ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2016 жылдың 26 қаңтарындағы № 02-05/190 нәтиже дәйектемелері негізінде, «Шығысэнерготрейд» ЖШС тарататын электр қуатының құны ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бұрынғы бағада есептелетін болады.
Айта кетейік, заңды тұлғалар үшін тариф бағасы қосымша құн салығын (ҚҚС) есептемегенде кВт*с 11,574 теңгені құраса, жеке тұлғаларға қосымша құн салығынсыз (ҚҚС) кВт*с 9,383 теңге көлемінде көрсетілген.
«СТ — ақпарат»