"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ермак СӘЛІМОВ: ӘР МӘСЕЛЕГЕ НАҚТЫ ІСПЕН ЖАУАП БЕРЕМІЗ

12.02.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласына қарасты ауылдық округтерде есептік кездесулерін өткізген қала әкімі Ермак Сәлімов сейсенбі,  9 ақпан күні шаһардың сол жағалау тұрғындары алдында өткен жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Өткен жыл Семей қаласы үшін өзіндік жаңалыққа толы. Қай салада болмасын өсім, өркендеу, даму бар. Әсіресе игілікке жаратар инвестиция тартылып, бірқатар келісімдер, ке—ліссөздер жүргізілді. Шағын және орта бизнес негізінде жұмыс орындары ашылды. Ал ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 19 млрд. теңгеден асып жығылады.

Ермак Бидахметұлы өткен жылғы өңір бойынша әр саладағы өсім көрсеткіштеріне тоқталды. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімдерінің көлемі қолданыстағы бағамен 127 млрд. теңгені құраған. Өндіріс ошақтарында жұмыс істейтіндер санын 2,6 пайызға, орташа еңбекақыны  2,4 пайызға ұлғайту қамтамасыз етілген. Әлбетте, бұл шаһардағы кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеп тұрғанын айқындайды. Өңірде сүт өнімдерін өндіру, ет консервілеу, химия өнеркәсібі, түрлі – түсті металдар, жиһаз өндірісінің өркен жайып келе жатқанын ағаруға болады. Ал ауыл шаруашылығы саласында 19 млрд. теңгеден астам өнім өндірілген. Семей өңірінің аграрлық секторында ауыл шаруашылығы саласын көтеру, дамыту, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту және жұмыспен қамту, ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржылай қолдау бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Өсімдік шаруашылығында, атап айтқанда көктемгі суғару және жинау жұмыстарын жүргізу үшін минералды тыңайтқыштар мен тұқым сатып алу жұмыстарына 383,2 млн. теңге субсидия беріліпті.

Қазір икеміңе қарай инвестиция тартуды, тартып қана қоймай, оны жүзеге асыру міндетін Мемлекет басшысы мықтап тапсырғанын бәріміз білеміз. Тоғыз жолдың торабында тұрған Семей қаласы, әлбетте, алыс – беріс, барыс – келіске қолайлы. Географиялық тиімділігімізді пайдалана отырып  инвестордың игілігін қажетімізге жарату жағынан өткен жылы жоғары жетістікке жеттік деп ауыз толтырып айтуға болады.

— 2014 жылмен салыстырғанда меншік инвестициялар 2,6 млрд. теңгеге артық тартылған. Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауына сәйкес, «Нұрлы жол» бағдарламасымен қаладағы қазандықтарды және жылумен қамту желілерін қайта жаңғырту үшін Ұлттық қордан 3,129 млрд. теңге бөлінді. Аталған қомақты қаражат  4 қазандықты, жылу желілерімен бірге 4 орталық жылу пункттерін қайта қалпына кел-тіруге, сондай-ақ  Красина көшесі, 87 мекенжайындағы көп пәтерлі тұрғын үйдің жылу желілері құрылысына жұмсалды,- деген Ермак Бидахметұлы  бұл қала бойынша 20,5 шақырым жылу желілеріне реконструкция жүргізуге мүмкіндік бергенін айтты.

Мемлекет басшысының: «Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі»,- дегені есімізде. Қазір біздің шаһарда шағын және орта бизнеске деген құштарлық жақсы. Осы сала, әлбетте, ата кәсіпке айналуы тиіс. Семей қаласының негізгі әлеуеті саналатын саласына соңғы жылдары қолдау басым. Ермак Бидахметұлының айтуынша,  өткен жылы 244 жаңа заңды тұлға ұйымдары есебінен екі мыңнан астам жұмыс орындары ашыл- ған, сондай-ақ өткен жылы «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберінде 1,1 млрд. теңгені құрайтын несие беріліп, 39 кепілдік беру келісімшарттарына қол қойылған. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға жоғары. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде шағын және орта бизнеске бейімделген  кәсіпорындарда 40 жұмыс орны ашылды.

— Еуропалық қайта құру және даму банкінен 11 млрд. теңгеден астам қаражат алу мақсатында келісімшарт жасалды. Аталған қаражат есебінен қаланың коммуналдық желілері қайта қалпына келтіріліп, жаңғыртудан өткізіледі. Бұдан өзге аталмыш банкке қосымша тағы екі жоба ұсындық. Алғашқы жоба аясында қаладағы   автобус паркін жаңартуды жоспарлап отырмыз. Осылайша тозығы жеткен қоғамдық көліктерді жаңартуды қолға алу ойымызда бар. Екінші жоба       бойынша, қазір жағдайы жаман болмағанымен, келешекте жөндеуді қажет ететін ескі көпір мәселесі қа-растырылған. Біз осы жоба арқылы ескі көпірді қайта жаңғыртудан өткізуді көздеп отырмыз, — деді қала әкімі    Ермак Сәлімов.

Қала әкімі, өткен жылы жеткен жетістіктермен қатар, атқарылуы тиіс мәселелердің бар екенін да атап өтті. Сонымен қатар Ермак Бидахметұлы ағымдағы жыл да еліміз үшін елеулі, атаулы күндерге толы екенін жеткізді.

— Құрметті жерлестер, ағымдағы жыл еліміз үшін мерейлі жыл саналады. Біз биыл  Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы  мен Семей сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуы, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық, Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдық  мерейтойларын атап өтеміз. Бұл мерейлі даталарды атап өту татулығымызды, береке-бірлігіміз бен ынтымағымызды арттыра түседі деуге болады. Елбасы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты    ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында әлемдік дағдарыс кезінде экономикалық дамудың нақты тетіктерін көрсетіп берді. Осы ретте семейліктердің де өңіріміздің дамуына өз үлестерін қосатынына сенімдімін. Сондықтан жауапты жұмысты бірлесіп атқаруға шақырамын,- деп түйіндеді Ермак Бидахметұлы.

Есептік жиын соңында тұрғындардың көкейлерінде жүрген сауалдарын қоюына кезек берілді. Ермак Бидахметұлы алдымен қала әкімінің есептік кездесуі қарсаңында орнатылған арнайы жәшікке келіп түскен шаһар тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Мәселен, Глинка көшесі, 27 және Галетто көшесі, 26 мекенжайының тұрғындары ықшам аудандағы жылу трассаларының жөндеуден өткізілгеніне алғыстарын білдіре келе, ыстық су мәселесінің қашан шешілетінін сұрапты. Қала әкімі ықшам аудандағы 501-ші жылу пункті «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қайта жаңғыртудан өткізіліп жатқанын, сондықтан алдағы жылыту маусымында аталған мекенжайларда ыстық судың болатынын жеткізді. Сондай-ақ тозығы жеткен автобус аялдамаларын жөндеуге қатысты  өтініш – тілектер де болды. Ермак Бидахметұлы аялдамалардың жағдайы шынымен де назар аударарлық жағдайда екенін айтып, аялдамаларды жөндеуге, қалыпқа келтіруге бюджеттен әзірге 1,5 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылып отырғанын атап өтті. Қала тұрғындары жолдаған сауалдарының тағы бірінде жалпы қалада жылыту маусымы ойдағыдай жүргізіліп жатқанын жеткізіп, бірақ Байтұрсынов көшесі, 46 мекенжайында жылудың жөнді берілмей келе жатқанын тілге тиек етіпті. Аталмыш мәселе бойынша «Теплокоммунэнерго» МКК-нің техникалық директоры Николай      Ушаков аталмыш мекенжай бойынша ешқандай шағым түспегенін жеткізді. Қала басшысы туындаған келеңсіздікті нақты анықтауды тапсырды.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықтан өзге, шаһардың мәдени өміріне қатысты сауалдар да бар екен. Мәселен, Алаш қайраткері    Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын атап өтуде қалада қандай іс — шаралар жоспарланып отырғанын білгісі келетін қалалықтар да бар екен. Ермак Бидахметұлы Алаш қайраткерінің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетінін, осы ретте Семей қаласында да бірқатар шаралардың жоспарланып отырғанын айтты. Қала басшысы сонымен қатар Комсомол кентінде Әлихан Бөкейханов атында  көше барын, ағымдағы жылы сол көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін де жеткізді. Ермак Бидахметұлының айтуынша, бұл көшеге жаңа тас жол төселіп, жарықтандыру мен көгалдандыру жұмыстары да атқарылады екен. Бүгінгі күні көшенің жобалық-сметалық құжаттары әзір. Жұмыс күн жылысымен басталып кетпек.

Сонымен қатар кездесуде тұрғындар тарапынан жолданған сауалдар қатарында Комсомол кентіндегі жарық пен су мәселелері, сол сияқты Суық бастау кентіндегі Заезд Шульбинский көшесіндегі электр жарығы және сумен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Сондай –ақ қала тазалығы, қоғамдық көліктердің ерте тоқтап қалуы сынды мәселелер айтылды. Осы ретте сөз алған қала әкімі Ермак Сәлімов:

— Құрметті жерлестер, бірден айтайын, туындаған барлық мәселелерді бірден шешемін деп құрғақ уәде бере алмаймын. Алайда сауалдардың барлығына тиісті жауап беретін боламыз. Ол нақты жағдайға және бюджетке байланысты болатынын айтқым келеді. Әр меселеге нақты көзқараспен қараған жөн. Мәселен, алдағы уақытта Заезд Шульбинский көшесінің мәселесін шешу мақсатында бюджеттен қаражат қарастырылып отыр. Сол сияқты Комсомол кентін электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында да жұмыстар атқарылады. Ол үшін биылғы жылы жобалық – сметалық құжаттар әзірлейтін боламыз. Ал қалған барлық мәселелерді алдағы уақытта қарастырып, зерделейтін боламыз және өздеріңізге міндетті түрде хабарын береміз.

Кездесудің қорытындысы бойынша қаланың сол жағалау тұрғындары әкімнің жұмысын оң бағалап, бастамаларын қолдайтындықтарын жеткізді. Бастысы, әкім қала мәселелерімен таныс, демек, Ермак Бидахметұлының былтырғы жылғы жетістіктерді биылғы жылы еселей түсетініне сенім мол.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» өтті

21.05.2026
Абай облысында Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» өтті

18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне орай Абай облысының музейлерінде «Музей түні» мәдени шарасы өтті. Шара өңірдегі музейлерде бір мезетте...

Толығырақ...Details

Абай облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ ашылады

21.05.2026
Абай облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ ашылады

Semeytany.kz – Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құру бастамасы Үкімет тарапынан қолдау тапты. Бұл мәселе Үкімет отырысында қаралып, өңірдегі инвестициялық...

Толығырақ...Details

Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды

21.05.2026
Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды

Семей қаласында «Этносаралық саладағы медиация» тақырыбында облыстық оқыту семинар-тренингі басталды. Іс-шараны Абай облысының ішкі саясат басқармасы тапсырыспен «Интеллектуалды жастар қауымдастығы»...

Толығырақ...Details

Президент мәдениет және өнер саласы мамандарына алғыс білдірді

21.05.2026
Президент мәдениет және өнер саласы мамандарына алғыс білдірді

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. — Бұл — еліміз үшін мән-маңызы айрықша...

Толығырақ...Details

Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

21.05.2026
Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өңірде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Абай сөзі – әділдік темірқазығы» атты республикалық зияткерлік ойын өтті. Биыл...

Толығырақ...Details

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

21.05.2026
Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

19-20 мамыр күндері елордада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» өтті

3 дня бұрын

Абай облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ ашылады

3 дня бұрын

Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды

3 дня бұрын

Президент мәдениет және өнер саласы мамандарына алғыс білдірді

3 дня бұрын

Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

3 дня бұрын

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

3 дня бұрын

“AMANAT” партиясымен қолдауымен ашылған амбулаториялық пункт ел игілігіне қызмет етуде

3 дня бұрын

Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

5 дней бұрын

Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

5 дней бұрын

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС