"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮНДЕМЕЙ-АҚ ҚОЮҒА ДАБОЛАР ЕДІ, БІРАҚ…

28.01.2014
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

…Иә,үндемей-ақ қоюға да болар еді, бірақ… Соңғы кездері орыс тілді  ақпарат құралдарында  өз  ағайындарымыздың тарапынан бірінен кейін бірін қарша боратып, біздің Семей  туралы үсті-үстіне, жоқтан бар жасап жарияланып жатқан мақалаларды оқып, бұдан әрі үнсіз қалуға азаматтық арым шыдамады. Егер биліктің сойылын соғып, ұпай жинау үшін жазып отыр деп ойласаңыздар, еріктеріңіз білсін…  Бірақ, менің өзім де биліктің өкілімін, төртінші биліктің. Оның үстіне қалалық мәслихаттың депутаттығына  бес рет қатарынан сайланған өкілетті биліктің өкілімін. Сондықтан, өз қаламның жанашыры ретінде,      Семейге қатысты айтылған кез келген сынды өзіме де қатысты айтылған сын деп қабылдаймын. Жоғарыда айтып отырған сын мақалалардың авторы Болат Темербаевпен жақсы таныс болмасам да, бір — екі рет кездесіп қалғанда сөйлескенім бар. Қалай сөйлестің дейсіздер ғой? Мен қазақша, ол орысша… Шынымды айтсам, орысша сөйлеген жастарға кешіріммен қарағаныммен, егде тартқан адамның өзіңмен өзге тілде сөйлесіп тұрғаны өте өрескел екен… Иттің мияулағанын, мысықтың үргенін, жылқының маңырағанын, я қораздың кісінегенін көргендеріңіз бар ма? Әйел дауысты ер адаммен сөйлескенде қандай сезімде боласыздар?  Ата жасына жеткенде ана тілінде сөйлей алмай, өзге тілде шүлдірлеп тұрған   адаммен сөйлесу де дәл сондай әсерде қалдырады екен. Мен  сондай сезімде болдым.

 

{jcomments on}

 

Абай атам өмір сүрген заманда да, одан бұрын да болған, қазір  де бар, қай заманда  жұқтырғанымыз белгісіз, әлі күнге емі табылмай келе  жатқан, ұлтымызға жабысқан (  қазаққа қанмен берілген  сырқат деушілерге қарсымын .авт.) «өзімізді –өзіміз аяқтан шалу» мен «арызқойлық» атты дауасыз дерттің емі табылар күн болар ма екен?

Құйрығы — шаян, басы — адам,

Байқамай сенбе, құрбыға.

Жылмыңы сыртта, іші арам,

Кез келер қайда сорлыға.

Осы  жолдарды жазған, өткен заманның биі,  аға сұлтаны болып өтпелі дүниедегі өз орнын сақтаған Құнанбайдың бел баласы,  әкеден асып туған  қазақтың Ұлы ақыны Абай білгенін, көргенін, өмірден түйгенін  жазып отыр: шаян құйрығымен шағады, құйрығын көтеріп      айбат шегеді. Бетпе-бет келуге дәрменсіз…

Қазақтың жырларында ғана емес, орыс-тың мысқылшысы Крыловта да шаян бар. Ол суға шортанды салып, шаянды жерге жібереді. Көктегісі — аққу. Тартатын жүктері — бір арба. Естеріңізге түсті ме:

Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн,

Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.

Тартады аққу көкке, шаян кейін,

Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.

Иван Андреевич Крыловтан  аударған -Ахмет Байтұрсынов. Біз шаян төңірегінде тақырып қозғап  кеттік… Оны дұрыс түсінерсіздер… Шаяндар тек бізде ғана емес, басқа халықтарда да болған және бар, ендеше, ұлттық дерт деп, өзімізді төмендете беруіміз артық болар…

Өткен жылы жазда аудандарды аралап, іс сапарда болғанымызда мына бір әңгімені естіп күлгенбіз… Қай бір күлкі дейсің, амалсыз күлкі ғой… Облысымыздағы арыз ең көп жазылатын бір ауданға жаңадан тағайындалған әкімді құттықтауға ауданның бетке ұстар белсенді бес ақсақалы барып, ақ батасын беріп, ақ жол тілепті. Дұрыс. Қазына қарияларымыздың өз жолын білгендігіне, ақ ниеттеріне сүйсініп тұрған әлгі жас басшыға жақсы тілегін жеткізіп болғаннан кейін, шығып бара жатып, қарттардың ішіндегі біреуі: «Саған дейін әкім болған … овтың да, … ннің де  үстінен жазғанбыз. Бүгін құттықтап келген соң сенің үстіңнен жазбайды деп ойлап қалма, сенің үстіңнен де жазылады» депті. Айтқандарындай-ақ, арада жарты жыл өткенде жаңағы әкімнің де үстінен арыз жазылып жатқан көрінеді…

Таяуда  «Нұр Отан» партиясының     Семей қалалық филиалында партияның Саяси Кеңес Бюросының кезекті отырысы өтті. Жиынға әкімдіктің бөлім басшылары, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, партияның  Бюро мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі тақырып  «Flash» және «Трибуна: Саясат Алаңы» басылымдарындағы Семей қаласы әкімдігінің жұмысына қатысты сын мақалаларда келтірілген фактілердің ақ-қарасын анықтауға арналды.

Бөке! Саяси Кеңес  Бюросының отырысына мақала авторы ретінде өзіңіз ресми түрде шақырылғаныңызбен, келмей қалдыңыз. «Нұр Отан» партиясы жайлы жазған бір мақалаңызда  қала басшысы «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының төрағасы ретінде қызметтік мәртебесін пайдаланып, партия жанындағы  жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің бұрынғы табанды мүшелерін таратып жіберіп, олардың орнына «қуыршақтарды» қойып қойған» делінсе, тағы бір мақалаңызда  өзіңізді  қоғамдық кеңестің бұрынғы табанды мүшелерінің бірі ретінде көрсетіп, ал, қоғамдық кеңестің қазіргі мүшелері мен «Нұр Отан» партиясының мүшелерін мазаққа айналдырып, оларға тіл тигізгенсіз. Жиналған көпшілік  «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Жігіт-баевадан өзін «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі ретінде көрсетіп жүрген журналист Болатбек Темербаевтің шынымен партия қатарында бар-жоқтығын анықтап айтып беруін сұрады. Гүлнар Талғатқызының айтуынша, Сіз  2009-2012 жылдары аралығында «Нұр Отан» партия- сы жанындағы жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің мүшесі болғансыз. Алайда ,бұл кеңестің құрамы белгілі бір уақытта ауысып тұратындықтан, 2013 жылдың 3 ақпанында  партия жанындағы қоғамдық кеңес құрамы қайта сайланған. Соған қарамастан,  әлі күнге дейін қай басылымға жазсаңыз  да өзіңізді «Нұр Отан» партиясының мүшесі етіп көрсететініңіз бізге түсініксіз.

Жиын барысында  сын мақалалардың бірқатарынан үзінділер келтіріліп, сол мәселелер бойынша арнайы мамандардың өз пікірлерін ашық айтуларына мүмкіндік берілді. Сіздің тағы бір мақалаңыз «МЭПС» МКК-ге бағытталыпты. Онда «Семейдің көп салалы кәсіпорны, негізгі қызметі көше бойын жарықтандыруға бағытталған МЭПС-ті асығыс саудаға шығарды» деп акция саудасы негізге алынған. Осы мәселе бойынша қалалық қаржы бөлімінің басшысы Роза Кәкімова сөз алып, жиынға қатысушыларды заңға сәйкес ақпараттардан кеңінен құлағдар етіп, мән-жайды соқырға таяқ ұстатқандай етіп түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, мақалада Суықбастау кентіндегі жоспарланған жұмыстарға өткізілген мемлекеттік тапсырысқа байланысты айтыла келіп, тағы да қалада атқарылып жатқан жұмыстар сынап-мінеп көрсетіледі. Бұл тақырып тұрғысында да мінберге шыққан мамандар тендердің өту барысы мен заңдылығын  айтып, Суықбастау кентіндегі жұмыстарға қатысты тендердің қалай өткені жайлы баяндалады. Мамандардың сөзіне сүйенсек, тендер  туралы Сіздің тарапыңыздан тағылған сын мүлде орынсыз.

Мақалада «небәрі 68 млн. теңге түскен күннің өзінде де тендерді неғұрлым жылдам өткізу арқылы «үлес» алып қалуға ниет етілгені» айтылады. «Мұның барлығы тып-тыныш күйде өтеді» делінген мақалада. Сіз, осы жолдарды жарыққа шығарар алдында жала жабудың Заңға қайшы екенін естен шығарып алған сияқтысыз.

Облыстық мәслихаттың депутаты,  жемқорлыққа қарсы кеңес мүшесі Ғаббас     Ибраев  әкімдіктің бөлімдері  баспа бетінде жария болған  жалаға  уақытында мән беру қажеттігіне тоқталды:

— Егер осындай орынсыз тағылған      айыптарға  дер кезінде тоқтау салынбаса,   қаралап  жазған адам әдепсіздікті жалғастыра береді. Сондықтан, негізсіз, жалған жалаға қарсы дереу  әрекет етіп, тойтарыс берілу  керек, — деді. Бұл пікірді жиналған қауымның барлығы қолдады.

Біздің газетіміздің 14 қаңтар күнгі №3 санында жарық көрген «Сын шын болсын…»  атты мақалада бұл жағдайлар   егжей- тегжейлі жазылғандықтан қай- талай бергеніміз артық болар. Ал 15 қаңтар күнгі «Flash» газетінде Семейдегі қоқыс тасу қызметі жайында «үлкен мәселе» көтеріпсіз.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару мәселесінде Қазақстан бойынша Семей алғашқылардың  қатарында,1998 жылы мемлекетік тапсырыс беру конкурсын өткізген қалалардың бірі болған. Сөз жоқ, көтерілген мәселе қала үшін аса қажетті қызмет түріне қатысты.Оның дұрыс –бұрыстығына, Заңның сақталуына       жауапты мамандар бар. Ешкімнің де бюджет қаржысын Заңды  бұзып, біреуге бұрып бермейтініне сенімдіміз. Ал Сіздің жарияланымдарыңызға қарағанда, Семейдің атқарушы билігі мен мемлекеттік мекемелердегі жауапты мамандары Заңды белден басып, бюджет қаржысымен ойларына келгенді істейтіндей …

22 қаңтар күнгі   «Ашық Алаң-Трибуна» газетінде жоғарыдағы Семейдің қоқыс жинау қызметі туралы мақалаңыз тағы көшіріліп басылыпты.  «Flash» газетінде жарық көрген мақалалардың «ашық алаңға » «атойлап» шығатынына үйреніп алғандықтан, оның үстіне «қоқыс жинау » Сіздің сүйікті ісіңіз екенін білгендіктен, таң қала қойған жоқпыз. Бізді таң қалдырғаны сол мақаланың жанында орналасқан «Позорное судилище» атты қысқа мақала. Өзіңіз шақырылғаныңызбен,  бетпе –бет келуге бетіңіз жоқ болған  сол «Нұр Отан» партиясының Саяси Кеңесі Бюросының отырысындағы  жағдайды         Б.Жунусов деген автор  майын тамыза: «Кипящая кровь местных коррупционеров, видимо давно требовала отмщения» деп суреттейді. Көпшіліктің айтуынша Б.Жунусов деген Болатбек Жүнісұлы  Темербаевтың бүркеншік аты. Егер сіз үшін шындық, әділдік қымбат болса, неге осы жазғандарыңызды сол шақырылған партия Кеңесі Бюросы мүшелерінің алдына келіп айтып бермедіңіз? Неге бүркеншік атпен емес, өз атыңызбен ашық жазбайсыз? Ал мақаланың соңында өзіңізге өзіңіз Семейде ғана емес, бүкіл Шығыс Қазақстандағы  «№1 жемқорлыққа қарсы күрескер» деген  атақ беріпсіз…

Айтпақшы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Семейдің өлкетану  мұражайында БАҚ өкілдерімен өткен кездесуінде, өзіңіз сұрақ қойдыңыз. Шынымды айтсам,  сұрағыңыз не туралы болғанын да ұқпадым, мен ғана емес сол жерде отырғандардың еш-қайсысы да ұқпаған сияқты. Жазып алғандарыңызды  денеңіз  «С» әріпіне ұқсап,  маңдайыңызды үстелге тірелгенше игені-ңізбен, дұрыстап оқып  бере алмаған сізді көріп аяп кеттім, Бөке… Үндемей-ақ отыра беру керек еді деп ойладым іштей…

Дегенмен, Бөке, Сізге бірнеше сұрағым бар: Бірінші  сұрағым- Сізді  қаламызға қатысты келеңсіз ақпараттармен кім қамтамасыз етеді? Өйткені, қалада өтіп жат-қан іс шаралардың бірінде де Сіз қараңызды көрсеткен емессіз. Екінші сұрағым -тапсырыспен жазылатын мақалаларыңыздың қаламақысының көлемі  қомақты  ма? Үшінші сұрағым— Сіз осы мақалаларыңызды, шынымен –ақ,  қалаға жаныңыз ашығаннан жазасыз ба, әлде … Бәлкім, басқа жұмыстың реті келмегендіктен, күн көрістің қамы үшін тарысы барлардың тауығы болып  жүрген  боларсыз? Жұмыс керек болса, маған келіңіз, бірақ талап біреу- РЕПЕРТУАРЫҢЫЗДЫ  ӨЗГЕРТУІҢІЗ ҚАЖЕТ! Абай атамыздың «Әннің де естісі бар, есері бар» деген сөзі бізде   қатты сақталатын қағида …

…Бөке! Өз елімізді мекендейтін  11 млн –нан енді асқан   қазақ   қыз- жігіттері ертеңімізді ойласақ,  бір-бірімізді тыңдап та, сыйлап та үйренуіміз керек деп ойлаймын. Мансабы бардың ісінен мін іздеп, байбалам салу да, қарапайым адамның  тым қарабайырлыққа ұрынғаны да  жараспайды. Бәлкім, айтыла-айтыла жауыр болып кеткен де болар, бірақ өзіме қатты ұнайтын,  халқымыздың бір даналық сөзі бар: «Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді»,- деген. Жүрекке иман тұрақтап, бір – біріміздің,  бірлігіміздің қадірін білсек, алмайтын асу жоқ… Дүниеде ақшаға да  сатып ала алмайтын құндылықтардың бар  екенін естен шығармағанымыз дұрыс қой…

Енді сөзіміздің басында айтып кеткен тіл мәселесіне қайта оралғым келіп отыр.   Елбасы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында:

«Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз- Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды.Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйтқысы ете білгеніміз жөн»деп  тіл мәртебесін асқақ  сезіммен тағы бір айтып өтті.

Шынымен–ақ, Мәңгілік еліміздегі айбынымыз, тілімізді жоғалтсақ, ұлтымызды  жоғалтқанымыз, ұлтымызды жоғалтсақ, ұлан-ғайыр мына жерден не пайда?

Сіздің ежелгі қазақ өркениетінің орталығы — Семей туралы  өзге тілде шығатын, көпшілікке аты онша таныс емес басылымдарда орысша  «бопсалап», тырнақ астынан кір іздеп, өз қаламызды жамандап жүргеніңіз  намысыма қатты тиді!!!  ҮНДЕМЕЙ-АҚ ҚОЮҒА ДА     БОЛАР ЕДІ, БІРАҚ… Тілімді  кесіп   тастай алмаймын ғой?!

Бөке! Қазақ пен Қазақ қазақша сөйлеспесе,  биологиялық жағынан Қазақ болғанымен, рухани тұрғыдан Қазақ болмаса, ол адамды «мәңгүрт» деп айтпасқа амалымыз жоқ.  Әрине, өз тілінде сөйлей алмайтындар мен қазақ тілін біле тұрып сөйлемейтіндер жайлы айтып отырмын. Орыс тілді ақпарат құралдарында жа-рияланған мақалаларыңыз бен бір -екі рет кездескенде, қазақша сұрақтарыма өзге тілде жауап бергеніңіз болмаса, кім екеніңізді де білмеймін. Сондықтан, Сізді   «Семей» баспасөз клубында күтемін, кездесіп, сөйлесейік, тек  100% ҚАЗАҚША!!!

Құрметпен,

Риза МОЛДАШЕВА.

Ұқсас жаңалықтар

Ақсуатта ауыл спортын дамытатын жаңа нысандар салынуда

24.11.2025
Ақсуатта ауыл спортын дамытатын жаңа нысандар салынуда

Semeytany.kz - Ақсуат ауданының Екпін және Ойшілік ауылдарында заманауи спорт модульдерінің құрылысы жүріп жатыр. Ауыл жастары үшін қолжетімді спорт инфрақұрылымын...

Толығырақ...Details

GGG – әлемдік бокс тізгінін ұстаған алғашқы қазақстандық

24.11.2025
GGG – әлемдік бокс тізгінін ұстаған алғашқы қазақстандық

Semeytany.kz – Қазақстанның даңқты боксшысы Геннадий (Gennadiy) Головкин Римде өткен World Boxing конгресінде ұйымның президенті болып сайланып, халықаралық спорт федерациясын...

Толығырақ...Details

Абай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері жоспардан бұрын қайтарылды

24.11.2025
Абай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері жоспардан бұрын қайтарылды

Semeytany.kz - Абай облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары биыл ерекше қарқынмен жүргізіліп, жылдық жоспар...

Толығырақ...Details

Барлық-Арасан ауылында заманауи фельдшерлік пункт ашылды

24.11.2025
Барлық-Арасан ауылында заманауи фельдшерлік пункт ашылды

Semeytany.kz - Мақаншы ауданының Барлық-Арасан ауылында жергілікті тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсететін жаңа медициналық-фельдшерлік пункт пайдалануға берілді. Ауылда 100-ден астам...

Толығырақ...Details

ҚАБАНБАЙТАНУШЫ ЗЕЙНОЛЛА СӘНІК

24.11.2025
ҚАБАНБАЙТАНУШЫ ЗЕЙНОЛЛА СӘНІК

Белгілі фольклортанушы, шежіреші, жазушы Зейнолла Cәнік пен оның ұстазы, шежіреші, өлкетанушы Бейсенғали Садыханұлының «Қаракерей Қабанбай батыр. Аңыз, зерттеу, қиссалар» (Алматы:...

Толығырақ...Details

Семейде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығы аталып өтті

21.11.2025
Семейде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығы аталып өтті

Семей қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) 20 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Оған орталықтың қызметкерлері мен ардагерлері, «Азаматтарға арналған...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ақсуатта ауыл спортын дамытатын жаңа нысандар салынуда

3 часа бұрын

GGG – әлемдік бокс тізгінін ұстаған алғашқы қазақстандық

5 часов бұрын

Абай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері жоспардан бұрын қайтарылды

5 часов бұрын

Барлық-Арасан ауылында заманауи фельдшерлік пункт ашылды

5 часов бұрын

ҚАБАНБАЙТАНУШЫ ЗЕЙНОЛЛА СӘНІК

5 часов бұрын

Семейде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығы аталып өтті

3 дня бұрын

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар басталды

3 дня бұрын

Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Абай облысы қысқы кезеңге толық дайын: халық қауіпсіздігі басты назарда

3 дня бұрын

Биыл Семей қаласында 35 аула аумағы абаттандырылды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС