"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЗІРЛІК ЖОҒАРЫ

16.02.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Табиғаттың ескертпей келетін тылсым құбылыстарының бірі – көктемгі қызыл су тасқыны. Бұл апаттың алдын алу шаралары әсіресе қыстың соңын ала қауырт жүргізілетіні белгілі. Дер кезінде қарекет жасау,  тұрғындар арасында сақтық шараларын жүргізу, азаматтық қорғанысты нығайту көктемгі су басу қаупін сейілтіп, адам және мүлік шығынына жол бермейді. Міне, осы тәрізді бірқатар мәселелер барысы жуырда Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс басшысы Марат Дәулетиннің айтуынша, қазіргі күні Ертіс өзеніндегі мұздың қалыңдығы 36 сантиметрді құрайды. Ал бүгінгі таңдағы түскен қардың көлемі жылдық нормадан аспайды. Яғни, осылардың барлығын есепке алғанда, алаңдауға негіз жоқ. Әйтсе де сақтық қашанда қажет. Бұл ретте көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары межеленген жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Қалалық әкімдік пен облыс әкімдігі тарапынан әлі толық бекітіле қоймағанмен, апаттың алдын алуға барлық алғышарттар бар. Жалпы, қазіргі күні күн жылып, қар көбесі сөгіле қойған жоқ. Әйтсе де семейлік төтеншеліктер биыл жылдағыдан ертерек кірісті.

Өткен жылы Ертіс өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, бірқатар елдімекенге қауіп туғызған болатын. Басқарма басшысы бұл жайына да тоқталып өтті. Биылғы жылы сақтық шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл ретте Шығыс кентінің Ертіс өзені жағалауына таяу орналасқан бірқатар көшелері тұрғындарына ескерту қағаздары тапсырылды. Арнайы қаражат бөлінген. Су жолын бөгеуге арналған құм толтырылған қаптар да даярланған. Іс-әрекет жоспары әзірленген. Сонымен қатар қала көшелерінен қар шығару жұмыстары да үздіксіз жүргізілуде. Қорыта айтқанда, барлық қатердің алдын алуға даярлық жоғары.

Осы ретте басқарма басшысы қала тұрғындарының кейбір ескерту жұмыстарына немқұрайлықпен қарайтынын, соның салдарынан өмірлеріне қауіп туатын жайттар да кездесетінін жеткізді. Мәселен, өткен жылы ыс тиіп уланған 120 жағдай болса, биыл жыл басынан бері 15 жағдай орын алған. Алайда жыл басталған осы бір айдан аса уақыт ішінде үш адам бақилық болыпты. Түтін ысына тұншыққан жанұялардың біріне төтеншелік қызметкерлер таңертеңгісін ғана үйлеріне барып ескерту жасап кеткен екен. Алайда ол нәтиже бермеген.

— Қаламызда 25 мыңнан аса пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй бар. Олардың барлығына жекелей есіктерін қағып ескертіп шығу мүмкін емес. Сол тәрізді қарлы боран туралы ескертуге қарамастан жолға шығып кетіп, бізді көмекке шақыратын жағдайлар да орын алады, — деді Марат Дәулетин өз сөзінде.

Жиын барысында БАҚ өкілдері тарапынан бірқатар сауалдар қойылып, тақырып аясында тұшымды жауаптар алынды.

Қ.ӘЛІМБЕК,

Семей қаласы.

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

12 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

12 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

16 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС