"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУҒАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ЖАСТАР ОРТАСЫНДА

02.02.2016
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қалалық Достық үйінде Ауған соғысына қатысқан ардагерлер шаһардағы жастар ұйымдары өкілдерімен кездесті. Шараның мақсаты  өскелең ұрпаққа аға буынның ерлікке толы өнегелі өмірін дәріптеу, олардың бойында отансүйгіштік қасиет қалыптастыру болатын.

Кездесуге интернационалист-жауынгерлер, қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Нұржан Есенжолов, қалалық мәслихаттың депутаты Ерлан Кеңесбаев және жастар ұйымдарының бірқатар белсенділері қатысты.

Ол күндер бүгінде тарихқа айналды. 1979-1989 жылдар аралығында Ауған жерінде тар жол тайғақ кешкен ардагерлер еркін сұхбат барысында жастарға бүгінгі бейбіт өмірдің қаншалықты қымбат екенін айтты. Бұған қоса кешегі жауынгерлер жиналған қауымға жаңадан жарық көрген естелік кітапты таныстырды. Бұл еңбекте 1979 — 1989 жылдарда Ауғанстан жерінде шейіт болған шығысқазақстандықтардың есімдері жинақталған екен. Аталмыш туынды облыстық және Семей Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің бастамашы болуымен жарыққа шығыпты.

— Биыл ел Тәуелсіздігіне 25 жыл. Осы кезеңде мемлекетіміз талай сындарлы сәттерді басынан өткерді. Алайда Елбасымыздың сарабдал саясаты мен қайраткерлігінің арқасында Қазақстан түрлі сындардан мүдірмей шыға білді. Ауған соғысы ардагерлері де еліміздің қарыштап дамуына өзіндік үлестерін қосуда. Бүгінде біздің кеңес қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып келеді. Өздеріңіз білетіндей, шаһардағы медицина университетіне қарсы интернационалист-жауынгерлерге арнал-ған ескерткіш тұрғызылған болатын. Қазір ол аумақ қалалықтардың жиі серуендеп демалатын сүйікті орындарының біріне айналды. Алайда біз оны соғыста қайсарлықпен қаза тапқан сарбаздарға тағзым етіп, оларға құрмет көрсету үшін орнатқан едік. Сондықтан да, құрметті жастар, «Жаным — арымның садағасы» деп, Отан үшін жанын құрбан еткен ағаларыңызды естен шығармаңыздар. Мына бейбіт күнді қадірлеп, қастерлей біліңіздер. Қару үні мүлдем естілмесін. Қай жерде жүрсек те, тілейтініміз бір – соғыс болмасын, — деді Ауған соғысының ардагері Серікбосын Бейсенбаев.

Сондай-ақ интернационалист — жауынгерлер шаһардың жас тұрғындарын өздерінің азаматтық құқығын пайдалана отыра алдағы сайлауға бір кісідей қатысуға шақырды. Өз кезегінде жастар бірлестіктерінің белсенділері көпті көрген аға буынға өздерін қызықтырған сауалдарын жолдап, өнегелі сұхбаттары үшін алғыстарын білдірді. Кездесу соңы шағын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Жақсылық СҮЛЕЙМЕН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

13 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

13 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

17 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС