"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ — ИСА МӘУЛІТІ

08.01.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше, қаңтардың 7-ші жұлдызында еліміздің православтық сенімдегі христиандары Иса мәуліті (рождество Христово) діни мерекесін атап өтті. Бұл күні таң алагеуімде қала жұртшылығы Воскресенск шіркеуіне жиналып, құдайға құлшылық ету рәсіміне қатысты. Дәстүрлі орыс православ шіркеуі бойынша ең ұлық мереке саналатын бұл мейрам күнтізбе бойынша да қызылмен белгіленген. Осы ретте атаулы күнге орай қала әкімі Ермак Сәлімов құлшылық үйінде ұйымдастырылған діни шараға келіп, жиналған көпшілікті ресми билік атынан арнайы құттықтады.

Ғибадатханадағы қауым алдында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов арнайы құттықтау тілек айтты. Өз сөзінде жұртшылыққа бақытты өмір, елімізге бейбітшілік пен өркендеу жолындағы жасампазжығы жалғасын тауып, ғасырлар бойы халықтың рухани тірегі болып келе жатқан православтық нанымның ел азаматтарының ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға қосқан үлесіне тоқталып өтті. Қоғамдағы сыйластық, түсіністік пен татулыққа тұтқа бола білген дәстүрлі конфессия елімізде маңызды идеологиялық мәнге ие. Бұл ретте Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқының бірлігін бекемдеу жолындағы саясатына ел православтары да елеулі түрде үлес қосып келеді. Осы тарапта ілтипатты пікір білдірген Ермак Бидахметұлы: — Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында ортақ шаңырағымыз – Отанымызда ұлтаралық, конфессияаралық келісімнің өзіндік озық үлгісі қалыптасты. Отбасы құндылықтарын сақтау, мемлекетке қызмет ету, өзара мейірімділік танытып, төзімділік пен сыйластықта болу сынды ізгі қасиеттер баға жетпес қазынамыз болып қалыптасты. Осы ретте еліміздегі азаматтық қоғамның нығаюына, ішкі татулық пен тұрақтылықтың арта түсуіне діни конфессиялардың да сіңірген рөлі аз емес. Әсіресе, орыс православ шіркеуінің өскелең буынды адамгершілікке, аға толқынға құрметпен қарап, тарихи-мәдени мұраларымызды қадірлеуге баулудағы үлесі еселі. Ал толеранттылық, конфессияаралық келісімді нығайту – біз үшін Елбасы атап көрсеткен «Нұрлы жол», 5 институционалдық реформа,ны жүзеге асыруға бағытталған Ұл жоспары — «100 нақты қадам» сынды жүзеге асыруға негіз бола алады, — деп атап өте келе, барша адамзатты мейірімділікке шақыратын осынау мерекемен құттықтады. Сондай-ақ Воскресенск шіркеуінің дінбасшысы Федор Проскуринге «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты танымдық энциклопедиялық жинақ кітабын естелік ретінде сыйға тартты.

Айта кетейік, бұл күні әлемдегі тәрізді еліміздегі миллиондаған православтықтар да Тәураттың екінші бөлімі – Жаңа өсиет жазбаларында айтылатын Тәңірінің рухани ұлы, назареттік Мәриямұлы Иса өмірге келген кездегі орын алған таңғажайып құбылыстарды, оның даңқты өмірбаянын еске алады. Осы ретте Воскресенск шіркеуінің настоятелі Федор Иса мәулітінің шынайы мазмұны жайлы айта келе, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың, Өскемен және Семей епархиясының епископы Амфилохийдың мерекелік құттықтау лебізін де жеткізді. Дін басы сондай-ақ шіркеуге жиналған мәсіхші қауым үшін айрықша мереке Иса мәулітімен құттықтап өтті.

Осылайша дін қызметкері бата беру рәсімін жасағаннан кейін, мерекелік құдайға құлшылық ету рәсімі басталып кетті.

Православтықтар ғибадаты негізінен Інжіл жазбаларына сәйкес, дұғаларды әндетіп қайталаумен, құдайға мадақ сөздер айтумен ерекшеленеді. Сондай-ақ, қасиетті Мәриям ана мен оның ұлына, киелі рух пен құдай жолында азап шеккен шіркеу әулиелерінің құрметіне орай шырақ жағу діни жоралғысы орындалады. Ал ғибадат үйіндегі құлшылық ету рәсімінен соң жалпы көпшілік үшін нағыз мереке басталады.

Сөз соңында айта кетейік, көп конфессиялы елімізде православтық христиандардың үлес салмағы Ислам дінін ұстанушылардан кейін екінші орында тұр екен. Бүгінде республика халқының 26 пайызы орыс және өзге де славян тектес халықтар үшін дәстүрлі саналатын осы конфессияны ұстанады. Яғни, Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын нықтап, мәдени-рухани тұрғыда дамуына, ішкі тұрақтылықтың нығаюына қазақ жерінде соңғы үш ғасырдан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан православие сенімінің де елеулі үлесі бар деген сөз.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

6 часов бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС