"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАПКЕР БИІГІ ШӘКІРТІМЕН БАҒАЛАЫ

24.01.2014
БАПКЕР БИІГІ ШӘКІРТІМЕН БАҒАЛАЫ
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биылғы жылы әлем елдері спортпен тыныстайды десек, артық болмас. Алда төрткүл дүние көз тіккен екі дүбірлі дода тұр. Алдымен Ресейде қысқы спорт түрлерінің төрт жылдықтағы ең басты аламаны — Сочи олимпиадасының алауы тұтанса, жазда жанкүйер қауым Бразилиядағы ала доптың додасына бәс тігеді.

 

Бразилияға біздің елдің аяқ допшылары бармайды. Бара қалған күннің өзінде жанкүйер қауым қатарында. Ал, Сочиден қазақстандықтардың күтері көп. Әсіресе, семейліктердің. Биылғы жылдың байрақты бәсекесіне біздің қаладан үш бірдей спортшы аттанады. Әлбетте, мақтанарлық мәртебе емес пе? Ақ олимпиадада Қазақстанның намысын қорғайтын биатлоншы қыз Галина Вишневская болса, шаңғымен «шаң қаптыратын» Виктория Ланчакова мен Ердос Ахмадиев.

 

{jcomments on}Бұйыртса, Қазақстанның көк байрағын біздің Ердос Ахмадиев алып жүреді. Басшылықтың шешімі осылай. Тәжірибесі қалыптасып, талай сыннан сүрінбей өткен Ердосқа аса жауапты міндет жүктеліп отыр. Білгенге байрақты алып жүру мақтан емес, жауапкершілік екендігін бағамдайтын болсақ, Ердостың жауапкершілігі екі есеге ұлғаятыны сөзсіз.

 

Уақытқа тоқтам бар ма. Олимпиада да алаулатып өтер. Жаңа рекордтар тіркеліп, жаңа есімдер жарыққа шығар. Әркімнің жүре-гінде әсер қалар. Сосын тарихқа жол тартады. Ал, осы Сочи олимпиадасының Қазақстан атты тарауында Ердостың да есімі айрықша аталып, тарихқа «ту ұстаған» тұлға болып енер.

Шаңғышының осы күнге, осы биік-ке немесе дәрежеге өзі немесе өздігінен жетпегені анық. Бақытына орай бапкер жолықты. Ол бапкердің есімі – Вячеслав Байәділов. Ердос 2002 жылы М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде оқуға түскеннен кейін шаңғымен  айналысуға бет бұрыпты. Бозбаланың бағына Вячеслав бапкер болып жолықты. Міне, осы кезден бастап шәкірт пен ұстаздың арасында жылы қарым – қатынас орнады. Ортақ мақсат «жеңіс» деген жігерлі ұғымға жетеледі.

Вячеслав Байәділовтің жаттықтырушы деген жауапты мамандықтың тізгінін қаққанына да  қырық үш жылдың жүзі болыпты. Жетпісінші жылдардың басынан осы күнге дейін  шаңғыға бейімі барлардан шәкірт тәрбиелеп келеді. Еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы деген атағын да алды. Алдынан талай шәкірт тәлім алып, түрлі жарыстарда бапкерінің мәртебесін өсірді. Әлбетте, бапкердің биігі оза шапқан шәкіртімен айқындалады. Бапкердің алдынан осы күнге дейін оншақты спорт шеберлері тәлім алды.

-2010 жылы Ванкуверде өткен ақ олимпиадада ту ұстап шыққан биатлоншы Диас Кенешов те менің шәкіртім. Төрт мәрте олимпиада жолдамасын алған Оксана Яцкаяның жеке бапкері Қаникамал Дүйсенова да біраз жылдар бұрын менен тәлім алған.  Қаникамалдың өзі де қазір ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы. Міне, Тәуелсіз Қазақстанның, оның ішінде Семейдің қысқы спорт түрінің менің өмірімде өлшеусіз ізі бар. Ал, Ердос болса, соңғы төрт жыл көлемінде Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында. Әлем чемпионаты мен әлем кубогына қатысты. Елішілік жарыстардан да ешқашан тыс қалған емес,  — дейді бапкер бізбен сұхбат барысында.

Вячеслав Байәділов Семейдің қысқы спорт түрінің тарихы тереңде, бай екендігін атап өтті. Кеңес Одағы тұсында атағы аспандап тұрған талай спорт саңлақтары биіктен көрінген. Ал, қазір алдыңғы толқынның ізін жалғастырушы талантты жастарға Семей толы екендігін де бапкер өй бөлісуде тілге тиек етті.

-Семей қаласынан үш бірдей спортшының ақ олимпиадаға қатысуы үлкен жетістік және нәтиже. Мұнда бапкерлердің біліктілігі мен спортшылардың маңдай терінің еш кетпегенін көруге болады, — дейді Вячеслав Байәділов.

Айта кету керек, Сочи олимпиадасы  ақпан айының 7-ші жұлдызында басталып, 29-на дейін жал-ғасатын болады. Қазақстан ұлттық құрамасы қатарында шамамен байрақты бәсекеге қырыққа жуық спортшы қатысады деп жоспарлап отыр.

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

18.06.2026
Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

Абай облысында әскери міндеттілерді кезекті әскери жиынға шақыру науқаны басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының қорғаныс...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

18.06.2026
Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

Абай облысында мамыр айы бойы «Таза Қазақстан – Таза су айдындары» республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде...

Толығырақ...Details

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

18.06.2026
Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

Цифрлық технологиялар дәуірінде ғылымды дамыту тек зерттеу жүргізумен ғана шектелмейді. Заманауи университеттер үшін ғылыми деректерді тиімді талдау, болашақтағы зерттеу бағыттарын...

Толығырақ...Details

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

16.06.2026
Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында азық-түлік өнімдерін белгіленбеген орындарда сату фактілері әлі де кездеседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қаласының...

Толығырақ...Details

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

16.06.2026
Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

Абай облысында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар деректерін міндетті түрде түгендеуден өткізуі қажет. Түгендеуден өтпеген азаматтар кезектен шығарылмайды, алайда тұрғын...

Толығырақ...Details

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15.06.2026
Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15 маусым – Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың туған күні. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отаны үшін отқа түсіп, ерлігімен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

8 часов бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

8 часов бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

8 часов бұрын

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

2 дня бұрын

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

2 дня бұрын

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

3 дня бұрын

Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді

3 дня бұрын

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

3 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

3 дня бұрын

Қайта жаңғыртылған екі теміржол вокзалы елімізде алғаш рет Абай облысында пайдалануға берілді

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС