"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАР ҚАЛАШЫҒЫ КӨЗ ҚУАНТАДЫ

22.01.2016
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

№ 4 нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатында дәстүрлі түрде «Ертегілер жиынтығы» атты қар қалашығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараның мақсаты қыс мез-гілінде мүмкіндігі шектеулі балалардың демалыс кезеңін ұйымдастыру әрі оларға эстетикалық тәрбие беру болып табылады.

Қар қалашығының ашылуына қалалық әкімдіктің өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, жергілікті тұрғындар мен оқушылардың ата-аналары қатысты. Аталмыш шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып, «Тәуелсіз Қазақстан – бақытты балалық шақ» атты тақырып аясында өткізілді.

— Елбасының балаларға, келешек ұрпаққа деген қамқорлығы ерекше екені мәлім. Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде жас ұрпақтың жарқын өмір сүруіне жан – жақты жағдай жасалып келеді. Биыл еліміздің егемендік алғанына 25 жыл. Сондықтан бүгінгі іс-шараны осы мерейлі мезетке арнауды жөн санадық. Айта кету керек, қар мүсіндерін шәкірттерге жасату арқылы оларды әсемдікке, сұлулыққа баулуды мақсат еттік, — дейді № 4 нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатының директоры Мұрат   Шақабаев.

Мектеп-интернаттың оқытушылары мен тәрбиеленушілері бірнеше мәрте «Ең үздік қар қалашығы» атты облыстық байқауда топ жарып, бас жүлдені иеленіпті. Үстіміздегі жылы да аталмыш сынға қатысқан интернат ұжымы жеңіс тұғырынан көрінуге үмітті. Қалашық аумағында 20-ға жуық түрлі мүсін тұрғызылыпты. Олардың биіктігі 1,7-ден бастап 3 метрге дейін жетеді. Қиял-ғажайып ертегі кейіпкерлерін қардан қалап жасаған оқушылардың бірі — Жас-тілек Ғарифолла.

— Қыс мезгілінің мен үшін орны бөлек. Бұл уақыт мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза әрі көңілдей аппақ қарымен көрікті болып келеді. Тек осы кезде ғана жаныма жақын спорт түрлерімен айналысудың сәті түседі. Атап айтқанда, достарыммен коньки теуіп, хоккей ойнағанды ұнатамын. Бұдан бөлек мектепте қардан мүсін жасаймыз. Қаладағы өзге де оқушыларды уақыттарын тиімді пайдаланып, осындай мүсіндерді жасауды үйренуге шақырамын, — дейді мектеп-интернаттың 8 сынып оқушысы Жастілек Ғарифолла.

Жақсылық

МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

5 часов бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС