан Қайым күні, Қайым жылы, Қайым ғасыры құтты болсын, — деді Арап Еспенбетов.

Қаланың зиялы қауымы мен жастардың басын біріктірген мәдени шарада жанарында от жалындаған жас ақындар жалынды жырларынан шашу шашты. Одан кейін Қайым Мұхамедханұлының рухына тағызым етіп, ескерткіш басына гүл шоқтарын қойды.

Ғалымның 100 жылдығына арналған іс-шаралар топтамасы қаламыздағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханада жалғасын тауып, ғалымға арналған «Қайым Мұхамедханов – ғалым, тұлға, қайраткер» тақырыбында экспозициаланған кең көлемді көрменің ашылу салтанаты өтті.

Экспозицияда оның өмірі мен шығармашылығы туралы, ғалым еңбектері, Қайым Мұхамедханұлының зерттеу еңбектерінде қолданған Абай оқыған сирек басылымдар топтамасы, ғалымның 1937, 1943, 1946, 1949, 1959 жылдары «Екпінді», «Семей правдасы» газеттерінде жарияланған мақалалары, қолжазбалар қойылған. Сондай-ақ көрмеде жерлесіміз, өлкетанушы, суретшілер Одағының мүшесі, этнограф Оразымбай Бекбаевтың Қайым Мұхамедханұлына арналған граниттен, мрамордан, бронзодан жасаған шығармашылық жұмыстары қойылған. Айта кету керек, кітап көрмесі жыл соңына дейін жұмыс жасайтын болады.

Мәдени шаралар соңында «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» Қоғамдық Қорының құрастыруымен Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы аясында және Қайым Мұхамедханұлының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы қаласынан қазақ және орыс тілінде 1000 дана басылыммен жарық көрген «Қайым Мұхамедханов: хаттар сөйлейді» кітабы мен кітапхана сайтындағы «Ғалым, тұлға, қайраткер» тақырыбында ашылған виртуалды кітап көрмесінің тұсаукесерімен жалғасын тапты. Тұсаукесер барысында сөз алған ғалымның ұлы Дегдер Қайымұлы әке еңбегін жоғары бағалап, келешек ұрпаққа насихатталуына атсалысып жүрген жұртшылыққа өзінің алғысын білдірді.

— Әкемді еске алып, оның еңбектері мен мәдени мұрасын жоғары бағалағандарыңыз үшін баршаларыңызға үлкен алғысымды білдіремін. Бүгін таныстырылып отырған кітапқа көптеген баға жетпес қолжазбалар енігізіліп отыр. Алайда әкемнің саяи қуғын-сүргін жылдары көптеген жазбалардың жойылғанын айтып өкініп отырғаны есімде. Дегенмен алдағы уақыттары жоғалған құжаттарын да тауып, қалпына келтіреміз деп ойлаймын. Бұл әкемнің еңбектерін аша түсері анық, — деді Дегдар Қайымұлы.

Асан МЫРЗАХАН,                                                                                                                                                                                   «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Елдің даму бағытын қолдау және Президентке жоғары сенім — әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері

10.08.2026

Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентіне...

Толығырақ...Details

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

10.08.2026
Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

Семейде Абай күніне орай жаңа қоғамдық-мәдени кеңістік – Рәміздер алаңы пайдалануға берілді. Нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

10.08.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!   Баршаңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және ұлттық мәдениеттің асыл...

Толығырақ...Details

Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

10.08.2026
Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

10 тамызда Қазақстанда Абай күні аталып өтеді. Биыл қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, философы, композиторы және қоғам ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына...

Толығырақ...Details

eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды

10.08.2026
eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды

eGov Mobile мобильді қосымшасы мен Gov.kz порталында азаматтарға алдағы 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын...

Толығырақ...Details

Абай күнінде «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге келді

10.08.2026
Абай күнінде «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге келді

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай бастаған республикалық сайлауалды штаб мүшелері Абай облысына келді. Жұмыс бағдарламасы Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Елдің даму бағытын қолдау және Президентке жоғары сенім — әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері

17 часов бұрын

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

17 часов бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

21 час бұрын

Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

21 час бұрын

eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды

21 час бұрын

Абай күнінде «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге келді

21 час бұрын

«Алакөл толқыны» фестивалі әлемнің алты елінен бес мың қонақтың басын қосты

2 недели бұрын

Облыс әкімі Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

2 недели бұрын

Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

2 недели бұрын

Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС